• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Еске алу

    Қазақтан шыққан тұңғыш киномеханик Рәпия Халықованың құрметіне мұражай ашылды

    Жамбыл облысы Қордай ауданы Кенен ауылында қазақтан шыққан тұңғыш киномеханик, КСРО кинематографиясының үздігі, «Құрмет», «Октбярь революциясы» ордендерінің иегері, Қазақстанға еңбегі сіңген Мәдениет қызметкері, Жамбыл облысының құрметті киномеханигі Рәпия Халықованың құрметіне мұражай ашылды. Рәпия Халыққызы ашаршылықта дүниеге келіп, сұрапыл соғыс жылдарында өмірге қадам басып, мәдениет саласында 36 жыл еңбек еткен. Сол қызметі үшін КСРО кинематографиясының үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет ...

    Read More »

    Ауылын көріп, азаматын таны (ФОТО)

    Сонау 1986 жылдың 16-17 желтоқсан күндері алаңға шығып, бет қарыған сарышұнақ сара аязда ел тәуелсіздігі үшін жан беріп, жан алысқан Желтоқсан қанды көтерілісінің қаhармандарының қазақ тарихында алар орны айырықшы. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы аңсап келген тәуелсіздікті Желтоқсан батырлары жеңіп алып берді. Міне, сол қанды көтерілістен кейін желдей есіп 37 жыл да өте шықты. Кеше ғана жүрген өрімдей жастардың бүгін самайын ...

    Read More »

    Бұлай болмауы керек еді… — Серік Абдрахманов «Төрт ағайындының» бірі туралы

    Қоғам қайраткері Серік Абдрахманов жақында фәниден бақиға аттанған «Төрт ағайындының» бірі Еркін Ізбасардың қазасына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына және басқа да жақындарына көңіл айтты. Серік Абдрахманұлы Еркін Ізбасардың фәнидегі жақсы жағын еске алды. Ол марқұмды Желтоқсанның қаһарманына теңеп, оны ұлт намысын қорғаған азамат деп атады. 80-жылдардың ортасында, — деді ол, — Еркін Ізбасар Алматы зооветеринарлық институтының студенті бола жүріп, ...

    Read More »

    Түркістанда даңқты қолбасшыны еске алуға арналған турнир басталды

    Түркістан қаласындағы Olympic center спорт кешенінде Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Сабыр Рахымовты еске алуға арналған еркін күрестен және әйелдер күресінен XXVII халықаралық турнир басталды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін күрес додасына биыл еліміздің барлық өңірлерімен қатар көршілес Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен 24 команда, 454 балуан қатысып, боз кілем көркін қыздыруда. Тартысқа ...

    Read More »

    Қосшыда қазақтың атақты ерлі-зайыпты қайраткерлеріне көше берілді

    Ақмола облысының Қосшы қаласында қазақ боксының негізін қалаушылардың бірі Шоқыр Бөлтекұлы мен оның сүйікті жары, қазақтың тұңғыш балеринасы Нұрсұлу Тапаловаға көшенің аттары берілді. Шоқыр Бөлтекұлы 1916 жылы 29 қазанда Маңғыстау облысы, Жармыш ауылының маңында Сарқауақ деген жерде туған. Ол өткен ғасырдың 30-жылдардағы ашаршылық, аласапыран тұста Форт-Шевченко қаласындағы жетімдер үйінде оқып, орта мектепті бітірді. Ұлы Отан соғысына қатысып, 1944 жылы жарақаттанып ...

    Read More »

    Алматыда әріптестеріміз Амангелді Сейітхановты еске алды (ФОТО)

    Алматыда осымен екінші рет белгілі спорт комментаторы, ақын, сөз зергері Амангелді Сейітхановты еске алуға арналған шағын футболдан респубикалық турнир болып өтті. Бізде былтырғы өткен жарыстағыдай бір команда сайлап апарып аламан журналистер жарысына қосылған едік. «Спорт журналистері» деген атпен сынға шыққан менің командам тамаша ойын өрнегін көрсетіп, жарыс басталғаннан бастап көрерменді өзіне бірден баурап алды. Командамыздың құрылуына ұйытқы болып шапқылап, жас ...

    Read More »

    Біз көрген Бердіқұлов (Эссе)

    Бiз деп отырғанымыз — қазақ баспасөзiнiң ұстаханасы (Ж.Бейсенбайұлы) «Жас алашқа» сексенiншi жылдардың орта тұсында келiп, аты аңызға айналған бас редактордың тәрбиесiн аз ғана уақыт көрген, сол себептi «Әттең, Сейдахмет ағаның басқару мектебiнде тағы бiрер жыл болғанымызда ғой…» деп өкiнген, бүгiнде алпыстың қақпасын еркін ашқан орта буын. Бұл буын сәл кеш туғаны себептi «Шерханның шекпенiнен шықтық» деп мақтана алмайды. Бiз журналистикаға ...

    Read More »

    Астанада Халық батырына арналған конференция өтеді

    Астанада 3 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қостанай облысының әкімдігі, «Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы» ММ, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ ұйымдастыруымен Ұлт-азаттық көтерілісінің Бас сардары, Халық батыры Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай «Батырдың биік тұлғасы: тарихы, зерттелуі, ақиқаты» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Іч-с-шаралардың негізгі мақсаты: Жалпыұлттық тарихи сананы ...

    Read More »

    Астанада Халық батырына құрмет көрсетіледі

    Биыл Ұлт-азаттық көтерілісінің Бас сардары, Халық батыры Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл. Осыған орай  Астана қаласы әкімдігінің Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы 3 сәуірде сағат 18.00-де  «ДАЛА ДАУЫЛПАЗЫ» атты академиялық концерт ұсынады. Концертте симфониялық оркестр мен этно-фольклорлық ансамбль бірлесіп, алғаш рет синтезделген формада өнер көрсетеді. Бұл — Қазақстанда алғаш рет жасалып отырған экспериментті концерт. Халық батыры Амангелді Имановқа танымал композиторлар ...

    Read More »

    Өмірі өнегелі жан

     Ауыр атлетикадан қазақ жастары арасынан тұңғыш рет КСРО спорт шебері, Орта Азияның және Қазақстанның темір-жолшылар арасында КСРО чемпионы атанған арысымыз, ардагер спортшы, еліміздегі ауыр атлетика спортының кіндік атасы, батагөй ақсақалы Ізбасар Оразбақтың салауатты өмір салты туралы бір үзік сыр. Ауыр атлетиканың елдегі тарихы туралы сөз еткенде міндетті түрде  Ізбасар Оразбақұлы ағамызды еске аларымыз анық.  Ол 1941жылы 1 мамырда  Алматы облысы, ...

    Read More »