• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Астанаға мың бұралған гимнастшылар келе жатыр

    22-25 наурыз аралығында Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде көркем гимнастикадан ALEM CUP халықаралық турнирі болады, деп хабарлады Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы. Оған 2008-2010 жылдары дүниеге келген және одан кіші санаттағы спортшылар қатысады. Сондай-ақ жарысқа қатысушылар топтық жаттығуларда да бақ сынайтын болады. Турнир Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) көркем гимнастика бойынша 2022-2024 жылдары қолданыстағы ережелеріне сәйкес өткізіледі. Астана ...

    Read More »

    Зайнутдинов пен Айымбетов ұлттық құрама сапына қосылды (ВИДЕО)

    Футболдан Қазақстан құрамасының Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына Түркиядан Бахтиер Зайнутдинов пен Абат Айымбетов келіп, команда сапына қосылды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады. Бахтиер Зайнутдинов Ыстанбұлдың «Бешикташ» клубынан,  ал Абат Айымбетов Адана қаласының «Адана Демирспор» командасынан келді. Кім келгенін қарасаңыздаршы. Баха мен Абат қосылды. Ертең Нұралыны күтеміз, – делінген хабарламада. Қазір Қазақстан құрамасы Дубайда 8 ...

    Read More »

    Дипломаттар жалғызбасты аналарға қолдау көрсетті (ФОТО)

    Астанада Қазақстан дипломаттары бірлестігі Наурыз мейрамының онкүндігі аясында «Ана үйінде» тұратын аналар мен балаларға арналған қайырымдылық акция өткізді. «Ана үйі» укіметтік емес ұйымы осыдан 11 жыл бұрын еліміздің түкпір-түкпірінде қиын өмірлік жағдайға тап болған жас аналарға қолдау көрсету мақсатында ашылған. Ол ашылған кезден бері  әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және жыл сайын балалар үйіне түсетін балалардың санын азайту мақсатында жұмыс істеп келеді. Қазірде ...

    Read More »

    Көркем гимнастшылар Грекияда үш алтын медаль жеңіп алды

    Грекияның Афины қаласында көркем гимнастикадан дәстүрлі «Афродита» кубогы үшін турнирде Ерік Жайлауова, Айбота Ертайқызы мен Милана Парфилова Грекияда өткен халықаралық турнирде 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Telegtam-дағы tvalmaty арнасы. Милана Парфилова ұршық жаттығуында қола, лентамен жаттығуда күміс,  Айбота Ертайқызы таспамен және  ұршықпен жаттығуда алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, Айботаның еншісінде доп жаттығуынан қола медаль бар. ...

    Read More »

    Асық спорты халықаралық федерациясы құрылды

    Көшпенділердің Асық спорты халықаралық федерациясы құрылды. Ассоциация түріндегі заңды тұлғалар бірлестігінің президенті болып Парламент Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясы фракциясының мүшесі Олжас Құспеков сайланды. Көшпенділердің Асық спорты халықаралық федерациясы мүшелігіне Қазақстан, Түркия, Румыния, Моңғолия, Саха Республикасы (Ресей Федерациясы) мен Қырғызстанның ұйымдары өтінім тапсырған. Биыл Мажарстан, Өзбекстан, Қытай Халық Республикасы мен Испанияның спорт ұйымдарын федерацияның қатарына қосу жоспарлануда. Respublica партиясының кеңсесінде Көшпенділердің ...

    Read More »

    Рыбакина ұлттық құраманың қатарына алынбады

    Теннистен еліміздің ұлттық құрама командасының жаттықтырушылар штабы Билли Джин Кинг кубогы матчына қатысатын құраманы жарияланды, деп хабарлады https://t.me/RRaketkasi. Қазақстан әйелдер құрамасы 12-13 сәуірде Токио қаласында өтетін  Билли Джин Кинг кубогының іріктеу сатысында Жапония командасымен ойнайды. Құрамаға Юлия Путинцева, Зарина Диас, Анна Данилина, Жібек Құламбаева мен Аружан Сағындықова шақырылды. Зарина Диас көптен бері теннис додаларына қатыспады. Жапониямен матч Ariake Coliseum аренасының ...

    Read More »

    Қазақстан каратэшілері Түркияда бес жүлде алды

    Түркияның Анталья қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы Karate1 Premier League — Antalya 2024 турнирі аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Оған 60 елден үздік 400-ге жуық татами шебері қатысса, соның ішінде дүниежүзі рейтингінде әр салмақтың үздік 32 (ТОП-32) спортшысы бақ сынады. Елімізден 14 каратэші күш сынасты. Кумите бағдарламасында 50 келіге дейінгі салмақта қатысқан Мөлдір Жаңбырбай финалдағы ...

    Read More »

    Боксшылар Бранко Пешич мемориалында үздік атанды

    Сербияның астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті. Қазақстан боксшылары 4 алтын мен 4 күміс медаль алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Қазақстанның 8 боксшысы финалда жұдырықтасқан. Олардың төртеуі жеңіп, төртеуі қарсыластарына жол берді. Belgrade winner турнирінде Ернұр Қайрат (48 кг), Санжар Тәшкенбай (51 кг), Дәулет Молдашев (54 кг), Диас Молжігітов (75 кг) ...

    Read More »

    Жетісу кубогын «Манас» командасы жеңіп алды

    Талдықорғанда бильярдтан ардагерлер арасында «Жетусу кубогы» III халықаралық жарысы аяқталды. Кубокты Қырғызстанның Бішкек қаласының «Манас» командасы жеңіп алды. Екінші орынды Шымкенттің «Тұран» клубы иеленсе, қола медальге  Астана қаласының  «Ауыл Ұландары» ұжымы ие болды. Былтыр «Отбасы және Ардагерлер арасында спортты қолдау қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай өткен «Нағыз ардагерлер» халықаралық жарысында «Манас» командасы екінші орынды иеленсе, Шымкенттің «Тұран» клубы турнирдің жеңімпазы атанған ...

    Read More »

    Таеквондошы Абабакиров Олимпиада лицензиясын алды

    Таеквондошы Самирхон Абабакиров (58 кг) Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды. Жартылай финалда ол Филиппин өкілі Курт Бриан Барбосаны айқын басымдықпен жеңді. Ұлттық құраманың спортшысы екі раундта ірі есеппен жеңіске жетті. Есеп – 2:0. Оған дейін Самирхон Абабакиров Нұрхан Самидиновты (Қырғызстан), одан кейін Танакрит Йодракты (Таиланд) жеңген болатын. Бұл — таеквондодан ұлттық құраманың Париж ...

    Read More »