• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футбол

    ҚФФ барлық өңірде футбол апталығын өткізді

    Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық футбол департаменті еліміздің барлық облыстарындағы футбол қауымдастықтарының қолдауымен   жыл сайынғы Еуропалық спорт апталығы аясында «УЕФА бұқаралық футбол аптасын» (UEFA Grassroots week) өткізді, деп хабарлады ҚФФ. УЕФА-ның бұқаралық футбол бағдарламасы бүкіл әлем бойынша спорттың осы түрінен жарыстар ұйымдастырып келеді. Іс-шараның басты мақсаты — жас футболшылардың шеберлігін шыңдап, еліміздегі балалар мен жасөспірімдер футболының дамуына үлес қосу. «Футбол ...

    Read More »

    Хосеп Гвардиола қызметінен кететінін айтты

    «Манчестер Сити» футбол клубының бас жаттықтырушысы Хосеп Гвардиола биылғы маусымның соңында мансабын аяқтауға дайын екенін айтты. Осы маусымда требл жасасақ, қызметімнен кетемін. Бұл менің соңғы шешімім. Әрине, клубтан кету өте қиын екенін білемін. Англияда жақсы ойнайтын команда көп. Өзімді Алекс Фергюсонмен салыстырмаймын. Оның жөні бөлек. Біз жаңа айтқанымдай, требл жасасақ, тарихта қаламыз. Сосын осындай әдемі нотада қызметімнен кетемін, – деді ...

    Read More »

    Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасын жеңіспен аяқтады (ВИДЕО)

    Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Ұлттар лигасы топтық турниріндегі соңғы ойынын өткізді, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. «Астана Аренада» өткен матчта Қазақстан құрамасы Армения командасымен кездесті. Ойын есебін 40-минутта Юлия Мясникова ашты. Құрама капитаны айыпдобын дәл орындады. Екінші таймда Аида Гайстенова есепті еселей түсті. Артынша 58-минутта Юлия Мясникова дубль авторы атанды. Бұған Армения құрамасы бір голмен жауап қайтарды. 71-минутта Камила Құлмағамбетова ...

    Read More »

    EURO-2024 жеребесі тартылды

    Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жеребесі тартылды. Бұл чемпионат 2024 жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында Германияда өтеді. Жеребе тарту рәсімінде белгілі болғандай, құрлықтық дода 14 маусымда Германия мен Шотландия матчымен ашылады. Одан басқа, рәсімде ұлттық құрамалардың қай топқа түскені анықталды. Бір атап өтетін жайт, Еуропа чемпионатына Ұлттар лигасы арқылы шығатын командалардың да топтары белгілі болды. Бұл командалар төменде ...

    Read More »

    Футболдан ұлттық құрама FIFA рейтингінде 100 елдің қатарында тұр

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының қараша айындағы FIFA рейтингіндегі орны белгілі болды. Ұлттық құрама Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі соңғы екі ойынның нәтижесі бойынша, яғни Сан-Мариноны 3:1 есебімен жеңіп, Словениядан 1:2 есебімен жеңілгеннен кейін екі орынға төмен түсті. Сөйтіп, 100-орынға орналасты. Ал әйелдер құрамасы 99-орынға жайғасты. Әлемдік рейтингті Аргентина құрамасы бастап келеді. Одан кейін Франция мен Англия алғашқы үштікте тұр. ТОП-10 ...

    Read More »

    Конференция лигасы: «Астана» клубына плей-оффқа шығуға әлі де мүмкіндік бар

    Еуропаның бірнеше қаласында УЕФА Конференция лигасы топтық турнирінің мачтары болды. «Астана» клубы өз алаңында Хорватияның «Динамо Загреб» командасымен кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Бұл матчта қарсыластар екінші таймда екі гол салып, жеңіске жетті. Бірінші таймда «Астанаға» есеп ашуға тамаша мүмкіндік болды. 9-минутта төреші қонақтардың қорғаушысы «Астананың» жартылай қорғаушысы Эльхан Астановты айыпдоп алаңында құлатқаннан кейін, пенальти белгіледі. Алайда Дембо Дарбо қақпаны ...

    Read More »

    Футболда алаңнан уақытша қуу жазасы пайда болады (ВИДЕО)

    Алдағы кезде кәсіпқой футбол ережесінде футболшыны алаңда уақытша қуу жазасы пайда болады, деп хабарлады The Telegraph. Британиялық басылымның хабарлауынша,  футбол қауымдастықтарының халықаралық кеңесі уақытша шектеуді енгізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл жаңа ереже келесі жылдан бастап енгізілуі мүмкін. IFAB қызыл қағаз көрсетуге жеткіліксіз, бірақ қатардағы ескерту үшін өте ауыр келетін тәртіп бұзушылық үшін футболшыны 10 минут уақытқа шеттейтін болады, — делінген ...

    Read More »

    УЕФА Конференция лигасы: «Астана» мен «Динамо Загреб» кездеседі

    Ертең футболдан УЕФА Конференциясы лигасының кезекті матчтары болады.  Онда сегіз топқа бөлінген Еуропа елдерінің 32 клубы 5-турдағы ойындарын өткізеді. «Астана» өз алаңында Хорватияның «Динамо Загреб» клубымен кездеседі. Бұл командалар С тобында ойнайды. Олардан басқа топта Чехияның алаңында «Виктория Пльзень» мен Косовоның «Балкани» командалары бар. Қазір турнир кестесінде чехиялық команда 4 ойыннан кейін 12 ұпай жинап, көш бастап келеді. Олар бірде-бір ...

    Read More »

    «Тобыл» футбол клубында жанжал шықты  

    Футболдан Қостанайдың «Тобыл» клубының бұрынғы директоры Андрей Канчельскис отставкаға кетуіне байланысты мәлімдеме жасады. Ол Championat сайтына берген сұхбатында «Тобыл» клубындағы қызметінен кету туралы өтініш жазбағанын, 29 қарашада еңбек демалысынан келгеннен кейін команданың тең төрағасын сотқа беретінін айтты. Мен «Тобылдан» кеткен жоқпын. Маған ешкім ештеңе деген жоқ. Ешқандай құжатқа қол қойған емеспін. Ол (клубтың тең төрағасы, — ред.) мені алаяқ деп ...

    Read More »

    УЕФА Ұлттар лигасы:  Қазақстан құрамасы Израильмен екі ойында бір ұпай алды

    Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Мажарстанның Тельки қаласында Ұлттар лигасында Израиль командасымен екі матч өткізді. Бірінші ойында отандастарымыз қарсыластарынан 0:2 есебімен жеңілсе, екінші ойында 0:0 есебімен тең түсті, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Бірінші матч аса тартысты және қызықты болды. Қазақстан қақпасына екі гол бірінші таймда соғылды. Ал екінші таймда әйелдер құрамасы есепті қырқартқысы келгенімен онысынан ештеіе шықпады. Керісінше, төрт сары ...

    Read More »