• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Рыбакина жаңа жылды жеңіспен бастады

    Теннисші Елена Рыбакина биылғы жылды жеңіспен бастады. Ол Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан Brisbane International WTA 500 турнирінде жарысты екінші айналымнан бастап, корт иесі Оливия Гадекиді жеңді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Бірінші партияда Рыбакина брейк жасап,  6:4 есебімен аяқтаса, екінші сетте қарсыласынан 6:1 есебімен айласын асырды. Бұл матч бір сағаттан астам уақытқа созылды. Осы уақытта Рыбакина 4 эйс жасап, ...

    Read More »

    Боксшылар «Странджа» турниріне қатысады (ВИДЕО)

    2-12 ақпан аралығында Болгарияның астанасы-  Софияда бокстан дәстүрлі «Странджа» турнирі өтеді. Оған Қазақстан құрамасы да қатысады. Биыл бұл турнир осымен 75 рет жалауын көтереді. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов турнирге қатысатын былғары қолғап шеберлерінің тізімін атады. Олардың арасында жақында Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу үшін әскер қатарына алынған 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қолғап түйістіріп жүрген әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да ...

    Read More »

    Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташтағы» айлығын айтты

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов  Түркияның «Бешикташ» клубындағы жалақысын айтты. Түркиялық клуб басқа да легионерлерінің айлығын жариялады. Footbal Critix мәліметіне қарағанда, Зайнутдинов жылына 1,2 млн еуро табыс табады. Бахтиер Зайнутдинов пен «Бешикташ» арасындағы келісімшарт 2027 жылға дейін жасалған. Бұл клубта ең көп жалақыны Камерунның шабуылшы Винсен Абубакар алады. Ол жылына 3 млн еуродан астам табыс табады. ...

    Read More »

    Олимпиадаға қай өңірден дзюдошы баруы мүмкін?

    Биыл 27 шілде мен 11 тамыз аралығында Францияның Париж қаласында төрт жылда бір өтетін жазғы Олимпиялық ойындар боалды. Оған жолдама алған дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысады. Бүгін біз осы дүрмекті додаға еліміздің қай өңірінен дзюдошы қатысуы мүмкін деген сұраққа жауап іздеп көрдік. Ерлер, -60 кг (рейтинг): 10 орын: Мағжан Шамшадин (Қызылорда обл.); 19 орын: Нұрқанат Серікбаев (Жамбыл обл.); 30 ...

    Read More »

    Біріккен күрес одағының рейтингінде қазақ балуандары көш бастады

    Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан мен әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенова Біріккен әлемдік күрес одағының (United World Wrestling – UWW) рейтингінде көш бастады. Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақта бірінші орынға шықса, Жәмила Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Жәмила да еркін күрестен әлем чемпионатында үш рет медалист болған тұңғыш қазақ қызы. Ал Ризабек ...

    Read More »

     «Канелоны» бір раундта үш рет құлатуға болады – Жәнібек Әлімханұлы (ВИДЕО)

    Кәсіпқой бокстан WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Qazaqstan телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында атақты мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жекке шықса, бір раундта үш рет құлата алатынын айтып қалды. Біз алғаш рет АҚШ-қа 2018 жылы барып, келісімшарт жасастық. Біз алдымызға айқын мақсат қойдық. Біздің басты мақсатымыз әлем чемпионы болу еді. Сол мақсатқа ...

    Read More »

    Қазақтан шыққан тұңғыш киномеханик Рәпия Халықованың құрметіне мұражай ашылды

    Жамбыл облысы Қордай ауданы Кенен ауылында қазақтан шыққан тұңғыш киномеханик, КСРО кинематографиясының үздігі, «Құрмет», «Октбярь революциясы» ордендерінің иегері, Қазақстанға еңбегі сіңген Мәдениет қызметкері, Жамбыл облысының құрметті киномеханигі Рәпия Халықованың құрметіне мұражай ашылды. Рәпия Халыққызы ашаршылықта дүниеге келіп, сұрапыл соғыс жылдарында өмірге қадам басып, мәдениет саласында 36 жыл еңбек еткен. Сол қызметі үшін КСРО кинематографиясының үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет ...

    Read More »

    Шахматтан ӘЧ: Магнус Карлсен мен Анастасия Боднарук рапидтен әлем чемпионы атанды

    Өзбекстанның Самарқан қаласында өтіп жатқан рапид пен блиц шахматтан әлем чемпионаты бел ортасына жетті. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, кеше ерлер арасында 13, ал әйелдер арасында 11 турға созылған рапидтен жүлдегерлер анықталды. Ерлер арасында Свен Магнус Карлсен 10 ұпай жинап, тағы ешкімге дес берген жоқ. Норвегиялық гроссмейстер былтыр Алматыда қос алтын медальді жеңіп алған болатын. Алдағы күндері ...

    Read More »

    Астанадан Бурабайға қарай жаңа жылдық пойыз шықты (ВИДЕО)

    Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астанадан Бурабайға дейінгі арнайы брендтелген электр пойызы жолға шықты. Бұл –Туризм және спорт министрлігі Kazakh Tourism ұлттық компаниясы мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бірлескен жобасы, деп хабарлады ведомство. Арнайы пойыздың құрамы жолаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлау үшін іші де, сырты да жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген. Вагон жолсеріктері бір уақыт Аяз ата мен Ақшақар кейпіне еніп, жолаушыларды ...

    Read More »

    Ризабек Айтмұхан «Жыл үздігі» атанды

    Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан ASSYLTAS қоғамдық қорының ұйымдастырумен өткен «Жыл үздігі» конкурсында жеңімпаз атағын жеңіп алды. Ол  ASSYLTAS стипендиясының иегері атанып,  1,5миллион теңге ақшалай сыйақымен марапатталды. Бұл стипендияны екі жыл қатарынан балуандар алып отыр. Былтыр әйелдер күресінің балуаны Жамила Бақбергенова алған болатын. Ризабек Айтмұханға келсек, ол жақында 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік» атты спортшыларды салтанатты марапаттау іс-шарасында ...

    Read More »