• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокс

    Ақтауда бокстан Қазақстан чемпионаты жалау көтереді

    11-16 желтоқсан аралығында Ақтаудағы «Халық Арена» спорт кешенінде бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлады Маңғыстау облысы спорт басқармасының баспасөз қызметі. Ел чемпионатына Астана, Шымкент, Алматы қалалары мен  17 облыстың 20 командасынан 500-ге жуық былғары қолғап шеберлері қатысады. Бокстан 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында іріктеліп, үздік атанғандар келесі жылы ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, әлем және Азия ...

    Read More »

    Астанада кәсіпқой бокс кеші өтеді

    Астанада 15 желтоқсанда Халықаралық бокс федерациясының ұйымдастыруымен  кәсіпқой бокстан «Чемпиондар кеші»  өтеді. Кеште сегіз жекпе-жек болады. Оған ұлттық құраманың үздіктері қатысады. 51 келіде әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай, 57 келі салмақта тағы бір әлем чемпионы Махмұд Сабырхан шаршы алаңға шығады. Орта салмақта Ертуған Зейнуллинов, Дулат Бекбауов пен ұлттық құрама команданың капитаны Асланбек Шымбергенов қолғап түйістіреді. Сонымен бірге Бекзат Нұрдәулетов пен Нұрбек ...

    Read More »

    Нұрасыл Төлебек бокстан әлем чемпионы атанды

    Арменияның астанасы — Ереванда өткен бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына төртінші алтын медаль түсті. 54 келі салмақта Нұрасыл Төлебек финалда үнді Жатин Жатинді 4:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Сөйтіп, ер балалардан екі боксшымыз, қыздарда екі спортшымыз әлем чемпионатының құрмет тұғырына көтерілді. Бұған дейін хабарланғандай, Толғанай Қасымхан 60 кг салмақта ресейлік Кира Леонованы 3:2 есебімен басым  түссе, қыздар ...

    Read More »

    Қазақстанға бокстан Кубаның ерлер құрамасы келді

    Қазақстанға бокстан Кубаның ерлер құрамасы келді. Бостандық елінің боксшылары еліміздің былғары қолғап шеберлерімен бірге оқу-жаттығу жиынына қатысып, Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Қонақтар қатарында барлығы 9 былғары қолғап шебері мен екі жаттықтырушы келді. Олардың арасында әлем чемпионатының және Панамерикалық чемпионаттың қазіргі финалистері, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Негізгі екпін олимпиадалық ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасының үш боксшысы әлем чемпионы атанды

    Арменияның Ереван қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Толғанай Қасымхан, Аяжан Сыдық пен Айсұлу Мұхит алтын медальді жеңіп алды. Аяжан Сыдық 54 кг салмақта финалда Үндістан өкілі Амиша Керкеттамен кездесіп, оны  5:0 есебімен жеңді. Толғанай Қасымхан 60 кг салмақта ресейлік Кира Леоновадан 3:2 есебімен басым түсті. Осылайша ол Қазақстан құрамасына екінші алтын жүлдені сыйлады. Үшінші алтын жүлдені  66 ...

    Read More »

    Өзбекстанда этникалық қазақ бокстан ел чемпионы атанды

    Өзбекстанда бокстан ел чемпионаты аяқталды. Осы додада 63,5 келі салмақ дәрежесінде қолғап түйістіріп жүрген этникалық қазақ Руслан Абдуллаев чемпион атанды. Бұл туралы мәлімет Өзбекстан бокс федерациясының сайтында шықты. 28 қарашада Ташкенттегі «Универсал» спорт кешенінде бокстан Өзбекстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері болды. Өзбекстан бокс федерациясының ұйымдастыруымен өткен ел чемпионатына 13 салмақ дәрежесінде былғары қолғап шеберлері күш сынасты. Онда Шодиержон Меликузиев (48 кг), Азизбек Жалилов ...

    Read More »

    Біздің боксшылар өзбектерге қарағанда ақсаусақ — Мырзағали Айтжанов

    Бокстан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов қазақ жігіттерінің өзбек боксшыларынан осал екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол «Спорт министрі» YouTube арнасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлады halyq-uni.kz. Жаттығу барысынан бізден асып тұрған ешкім жоқ. Барлық жерде ауызбіршілік бар. Өзбектердің бізден артықшылығы – жігіттері тәртіпті, спортшылары еңбекқор. Үйіне келіп, үй шаруасын істеп, малға қарап, жер аударып жүрген жігіттер. Біз осы жағынан ...

    Read More »

    Бокстан жаңа ұлттық құрама команда жасақталады (ВИДЕО)

    Астанада бокстан VI жазғы Спартакиада аяқталып, чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды. Спарктаиада бір апта бойы Beeline Arena спорт кешенінде жалауын желбіретті. Оның қорытындыысы бойынша 13 салмақта, атап айтқанда 46-48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63,5 кг, 67 кг, 71 кг, 75 кг, 80 кг, 86 кг, 92 кг, +92 кг дәрежесінде чемпиондар анықталды. Төрт боксшы екінші рет ...

    Read More »

    Бокстан Спартакиада: ½ финалда Тәшкенбай мен Бибосынов қолғап түйістіреді (ВИДЕО)

    Астанада бокстан өтіп жатқан VI жазғы Спартакиадада жартылай финалға шыққан былғары қолғап иелерінің есімдері анықталып жатыр. Бұған дейін хабарланғандай, 48, 54, 60, 67, 75, 86, +92 келі салмақта ½ финалға жолдама алған спортшылардың есімдері белгілі болған еді. Енді бүгін түсауа 51 және 60 кг салмақта келесі айналымға шыққан боксшылар анықталды. Бүгін кешке дейін жартылай финалға басқа салмақтағы саңлақтар да жолдама алады. ...

    Read More »

    Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Ташкентте жекпе-жекке шығады (ВИДЕО)

    Кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Өзбекстанның Ташкент қаласында Чили елінің былғары қолғап шебері Хулио Аламосқа қарсы жекпе-жекке шығады. Кеше олар салмақ өлшеп, айқасқа дайындықты бастап кетті. Рәсімде Мейірім Нұрсұлтановтың салмағы орта салмақ санатының лимитінен аспай, таразы 72,5 келіні көрсетті. Оның қарсыласының салмағы 72,3 кг болды. Осы жеде қазақ боксшысын қолдауға Өзбекстанның аса ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшысы Баходир Жалолов келді. Жалолов 2020 ...

    Read More »