• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жекпе-жек түрлері

    Жақсылық. 40 жыл бұрынғы Олимпиаданың алтын жүлдесі!

    «Олимпиада жылы» деген айшығымен сексенінші жыл келді. Жиырма тоғызға иек артқан Жақсылық тас-түйін! ССРО чемпионатына не бел, не белбеу кетеді, деп атойлай кірген. Шүу дегеннен үш бірдей қарсыласын бет қаратпай жыққан Жақсылық кезекті сында ресейлік Вылежанинді 22:0 есебімен ойсырата жеңді. Одан кейін Еуропа чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері, 26 жастағы қазандық Анатолий Бозинді 11:1 есебімен тас-талқан қылды. Финалдағы қарсылас – ...

    Read More »

    Бақыт Балуан

    Жаңбырбаев. Осы бір тек ел арасында айтыла қалса, «Балуан, бапкер Бақытты меңзеп тұрсың ғой» деп емірене кететін ел-жұрт көп бүгінде. Иә, Жаңбырбаевты тек спортшылар ғана емес, былайғы жұрт та өте жақсы біледі. Өйткені, көкірегі ояу, көзі ашық, көпшіл азамат. Биылғы жылдың 28-ші сәуірінде бұл кісі жетелі жас – 70-ке келді. Арда ағамыздың редакциямыздың атынан мерейтойымен құттықтай отырып, оның өткен өнгелі ...

    Read More »

    Қазақстанда алғаш рет ММА-дан Азия чемпионаты өтеді

    6-8 ақпан күндері Нұр-Сұлтан қаласында IMMAF Халықаралық аралас жауынгерлік жекпе-жек ұйымының директорлар кеңесі өтті, деп хабарлады қазақстандық ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясының баспасөз қызметі. Оған IMMAF президенті Керит Браун, IMMAF директорлар кеңесінің мүшесі және Азия аймағы бойынша директоры  Висам Аби Надер, Өзбекстан Республикасы аралас жауынгерлік жекпе-жек қауымдастығының вице-президенті  Шерзод Тошматов және ММА қазақстандық аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясының бас директоры Валихан ...

    Read More »

    Тасқа түскен таңбалар

    Қазақстан жер көлемі бойынша  дүниежүзінде 9 орында тұрғанын жақсы білеміз. Осыншама кең байтақ жерімізді  ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен жан-жақтан төнген жауларына қарсы тұрып ұрпағымызға аманат етіп қалдырды.  Қасиетті жерімізді аман сақтап қалуда қаншама боздақтарымыз қан төгіп, дала майданында жандарын пида етті. Қаншама білекті де жүректі  алаштың батыр ұлдары ерен ерлік көрсетіп, туған жерімізді сыртқы жаудан қорғады. Ендеше, сол қарсы ...

    Read More »

    Семейде атақты балуан балаларға кеңес берді

    Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалімдер мен оқушылар еліміздің мақтанышы, даңқты балуан Айбек Нұғымаровпен кездесті, деп хабарлады Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі Шараның өтуіне жатақхана тәрбиешілері ұйытқы болды. Қазақ күресінің майталманы, еліміздің, Азияның бірнеше дүркін чемпионы, «Қазақстан барысы», «Еуразия барысы», «Әлем барысы» сынды бәсекелердің жеңімпазы әрі жүлдегерімен жүздесу әсіресе, оқушылар үшін әсерлі өтті. –Кездесуді ...

    Read More »

    Сағадат батыр спорт клубы саңлақтарға сый көрсетті

    Тарихтың жылнамасына жазылатын биылғы жыл қазақ спорты үшін табыссыз болған жоқ. Түрлі деңгейдегі сайыстарда қанжығамыз майланып, олжалы оралдық.  Жаңа жыл қарсаңында  спортшыларымызды марапаттау, құрмет көрсету шарасы Алматы облысы, Іле ауданы, Ашыбұлақ ауылында да өтті. Ұйымдастырған – «Sagadat Batyr – QTT» спорт клубы. Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетовтың  95 жылдығына орай ұйымдастырылған спорт клубының жылдық есеп беру кешінде  «Жыл үздігі – 2019» номинациясы ...

    Read More »

    Спорт академияның спортшылары сыннан сүрінбеді

    Қазан айы қоржынымыз медальға толып, жүлде жинадық. Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының спортшылары бірнеше ірі халықаралық жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанды, жүлдегер болды. Күні кеше Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында дзюдо күресінен жасөспірімдер және жастар арасында Азия Кубогы өткен болатын. Аталған додада академияның спортшылары бақ сынап, жақсы өнер көрсетті. Жастар арасында жарыс жолына шыққан Жанасыл Әнуаров 73 килода, қыздар арасында Зарина Сарипова ...

    Read More »

    Намысты ұрпақ өсіп келеді

    Алтын күз есік қағып келгелі бері елімізде спорттың көптеген түрлерінен әлем деңгейдегі байрақты жарыстар өте бастады. Соның ішінде ерекше екшеп айтатын жаңалықтың бірі ол  – қыркүйек айында ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында тұңғыш рет күрес түрлерінен өткен әлем чемпионаты. Қазақстанда алғаш рет үздік балуандардың басын қосқан белдесулер жанкүйерлерге тамаша әсер қалдырды. Сонымен бірге өзекті өртеген өкініштер мен күйініштер  де болды. Жалпы ...

    Read More »

    Қазақ самбошылары Үндістанда екі алтын жүлде алды

    Үндістанның Нью-Дели қаласында самбо күресінен жасөспірімдер, жастар арасында және ерлер мен әйелдер арасында жауынгерлік самбодан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады  Семей спорт академиясының баспасөз қызметі. Чемпионат 12-16 қыркүйек күндері өтті. Жарысқа 21 мемлекеттен келген 300-ден аса спортшы Үндістанда бақтарын сынап, баптарын байқады. Бұл байрақты бәсекеде Қазақстан құрама командасынан 30-ға жуық самбошы қатысқан болатын. Отыз тарта оғланның ішінде Семей спорт академиясының ...

    Read More »

    Орловтан он жыл бұрын айтқан едім!!!

    Ресейлік кәсіпқой боксшы Максим Дадашевтің кезекті шайқас біткен сәтте өліп кетуі әлемді тағы дүрліктірді. Арада екі-үш күн өткенде тағы бір шет елдік кәсіпқой боксшы шаршы алаңда қаза болды. Бүгінде мұндай мысалдар аз емес. Мына спорт шолушысы күле отырып айтқан қорытындыны мен мұнан он жыл бұрын жалынып отырып айтқан едім! Кәсіпқой боксты тоқтатыңдар дей алмаймын. Тек бұл спорт түріне терең медициналық ...

    Read More »