• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокс

    Маңғыстаулық үш бірдей боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

    Бүгін Астана қаласында бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалында Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі, Маңғыстау облысында туылған Бейбарыс Нұрмұхан (66 кг) мен Бақытжан Айтмұханов (80 кг) рингке шықты. Шаршы алаңға бірінші шыққан Бейбарыс Жексен (66 кг) қырғызстандық Рамазан Исаевты бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Ал Бақытжан Айтмұханов (80 кг) тайпейлік Панг Гуан-Хаоны бірінші раундта мерзімнен бұрын жеңіп, Маңғыстаудың екі бірдей ...

    Read More »

    Астана әкімі Жәмила Бақбергеноваға пәтер кілтін тапсырды

    Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек XIX Жазғы Азия ойындарының чемпиондарымен кездесіп, сыйлық тарту етті. Жақында Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азиадада Қазақстан ұлттық құрама командасының сапындағы Астананың спортшылары 10 медаль жеңіп алды. Олар ел қоржынына 1 алтын, 3 күміс және 6 қола жүлде салды. Осыған байланысты Астана қаласының әкімі Азиаданың құрмет тұғырынан көрінген спортшылармен кездесіп, жеке құттықтады. Осы жерде қала басшысы ...

    Read More »

    IBA президенті Умар Кремлев Азиададағы төрешілердің жұмысын сынады

    Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев Астанада бокстан жастар және жасөспірімдер арасында басталған Азия чемпионаты кезінде Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарындағы төрешілердің жұмысын сынға алды. Ол Atameken Business  арнасына берген сұхбатында Азиададағы төрешіліктің өте төмен деңгейде болғанын айтты. Шынын айтқанда төрешілердің жұмысына менің де көңілім толмады. Мен сол үшін Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бахқа наразылығымды білдіріп, ...

    Read More »

    Бокстан АЧ: Астанаға Азияның 500-ге жуық спортшысы жиналды

    Астанада бокстан жастар және жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты басталды. Оның ашылу салтанатына туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Азия бокс конфедерациясының (ASBC)  Бас хатшысы Али Саламе, IBA президенті  Умар Кремлев, Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысып, сөз сөйледі. Бұл жарысқа сары құрлықтың 23 елінен келген  500-ге жуық боксшы қатысады. Жекпе-жек олимпиадалық жүйе бойынша өтеді. Финал 2-3 қарашада болады. Қазақстанның ...

    Read More »

    Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасына спортшылар іріктелді

    21 қазан — 4 қараша аралығында Астанада бокстан жастар мен жасөспірімдер арасында өтетін Азия чемпионатына қыздар құрамасы анықталғаннан кейін ерлер арасындағы жастар дәне жасөспірімдер командасы белгілі болды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Бұл додада 2005, 2006 жылдары (жастар) және 2007, 2008 жылдары (жасөспірімдер) туған боксшылар шаршы алаңға шығады. 2005 және 2006 жылғы жастар арасында ел намысын мына боксшылар қорғайды. Жастар ...

    Read More »

    Азия чемпионатына қатысатын боксшылар анықталды

    21 қазан — 4 қараша аралығында Астанада бокстан жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты болады. Бұл додада 2005, 2006 жылдар (жастар) және 2007, 2008 жылдар (жасөспірімдер) арасында боксшылар шаршы алаңға шығады. Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, жаттықтырушылар құрамы Азия чемпионатына қатысатын боксшылардың есімін атады. Қыздардың жасөспірімдер құрамасында мына боксшылар жарысқа қатысады: — 46 кг Айым Танкибаева — 48 кг Сила Бейболсынқызы ...

    Read More »

    «Мен — чемпионмын» дегеннің бәрін нокаутқа жіберемін — Жәнібек Әлімханұлы

    Жақында АҚШ-тың Розенберг қаласында германиялық Винченцо Гуальтьеримен жекпе-жекте IBF чемпионы атағын жеңіп алған боксшы Жәнібек Әлімханұлы енді WBC пен WBA белбеулері үшін шаршы алаңға шығатынын мәлімдеді. Қазір қазақ боксшысында осы жеңістен кейін Бүкіләлемдік бокс ұймының (WBO) пен Халықаралық бокс федерациясының (IBF) чемпионы деген атақ бар. Енді ол Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) мен Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) үздік боксшысы атанғысы келетінін ...

    Read More »

    Қанат Ислам Тоқаевтан көмек сұрады (ВИДЕО)

    Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. Спортшы Instagram-да жариялаған видеосында елімізде соңғы үш жылдан бері бірде бір рет кәсіпқой бокстан жекпе-жектердің болмағанын, сол себепті мемлекет басшысынан бокс кешін ұйымдастыруға көмек сұрайтынын айтты. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Менің есімім – Қанат Ислам, кәсіпқой боксшымын. Біз, «Қазақ промоушн» промоутерлік компаниясы 2016 жылдан бері елімізде кәсіпқой бокс кештерін ұйымдастырып келеміз. Солкезден бері шаршы ...

    Read More »

    Мемлекет басшысы боксшы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлын WBO және IBF тұжырымдарынан әлем чемпионы атағы үшін германиялық Винченцо Гуальтиеримен болған жекпе-жектегі жарқын жеңісімен құттықтады. Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз!, — деп жазды мемлекет басшысы ...

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын нокаутқа жіберді (ВИДЕО)

    Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тың Розенберг қаласында IBF титулына ие германиялық Винченцо Гуальтьеримен жекпе-жекке шықты. Бұған дейін қазақ боксшысы 14 рет рингке шығып, бәрін жеңіп, оның 9-ын нокаутқа түсірген. Осы жолы да Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке тастүйін дайын болып, қолғап түйістірді. Германиялық боксшы да осал спортшы емес. Ол осы кезге дейін 22 рет рингке шығып, соның 21-інде жеңген. Оның 7-еуін нокаутпен ...

    Read More »