• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Теңге ілуден ІІ Азия кубогына жеті елдің спортшылары қатысады

     Ұлттық спорт қауымдастығының Теңге ілу федерациясы 6-7 сәуір аралығында Шымкент қаласындағы Орталық ипподромда ІІ Азия кубогын өткізеді, деп хабарлады Теңге ілу федерациясы. Азия кубогына теңге ілуден Қазақстан құрамасынан басқа, алты мемлекеттің спортшылары қатысады. Атап айтқанда, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Моңғолия, Тәжікстан елдерінен келген 50-ге жуық спортшы теңге ілудің үш стилі бойынша бақ сынайды. Теңге ілу федерациясының президенті Амангелді Әбдіқадыровтың айтуынша, ...

    Read More »

    «Ұлы жібек жолы» турнирі: Қазақстан үш алтын медаль алды

    Бокстан Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан «Ұлы жібек жолы» турнирінде Қазақстан құрамасы үш алтын медальді жеңіп алды. 60 келі салмақ дәрежесінде Талғат Сырымбетов финалда шаршы алаң иесі Азрак Бабировты жеңді. Қазақ боксшысы қарсыласынан үш раундта айқын басымдылық танытты. Ол бірінші раундта-ақ қарсыласына еш мүмкіндік бермей, ұпай санын жинап отырды. Ал үшінші раундта әзербайжан боксшы «бесінші» бұрышты іздеп, жұдырықтасудан қалды. Жекпе-жектің соңында төрешілердің ...

    Read More »

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Майамиде өтетін «Мастерс» финалында жеңіске жетеді деп күтілуде

    Рыбакина мен Алькарастың беделді «мыңдықтағы» шайқасы. Olimpbet коэффициенттері. Елена Рыбакина (Қазақстан) – Виктория Азаренко (Беларусь). 29 наурыз 00:00 (Астана уақыты бойынша). Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакинаның өткен жылғы Майамидегі нәтижесін қайталауына бір-ақ қадам қалды. Енді ол финалға жеткізер ұпайларын қорғауда, ол үшін 28 позициядағы Беларусь өкілінен өтуі керек. Қазақстандықтың бұл «Мастерстегі» аяқалысы ширек финалдық кездесуге дейін алаңдатып келді. Елена барлық ...

    Read More »

    Министр Бокс федерациясының басшысына тапсырма берді

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліппен кездесіп, Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік лицензиялық турнирдің қорытындысы мен алдағы уақытта болатын жарыстарды, өңірлерде боксты дамытудың жаңа бағыттарын талқылады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Өздеріңіз білесіздер, Италиядағы турнирде бокстан ерлер құрамасы тәуір нәтиже көрсетіп, бес салмақ дәрежесі бойынша Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Тек бір ғана салмақта ...

    Read More »

    Зарина Дияс екі жыл үзілістен кейін кортқа қайта шығады

    Теннисші Зарина Дияс Жапонияда өтетін W50 KASHIWA KASHIWA OPEN турниріне қатысады. Бұл турнир Заринаның жарақатына байланысты екі жылға созылған үзілістен кейінгі алғашқы додасы. Ол содан кейін 12-13 сәуірде осы елде Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде Жапониямен қарсы Қазақстан құрамасы сапында ойнайды. Кезінде әлемдік рейтингіде 31-орынға дейін көтерілген Зарина Дияс теннистегі ең үлкен табысына Жапонияда жеткен. Ол 2017 жылы Токио ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаева Swiss Queens Wednesday турнирінің жеңімпазы атанды

    Блиц-шахматтан екі дүркін (2021, 2022) әлем чемпионы Бибісара Асаубаева онлайн түрде өткен Swiss Queens Wednesday турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Ол 11 турдың нәтижесі бойынша 10 рет қарсыластарын жеңіп, бір рет тең түсіп, топ жарды.  Сөйтіп, ол 10,5 ұпай (300 доллар) ұпай жинады. Екінші орынды 8,5 ұпай (250 доллар) алған серб Теодора Иняц, үшінші және төртінші ...

    Read More »

    Асық пен ашык: Әзербайжан Көшпенділер ойындарына қатысады

    Асық ату федерациясының делагациясы Әзербайдан Республикасының астанасы – Баку қаламсына барып, осы елдің Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Кездесуге «Спорт жұлдыздары» журналының бас редакторы, Асық ату федерациясының бас хатшысы Мұсағали Тасқалиев пен «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының атқарушы директоры Болатбек Сағымбаев, Әзербайжан жағынан Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Казим Гурбанов, ұйымның вице-президенті Самир Абдуллаев пен бас хатшысы Сеймур Гурбанов қатысты. ...

    Read More »

    Олимпиаданың іріктеу турниріне қатысатын боксшы анықталады

    Қазақстан бокс федерациясы биыл Францияның Париж қаласында өтетін жазғы Олимпиадының іріктеу ойындарына 63,5 кг салмақ дәрежесінде қатысатын боксшыны анықтау үшін бірнеше үміткер арасында спарринг өткізетін болып шешті. Бұл жекпе-жектер Астана қаласында болады. Оған Мұхамедсабыр Базарбайұлы, Ертуған Зейнуллинов, Серік Теміржанов, Дулат Бекбауов, Жандос Қыдыралиев пен Төрехан Сабырхан қатысады. Олимпиадаға іріктеу турнирі 8-10 сәуір аралығында Таиландтың астанасы — Банкок қаласында болады. Салмақ ...

    Read More »

    Пара таеквондодан ӘЧ: Қазақстан үш медаль жеңіп алды

    Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығының хабарлауынша, Қырғызстанның Бішкек қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында өтіп жатқан таеквондодан әлем чемпионатында Диас Рысбеков 54 келіге дейінгі  салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды. Сонымен бірге  58 келіге дейінгі салмақта Аян Абдраш күміс жүлдені, Мәди Сейсенбаев осы салмақта қола медальді иеленді. ...

    Read More »

    Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты (ВИДЕО)

    Еліміздің бірінші және әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами штатында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Қазақстанның көшбасшы теннисшісі ширек финалда әлемнің 9-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен сынға түсті. Қарсыластар осыған дейін өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде Рыбакина жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда Елена Рыбакина 4:2 есебімен алға шыққанымен, Мария Саккари ...

    Read More »