• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокс

    Бокстан әйелдер құрамасы Италияға аттанды (ВИДЕО)

    Бокстан еліміздің әйелдер құрама командасы 4-12 наурыз аралығында Италияның Бусто-Арсицио қаласына ерлер және әйелдер арасында Францияның Париж қаласында жалауы көтерілетін жазғы Олимпиялық ойындарға лицензия беретін халықаралық турнирге қатысу үшін аттанды. Осы жерде Олимпиадаға 21 жолдама сарапқа салынады. Қазақстан құрамында шаршы алаңға 50 келі салмақта Алуа Балқыбекова, 54 келіде Жайна Шекербекова, Римма Волосенко (60 кг), Наталья Богданова (66 кг), Валентина Хальзова ...

    Read More »

    Өзбекстандағы қазақ спортшысы елге оралды

    Бокстан 2023 жылғы Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері Аман Қонысбеков елге қоныс аударды, деп хабарлады BasSport.kz. Шаршы алаңға 71 келіге дейінгі салмақта шығып жүрген қандасымыз Астана қаласына көшіп келді. Ол Астанада туған ағасымен бірге тұрып жатыр. Ал бокстан жарыстарға Түркістан облысының атынан қатысады. Қазір Аман Қонысбеков Алматыдағы оқу-жаттығу жиынында жүр. Осы жерде боксшы еліміздің ұлттық құрамасымен етене араласып кетті. Былтыр Қонысбеков ...

    Read More »

    Бокстан Ермахан Ибраимовтың жүлдесі үшін турнир өтеді

    20-24 ақпан аралығында Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Спорттық-бұқаралық іс-шаралар орталығы, Әуесқой және кәсіпқой бокс федерациясы мен «Алматы» Олимпиадалық даярлау орталығының ұйымдастыруымен бокстан Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Ермахан Ибраимовтың жүлдесіне арналған қыздар (жасөспірімдер мен жастар) арасында бокстан VI халықаралық турнир өтеді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Турнир Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, ...

    Read More »

    Ангелина Лукастың келесі қарсыласы белгілі болды (ВИДЕО)

    Боксшы Ангелина Лукастың кәсіпқой рингтегі келесі қарсыласы белгілі болды. Ол 29 ақпанда Таиландтың астанасы – Бангкокта Кадесара Джадпакдимен жекпе-жекке шығады. Достар, 29 ақпанда менің жекпе-жегім Бангкокта болады. Қарсыласым — таиландтық Кадесара Джадпакди.  Оның кәсіпқой рингтегі — рекорды 7-3-0. Алда мені 8 раундтық маңызды рейтингтік жекпе-жек күтіп тұр. Мен тек жеңіске жетуге бел байладым. Бұл карьерамдағы ең маңызды жекпе-жек. Себебі, бірнеше ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: бокстан лицензиялық турнирге кімдер барады?

    4-12 наурыз аралығында Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында Францияның Париж қаласында жалауы көтерілетін жазғы Олимпиялық ойындарға лицензия беретін халықаралық турнир болады. Оған 114 елден 668 спортшы қатысады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Жақында Олимпиада жолдамасына таласатын боксшылардың есімдері белгілі болды. Қазақстанның ерлер құрамасы бес салмақта қолғап түйістіреді. Олар — Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), ...

    Read More »

    Странджа кубогы: Дулат Бекбауов жеңімпаз атанды (ВИДЕО)

    Бокстан ұлттық құрама команданың боксшылары Болгарияның астанасы – София қаласында Странджа кубогы үшін болған халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды. Финалда 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дулат Бекбауов үнді былғары қолғап иесі Раджатты жеңіп, кубоктың иегері атанды. Әлем чемпионы Санжар Ташкенбай (51 кг) Үндістанның өкілі  Амитке есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Ал Тұрсынбай Құлахмет (80 кг) өз салмағында үздік үштікті ...

    Read More »

    Бақтияр Артаевқа Вэл Баркер кубогы қайтарылады

    Жағымды жаңалық жетті. Көптен күткен жаңалық. Бақтияр Артаевқа алдағы айда Вел Баркер кубогы табыс етіледі. Дәл қазір оның дубликаты дайындалып жатыр. Естеріңізде болса, 2021 жылы Сербиядағы әлем чемпионатында Бақтияр Артаев осы жүлдесін ресми түрде Халықаралық бокс федерациясына тапсырған болатын. Сол кезде оған өте сапалы көшірмесі жасалып, өзіне берілетіні айтылды. Міне, сол уәде араға ұзақ уақыт салып, енді орындалайын деп жатыр. ...

    Read More »

    Бокс федерациясының жаңа басшысы министрмен кездесті (ВИДЕО)

    Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевпен кездесті. Кездесуде бокс ұйымының басшысы министрге федерацияның жоба-жоспары мен елімізде спорттың осы түрін дамытуда өз ойын айтып берді.  Министр федерация басшысына жаңа қызметіне сәттілік тілеп, спортшылардың Олимпиялық ойындар мен басқа да жарыстарға жақсы дайындалуын тапсырды. Бокс – елімізде кең тараған, жанкүйері ең көп спорт түрлерінің бірі. Сондықтан Шахмұрат ...

    Read More »

    Странджа турнирі: Қазақстанның 6 боксшысы жеңіске жетті (ВИДЕО)

    Болгарияның астанасы -София қаласында қалыптасқан дәстүр бойыншы жылдың осы мезгілінде боксшылардың Странджа кубогы жолындағы турнирі болады. Биыл да бұл жарыс 4 ақпанда 75-рет жалауын көтерді. Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, 12 ақпанға дейін болатын дүрмекті додаға елімізден 10 салмақ бойынша былғары қолғап иелері қатысып жатыр. Жалпы, халықаралық турнирге әлемнің 28 елінен 178 спортшысы қатысуда. Турнирге ұлттық құраманы бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов ...

    Read More »

    Қазақстан боксшылары Boxam Elite-2024 турнирін жеңіп алды

    Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite-2024 турнирінде екі алтын медальді жеңіп алды. 52 келіге дейінгі салмақта Жазира Орақбаева мен 81 келіден аса салмақта күш сынасқан  Ләззәт Күнгейбаева жеңімпаз атанды. Жарыстың финалына Қазақстаннан 9 боксшы шығып, оның жетеуі шешуші айқаста қарсыластарынан жеңіліп қалды.  Олар – Әйгерім Сатыбаева (48 кг), Назым Қызайбай (50 кг), Әнел Сақыш (54 кг), ...

    Read More »