• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазанама

    Атақты футболшы Франц Беккенбауэр қайтыс болды (ВИДЕО)

    Германияның атақты футболшысы әрі жаттықтырушы, әлем чемпионы, үздік футболшыға берілетін «Алтын доп» сыйлығын екі рет алған  Франц Беккенбауэр 79 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Беккенбауэрдің денсаулығының нашарлап кеткені туралы ақпарат былтыр жазда шыға бастаған. Қолда бар мәліметке қарағанда, 2015 жылы Стефан деген ұлы қайтыс болғаннан кейін экс-футболшының денсаулығы нашарлап, жүрегіне операция жасатқан. Одан кейін көз инфарктісі болып, Паркинсон ауруы мен ...

    Read More »

    Джанлука Виалли қайтыс болды

    Бүгін футболдан Италия құрама командасының бұрынғы ойыншысы Джанлука Виалли қайтыс болды. Ол 2017 жылдан бері қатерлі ісікпен ауырды. Виалли 1964 жылы 9 шілдеде Кремона қаласында туған. Осы қаланың «Кремонезе» клубында ойнап, әрі қарай «Сампдория», «Ювентус», Англияның «Челси» командасында өнер көрсеткен. Футболшы ретінде карьерасын аяқтаған соң жаттықтырушы болып жұмыс істеді. Былтыр желтоқсан айында жаман аурумен күресу үшін Италия құрамасы делегациясының басшысы ...

    Read More »

    Өмірден кім өткенін білесіз бе?

    29 желтоқсан. Бразилия. Сан-Паулу қаласы. Футболдан әлемнің үш дүркін чемпионы, Бразилия құрама командасының бұрынғы даңқты шабуылшысы Пеле ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды. Адамзаттың теңдессіз футболшысы Пеле он жылға жуық уақыттан бері тоқ ішектің обыр ауруымен ауырды. Бірнеше рет отаға да түсті. Ол биылғы қазан айының 23-і күні 82 жасқа толып еді. Пеле (шын аты-жөні – Эдсон Арантес ду Насименту) 1940 ...

    Read More »

    Тоқаев Бразилия президентіне көңіл айтты

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі футболшы Пеленің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты футболшы, үш дүркін әлем чемпионы Пеленің қайтыс болуына байланысты Бразилия президенті Жаир Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы футбол тарихындағы ұлы спортшылардың бірі ретінде оның футболды бүкіл әлемге танытуға зор үлес қосқанын атап өтті. Президенттің айтуынша, Пеле әрқашан футболға деген адалдықтың символы әрі жанкүйерлердің сүйікті ...

    Read More »

    Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы көз жұмды

    Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, баскетболдан аты аңызға айналған КСРО ұлттық құрамасының мүшесі Әлжан Жармұхамедов өмірден өтті. Бұл туралы ЦСКА баскетбол клубының ресми сайтында жарияланды. ЦСКА мен ұлттық құраманың тамаша ойыншысы Әлжан Жармұхамедов дүниеден өтті. Аты аңызға айналған «Түркістан жыланы» 78 жаста еді, — делінген хабарламада. Әлжан Мүсірбекұлы Жармұхамедов – қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, 9 дүркін КСРО чемпионы (1970-1978 ...

    Read More »

    Қазақтан шыққан алғашқы киномеханик ана өмірден өтті

    Қазақ киноматогафиясы мен Орталық Азия аймағы бойынша алғашқы киномеханик қазақ әйелі, КСРО киноматография саласының үздік қызметкері, Құрмет және Октябрь Революциясы ордендерінің иегері, Жамбыл және Қордай аудандарының құрметті азаматы Рәпия Халыққызы Халықова анамыз бақилық дүниеге жол тартты. Халықтың, туған елінің ыстық ықыласымен кино қою саласында өлшеусіз еңбек еткен ұлы ананың ұлы жүрегі 2021 жылғы 25 мамыр күні тоқтап, мәңгілік сапарға аттанды. Рәпия ...

    Read More »

    Бекзат болмыс

    Қазақ журналистикасы ауыр қазаға ұшырады. Жақында әріптес ағамыз, белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай фәни дүниеден бақиға аттанып кетті. Бұл қазаны қолына қалам мен микрофон ұстаған барлық журналистер ауыр қабылдады. Өйткені, Дүрәлі аға жаны жайсаң, адамгершілігі мол, көркем мінезді, ақжарқын, ақкөңіл, кеңпейілді адам еді. Мен де басқа әріптестерім сияқты әуелі қайғыға біраз уақыт сенбей жүрдім. 22 наурызда маған жайсыз хабарды әкем мен ...

    Read More »

    Оңласын атбегі өмірден озды

    Жетісу өңіріне атбегілік өнерімен танымал болған Оңласын қария   фәниден бақиға аттанды, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Саналы ғұмырын асыл тұқымды жылқы бағумен өткізген тәжірибелі атбегі, кәнігі шабандоз туралы кеңінен сөз қозғауды алдағы күндердің еншісіне қалдырдық. Ал,  Жетісу өңіріне есімі мәшһүр Əбіқай Жапаров, Нəркен Қалыбеков сынды атақты атбегілерден тәлім алған Оңласын ақсақалдың өнегелі өмірі ықшамдай айтқанда төмендегідей өріледі. Оңласын  САТЫБАЛДЫҰЛЫ – ...

    Read More »

    Әріптесімізге көңіл айтамыз

    Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығы мен sportpress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайты редакциясының ұжымы әріптесіміз, белгілі спорт журналисі Нұрғазы Сасаевқа және оның туған-туыстары мен жақындарына бауырлары Нұрдәулет Жаппарұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қазаға ортақтасып, көңіл айтады.  

    Read More »

    Үлкен жүректі азамат еді

    Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығы мен sportpress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайты редакциясының ұжымы әріптесіміз, белгілі журналист, «Алматы» телеарнасының қызметкері Мақсат Слямбековтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

    Read More »