• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Дзюдо

    Дзюдодан АЧ: Қазақстан құрамасы қола жүлдеге күш сынасады (ВИДЕО)

    Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатының бірінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасындағы төрт спортшы финалға шыға алмай, қола медаль үшін күш сынасатын болды.   Абиба Әбужақынова (48 кг), Нұрқанат Серікбаев (60 кг), 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев пен Жанарыс Рахметқали турнирдің жартылай финалында жеңілді. Енді олар Азия чемпиоантының қола жүлдесіне таласады. Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов ширек финалда жапониялық Тайки Накамурадан шидо саны ...

    Read More »

    Елімізде тұңғыш рет сурдо дзюдодан әлем чемпионаты өтеді

    12-14 сәуір аралығында елімізде тұңғыш рет сурдодзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Әлемдік дода Түркістан қаласында Қазақстан сурдодзюдо федерациясы мен Сурдлимпиада комитетінің ұйымдастыруымен жалауын көтереді. Сурдо дзюдо федерациясының хабарлауынша, оған 25 елден 200 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Елімізде алғаш рет жалпы сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаты өткізілейін деп отыр. Бұл — тарихи оқиға.  Ол біз үшін үлкен жауапкерлішік. Есту қабілеті ...

    Read More »

    «Grand Prix – 2024»: пара дзюдошы Ерғали Шәмей қола жүлдегер атанды

    Түркияның Анталья қаласында пара дзюдодан дәстүрлі халықаралық «Grand Prix – 2024» додасында Ерғали Шәмей қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Астана қаласының әкімдігі. Қазақстан пара дзюдо федерациясының хабарлауынша, Ерғали Шәмей 73 келіге дейінгі салмақта J1 санатында үздік үштікке ілікті. Ол – ел намысын қорғаған, пара дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі. Турнирге елімізден барлығы 17 спортшы қатысты.

    Read More »

    Нұрқанат Серікбаев — дзюдодан Grand Slam турнирінің жеңімпазы! (ВИДЕО)

    Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев дзюдодан Тблисиде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда ол Израиль спортшысы Ям Уолцакты жеңді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. 60 келіге дейінгі салмақта белдескен Нұрқанат Серікбаев жарыста бес рет татамиге шығып, бесеуін де жеңіспен аяқтады. Іріктеу кезеңінде ол Джохан Рожас (Колумбия), Иехонатан Векслер (Израиль) мен Дильшот Халматовтан (Украина) басым түсті. ...

    Read More »

    Астанада жаңа дзюдо орталығы ашылды

    Астананың жаңа «Нұра» ауданында Kodokan Spirit атты көп қызметті спорт кешенінің ашылу салтанаты болды. Бұқаралық  спортты дамыту және жас  ұрпақты саламатты өмір салтына баулу мақсатында елімізде екінші Kodokan Spirit көп қызметті спорт кешені іске қосылды. Бұған дейін алғашқы орталық 2021 жылы Орал қаласында ашылған болатын. Аумағы 1200 шаршы метр болатын ғимаратта бір мезетте 1000-ға жуық жас спортшылар дзюдомен айналыса алады. ...

    Read More »

    Астанада әлем чемпионы туралы фильм көрсетіледі (ВИДЕО)

    15 наурызда Астанада пара дзюдодан әлем чемпионы Ерғали Шамейдің өміріне негізделген қысқаметражды фильмнің тұсаукесері болады. Фильмнің аты «Үміт сәулесі» деп аталады. Бұл фильмді Kazakhcinema мен Dala Cinema компаниясының бірігіп түсірген.  Фильм тек спорттық жетістіктерге емес, сонымен қатар қоғамымыздың маңызды әлеуметтік мәселелеріне де назар аудартады. Кинематографтың бұл туындысы KISFF2023 кинофестивалінде беделді Special Mention Award номинациясымен марапатталып, әлеуметтік маңыздылығын халықаралық дәрежеде дәлелдеп ...

    Read More »

    Әбиба Абужақынова алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінде күміс жүлде иеленді

    Дзюдодан Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында өтіп жатқан «Үлкен дулыға» турнирінде ұлттық құраманың көшбасшысы Әбиба Абужақынова (-48 кг) екінші орынды иеленді. Ол финалда Сабина Гилиязовадан жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігнің Спортты дамыту дирекциясы. Осы салмақтағы қола жүлде Швецияның өкілі Тара Бабулфат пен түркиялық спортшы Тугче Бедерге бұйырды. Күндізгі сессияда Абужақынова ширек финалда Мария Селия ...

    Read More »

    Әбиба Абужақынова «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шықты

    Өзбекстанның Ташкент қаласында дзюдодан өтіп жатқан «Үлкен дулыға» турнирінде әйелдер құрама командасының көшбасшысы Әбиба Абужақынова  жартылай финалда Швецияның өкілі Тара Бабулфатты жеңіп, финалға шықты, деп хабарлады ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ол D тобында ешкімге дес бермеді. Түркіменстан, Израиль спортшысын, одан кейін ширек финалда АҚШ дзюдошысын жеңіп, ½ финалға жолдама алған болатын. Енді міне, жартылай финалда Скандинавия ...

    Read More »

    European Open: Қазақстан дзюдодан екі медаль жеңіп алды

    24-25 ақпан аралығында Польшаның астанасы – Варшава қаласында дзюдодан өткен ересектер арасындағы European Open турнирінде Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Аса ауыр салмақта (+78 кг) кадеттер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мадина Парагульгова қола жүлде үшін белдесуде Нидерланд спортшысы Свирс Полиеннен басым түсті. Бұл салмақта Мәдинадан Парагульговадан басқа Толқын ...

    Read More »

    Қазақ жаттықтырушылары ұлттық құрамаға неге кірмей келеді?

    Былтыр Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарында дзюдодан еліміздің татами шеберлері 1 күміс, 4 қола медаль алып берді. Оның үш қола жүлдесін дзюдодан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қален Қалиұлының шәкірттері Мағжан Шамшадин (60 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг) мен Нұрлыхан Шархан (100 кг) алған еді. Бірақ қызылордалық жаттықтырушының еңбегі бағаланбай келеді. Басшылар француздарды төрге шығарып, қазақ жаттықтырушылары Қален ...

    Read More »