• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Тұңғыш қазақ қызы Эверестке шығуға дайындалып жатыр

    Kazakh Everest Team қазақстандық спорттық-патриоттық экспедициясы планетадағы ең биік шың – Эвереске шығатыны туралы жариялады. Экспедицияның мақсаты – Эверестте Қазақстанның Мемлекеттік Туын көтеру, негізгі міндеттер – альпинизм және тау туризмі саласындағы әлемнің жетекші державаларының бірі ретінде еліміздің имиджін нығайту, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу үшін заманауи үлгі болу, сондай-ақ қазақстандық спорт пен туризмді дамытуға назар аудару және инвестициялар тарту. Экспедицияның идеялық шабыттандырушысы ...

    Read More »

    Елімізде 15 мың жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істеп жатыр

    Туризм және спорт министрлігі елімізде жұмыс істеп жатқан дене шынықтыру қызметкері мен жаттықтырушы-оқытушылардың санын жариялады. Ведомствоның хабарлауынша, дене шынықтыру және спорт сабақтарын 67 755 штаттық қызметкер өткізеді. Бұл – 2022 жылмен салыстырғанда 1 433 адамға көп. Ауылдық жерлерде 31 329 дене шынықтыру қызметкері жұмыс істейді. Былтыр 29 796 адам тіркелген. Бұған дейінгі есепті кезеңдегі деректерге сәйкес, кей өңірлерде штаттық қызметкерлердің көбейгені байқалады. Дене ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: Қазақстан ауыр атлеттері Әлем кубогына қатысып жатыр

    Таиландтың Пхукет қаласында ауыр атлетикадан Әлем кубогы үшін лицензиялық жарыс басталды. Оған Қазақстан құрамасы да қатысып жатыр. Кеше помостқа ұлттық құрама сапынан Ерназ Алпысов (55 кг) шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ол жұлқа көтеруде бір мүмкіндігін, ал серпе көтеруде екі мүмкіндігін тиімді пайдалана алмады. Ерназ Алпысов 237 кг нәтижемен (жұлқа – 107 кг, серпе – ...

    Read More »

    Елімізде футболдан алғаш рет Әйелдер лигасы басталады

    Биыл елімізде футболдан алғаш рет Әйелдер лигасы басталады. Жақында Qazaqstan Football League-сының ұйымдастыруымен  QFL Әйелдер лигасы мен QFL Әйелдер кубогы турнирінің жалауы көтеріледі, деп хабарлады Qazaqstan Football League. Жарысқа еліміздің төрт өңірінен «БИІК-Шымкент», «Ордабасы», «Ақтөбе», «Оқжетпес», «Томирис-Тұран» клубтары қатысады. Футбол додасының жеребе тарту рәсімі бүгін, 2 сәуірде, Астана қаласында түскі 15:00-де (тікелей эфирді QFL.KZ сайты, QFL TV YouTube арнасы және ...

    Read More »

    Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасына жаңа бас жаттықтырушы келді

    Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы болып Елдос Сайдалин тағайындалды, деп хабарлады Olympic.kz. Елдос Сайдалин бұл қызметте Шәміл Сафиуллинді алмастырды. Сафиуллин 2021 жылдан бүгінге дейін бас құраманы жаттықтырып келді. Ол еңбек жолын 16 жыл бұрын Қарағандыдағы спорт мектебінде жаттықтырушылықтан бастаған. 2020 жылдан бері Қазақстан жасөспірім қыздар және жастар құрамасын жаттықтырып келді. Оның жетекшілігімен Қазақстан командасы 2021 жылғы әлем чемпионатында 2 күміс, ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: Бокс федерациясы сыйақыны тағайындады

    Қазақстан бокс федерациясы Париж Олимпиадасына жолдама алған боксшылар мен олардың жаттықтырушыларына арнап, ауызашар ұйымдастырды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Осы жиында федерация президенті Шахмұрат Мүтәліп Олимпиадада чемпион атанған боксшы мен жүлдегерге және олардың жаттықтырушыларына берілетін сыйақынының көлемін жариялады. Ол Қазақстан бокс федерациясы тарапынан Олимпиада чемпионына 220 000 АҚШ доллары, күміс жүлдегерге 120 000 доллар, қола медалиске70 000 доллар, төртінші орын алған ...

    Read More »

    Премьер-лига: «Елімай» сенсация жасады

    Күні кеше футболдан Қазақстан премьер лигасының үшінші турының ойындары болды. Бір айға жуық үзілістен кейін 12 команда өзара бақ сынап, мықтыны анықтады. Айта кету керек «Қайсар» клубы «Ақсу» командасының чемпионаттан шектетілгеніне байланысты демалыс алды. Тартысқа толы өткен бұл турда 10 гол соғылып, төрешілер тарапынан 36 сары қағаз бен 2 қызыл қағаз көрсетіліп, жалпы саны 22 400 көрермен тамашалаған. Қысқаша ойындарға ...

    Read More »

    Рыбакина әлемде ең көп эйс жасаған теннисші атанды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина осы маусымдағы эйс саны бойынша көш бастады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Теннисші 26 матчта 181 эйс жасады. Рыбакинадан кейін чехиялық Каролина Плишкова (91 эйс) екінші, жапониялық Наоми Осака (70) үшінші орында келеді. Майами WTA 1000 турнирінде Рыбакина 53 эйс жасады. Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде Беларусь өкілі Арина Соболенконы ығыстырып, екінші орынға ...

    Read More »

    Паралимпиада-2024: Ұлттық құрама 11 жолдаманы иелініп отыр

    Еліміздің параспортшылары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Францияның Париж қаласында өтетін XVII Паралимпия ойындарына әзірше 11 жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Паралимпиадада жарыстар спорттың 23 түрінен ұйымдастырылады. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 9 түрінен (пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ, отырып ойнайтын волейбол, пара нысана көздеу) ...

    Read More »

    Challenge Cup турнирі: Қазақстан алтын мен күміс медаль алды

    Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup санатындағы турнир аяқталды, деп хабарлады kazsports.kz. Бұл жарыста ұлттық құраманың спортшылары екі жүлдеге ие болды. Әуелі ат снарядында Нариман Курбанов күміс жүлдегер атанды. Содан кейін Асан Салимов тіреніп секіру жаттығуда алтын жүлдені жеңіп алды. Ол финалда 14.300 ұпай жинап, Украина құрамасының екі гимнастынан озып кетті. Бұған дейін хабарланғандай, көркем гимнастикадан Францияның Тье қаласында ...

    Read More »