• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Сырт көз — сыншы

    Тимур Турлов Ресей командасы үшін жарысты Кипрге ауыстырды — гроссмейстер

    Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының әйелдер арасында өтіп жатқан Гран-при жарысына демеушілік жасап, Ресейдің командасы үшін турнирді Польшадан Кипрге ауыстырды деген дерек шықты. Бұл туралы Данияның гроссмейстері Петер Хейне айтты. Турнир Ресейдің шахматшылары үшін Польшадан Кипрге ауысты. Егержарыс Польшада болса, Ресей өкілдері қатыса алмайтын еді. Турнирдің басты демеушісі – Тимур Турлов. ОғанУкраинада санкция жарияланған. Сол себепті ...

    Read More »

    Жеңіл салмақтағы боксшыларға үміт артамын – Кәрімжан Абдрахманов

    Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионаты қыза түсуде. Бүгін – әлемдік доданың төртінші күні. Әзірге боксшыларымыздан Сағындық Тоғамбай (80 кг), Санатәлі Төлтаев (63,5 кг), Айбек Оралбай (92 кг) 1/32 финалдағы алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жетсе, Талғат Сырымбетов (60 кг) екінші кездесуінде қарсыласынан есе жіберуге мәжбүр болды. Бүгін 1/16 финалда Санатәлі Төлтаев 63,5 кг салмақта Маврикийдің өкілі Ришарно ...

    Read More »

    Қырғыз балуаны Тыныбекова Азия чемпионатына оныншы рет қатысып жатыр

    Астана қаласында 11-12 сәуір күндері ересектер арасында әйелдер күресінен Азия чемпионаты басталады. Бұл жарысқа тәжірибелі балуан Айсулу Тыныбекова (62 кг) да қатысып жүлде алсам дейді. Ол құрлық додасында тоғыз мәрте бақ сынап, бәрінен жүлде алған екен. Сонымен қатар ол екі мәрте әлем чемпионы, жазғы Азия ойындарының чемпионы атаныпты. Енді Айсулуға тек жазғы Олимпиялық ойындарның алтын жүлдесі ғана жетпей тұр. 29 ...

    Read More »

    Білім мен спорт — егіз ұғым

    Жаңа ғасыр асуында Жаңа Қазақстанды құру үшін ең алдымен білімде саналы ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Өз ұлтына құрметпен қарап, ұлттық салт-дәстүрімізге асқан сүйіспеншілікпен қарайтын өскелең ұрпақ — қазақ халқының кемел келешегі. Өйткені, жастар біздің болашағымыз, қазақ елінің келер күнгі үміті, сенімі. Ал, сол қазақ елін әлемге танытар ақылды, парасатты, мәдениетті жас ұрпақтың тәрбиесі ең алдымен мектеп қабырғасынан басталады. Хакім Абайдың 32 ...

    Read More »

    Ресей 2018 жылы әлем чемпионатындағы ойындарды сатып алды – Канчельскис

    Ресей құрама командасы мен Англияның «Манчестер юнайтед» және «Эвертон» клубтарының бұрынғы ойыншысы Андрей Канчельскис 2018 жылы Ресей әлем чемпионатындағы ойындарды сатып алғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Ресейдің БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты. Сұхбатта Канчельскис Ресей ұлттық құрамасының қазіргі жағдайы, команданың бас жаттықтырушысы Станислав Черчесов туралы сыни пікірлер айтып, Ресей футболының сыйбайлас жемқорлықтың кесірінен жылдан жылға құрдымға кетіп бара жатқанын жеткізді. ...

    Read More »

    Аргентина халқы Мессидің ел президенті болғанын қалайды

    Аргентиналық атақты футболшы Лионель Месси өзін кезекті сайлау кезінде президент орынтағына ұсынар болса, оны ел тұрғындарының 43,7 пайызы қолдар еді. Бұл туралы MSN хабарлады. Бұдан бірер күн бұрын Giacobbe & Asociados ұйымы жүргізген әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы осындай нәтиже көрсеткен. Сонымен бірге француздың «Пари Сен-Жермен» клубының форвардын Аргентина президенті ретінде қабылдай алмайтын отандастарының саны 37,8 пайыз болған. Тағы 17,5 пайыздық қауым ...

    Read More »

    «Низкий поступок», «колхозный вариант». Илья Ильин мен федерация өкілі тілшінің намысына тиген

    «Хабар 24» телеарнасының тілшісі Аслан Қаженовті белгілі ауыр атлет Илья Ильин мен жеңіл атлетика федерациясының өкілі кемсіте сөйлеген. Бұл туралы halyq-uni.kz хабарлады. Түрім колхозға ұқсап тұр ма? Неге үнемі өзге ұлт өкілдерінен осындай балағат естиміз? Бір емес, екі емес… Ана жолы Илья Ильин «низкий поступок жасадың» деп еді, енді Павел Кукин «колхозной вариантсың» дейді. Бұның шегі бар ма өзі?! — деп ...

    Read More »

    Енді бір гол салсам, иығымнан ауыр жүк түседі – Эльдор Шомуродов

    Ташкент қаласының «Пахтакор» стадионында футболдан Өзбекстан мен Қазақстан құрама командалары халықаралық жолдастық кездесу өткізіп, матчтың алаң иелерінің жеңісімен аяқталғаны белгілі. Осы матч туралы Өзбекстанның Sport.uz сайты небәрі бес сөйлемнен ғана тұратын хабар берді. «Сайыста біздің өкілдеріміз қарсыластарын 2:0 есебімен жеңді. Алдымен, 11-минутта Ходжимат Эркинов матчтағы есепті ашты. 45-минутта Эльдор Шомуродов екінші голды соқты», – деп жазады сайт. Одан кейін шағын ...

    Read More »

    Қазақ спортының тарихшысы

    Жақында белгілі қаламгер, спорт тарихшысы Қыдырбек Рысбек «Қазақтың 72 бапкері» мен «Саңлақ» деген кітаптарын шығарып, оқырман қауымды қуантты. Қыдырбек ағаны қазақтың қалың оқырманы өткен ғасырдың 80-жылдарынан жақсы біледі. Ол кісі қазақ спорт журналистикасының көшбасшысы Сейдахмет Бердіқұлов басқарған «Лениншіл жас» газетінде қарымды қаламгер Несіп Жүнісбайұлымен бірге спорт тақырыбында қалам тартты. Сол кезден бері ол еліміздің барлық жаттықтырушыларымен, спортшыларымен, спорт мамандарымен, басшыларымен, ...

    Read More »

    Елдің ісі – ердің қолында

    Кеңес Одағының еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО  әуе күштері әскерінің үш дүркін абсолютті чемпионы, ережесіз жекпе-жектен тоғыз дүркін Әлем чемпионы, КСРО мен Қазақстанда  кикбоксинг пен ушу-саньданың іргетасын қалаушы, Дүниежүзілік «Жекпе-жек» қауымдастығының президенті Сабыржан Ғалымжанұлы Махмет туралы бір үзік сыр. «Бірақ, ұлтшыл болу – өзге ұлттарды басыну деген сөз емес. Ұлтшыл адам ғана, өз ...

    Read More »