• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Күрес

    Күрестен Азия чемпионаты:  Қазақстан 4 медаль алды

    Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында күрестен Азия чемпионаты басталды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша,  Азия чемпионатында алғашқы күні грек-рим күресінен бес салмақ дәрежесінде чемпиондар мен жүлдегерлер белгілі болды. Қазақстан құрамасында бес бозкілем шебері жүлде үшін күресіп, төртеуі тұғыр биігіне көтерілді. Аманғали Бекболатов (55 кг) қытайлық Хайфенг Жангты таза ұтып, биылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. ...

    Read More »

    Астанада күрес түрлерінен өтетін Азия чемпионатының кестесі шықты

    Астанада 9-14 сәуір күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында өтетін Азия чемпионатының кестесі жарияланды. Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, Азия чемпионатының ресми ашылуы 9 сәуірде сағат 17.00-де басталады. Күн сайын күндізгі сессия сағат 11.00-де (алдын ала, жартылай финалдық және жұбаныш белдесулері), кешкі сессия 18.00-де (бірінші және үшінші орындар үшін финалдық ойындар) басталады. ...

    Read More »

    Астанада Азия чемпионы атанған балуандар қомақты ақша алады

    9 – 14 сәуір аралығында Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен өтетін XXXVI Азия чемпионаты болады. Оған құрлықтың 24 елінен 300-ден астам балуан қатысады. Олардың арасында Олимпиялық ойындардың 7 жүлдегері, 5 әлем чемпионы болады. Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенованың айтуынша, бұл күрес додасы Олимпиадаға лицензиялық турнир емес. Ол Азия ойындары мен ...

    Read More »

    Алмат Кебіспаев үш дүркін Азия чемпионы бола ала ма?

    Жақын арада Астанада күрес түрінен Азия чемпионаты өтеді. Оған еліміздің атынан 35 жастағы Алмат Кебіспаев (67 кг) қатысады. Ол бұған дейін Азия чемпионатында 2 алтын, 3 күміс медаль алған. Кебіспаев жарыстың екінші күні боз кілемге шығатын болады. Бірінші жарыс күні (9 сәуір), грек-рим күресі бойынша 55, 63, 77, 87, 130 кг салмақтағылар белдеседі. Екінші жарыс күні (10 сәуір), грек-рим күресі ...

    Read More »

    Алмат Кебіспаев қарсыласы қай елдің палуандары екенін айтты

    7 сәуір күні Астанада күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталады. Оған палуан Алмат Кебіспаев қатысады. Грек-рим күресінен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері. 2012 жылы Лондон қаласында өткен Олимпиадаға қатысушы, Азияның екі дүркін және бес мәрте әлем чемпионатының жүлдегері Алмат Кебіспаевпен хабарласып шағын сұхбат алдық. «Елордамызда өтетін Азия құрлығының додасына да аз күн қалды. Жарысқа дайындалып жатырмыз. Астанада чемпион атанып, Қазақ елін ...

    Read More »

    Маңғыстаулық жас балуан ел чемпионатында үшінші орын алды

    Жетісу облысы Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде еркін күрестен 15 жасқа дейінгі (U-15) жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында Сағынбай Мұхамбетали 41 кг салмақта сынға түсіп, қола жүлдеге ие болды. Ол боз кілемге бес рет шығып, Түркістан облысы, Алматы облысы, Жетісу облысының палуандарын айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалда Алматының балуаны Дамир Қалиден жеңіліп, үшінші орын үшін белдесуде Батыс Қазақстан облысының өкілін ...

    Read More »

    Балуандар Египеттен екі алтын жүлдемен оралды

    Египеттің Александрия қаласында күрес түрлерінен Ибраһим Мұстафа жүлдесіне арналған халықаралық турнирдің  соңғы күні 57 келіде белдескен Рахат Қалжан қола медальға ие болды. Бұл туралы Қазақстан күрес түрлері федерациясы хабарлады. Осылайша Қазақстан құрамасы турнирден 2 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлдемен оралды. Әйелдер күресінен Эльмира Сыздықова мен Марина Седнева жүлдегерлер қатарынан көрініп, қола медаль еншіледі.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Балуандар Египеттегі турнирді сәтті бастады

    Египеттің Александрия қаласында күрестен Олимпиада чемпионы Ибраһим Мұстафа атындағы биылғы екінші рейтингтік турнир басталды. Алғашқы күні грек-рим күресі шеберлері сәтті өнер көрсетіп, жанкүйерлерді қуантты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Әуелі 55 келіге дейінгі салмақта ұлттық құраманың үш балуаны құрмет тұғырына көтерілді. Финалда Аманғали Бекболатов Марлан Мұқашевтен айласын асырды. Тағы бір отандасымыз Исхар Құрбаев қола медаль ...

    Read More »

    Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогында екі медаль алды

    Болгарияның София қаласында дзюдодан өткен Еуропа кубогында Қазақстан командасы екі медаль иеленді. 66 килоға дейінгі салмақта күрескен Ғұмар Қырғызбаев финалда қарсыласынан ұтылып, күміс жүлдеге ие болды. 81 килоға дейінгі балуандар арасында Руслан Мұсаев қола жүлдегер атанды. Халықаралық турнирге 43 мемлекеттен 400-ге жуық татами шеберлері қатысып жатыр.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Еркін күрестен Әлем кубогына қатысатын балуандар анықталды

    Иранның астанасы Тегеран қаласында еркін күрестен клубтар арасындағы Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды. Бұл туралы Күрес түрлері федерациясы хабарлады. Турнир 17-18 ақпан күндері Біріккен күрес әлемінің (WWU) ережесі бойынша болады. Дүрмекті додада Қазақстан балуандары 10 салмақта сынға түседі. Әлем кубогына қатысатын балуандардың тізімі мынадай: 57 кг. Мейрамбек Қартбай (Ақтөбе облысы) 61 кг. Өсімжан Дастанбек (Алматы облысы) 65 кг. Рифат ...

    Read More »