• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Күрес

    Бозкілемде мешіт жамағаты мен қызметкерлері күш сынасты

    Ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай жеткен дәстүрлі өнеріміз қазақ күресінен кезекті турнир мәресіне жетті. Бұл жолы ұлттық күресімізді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған турнирде мешіт қызметкерлері мен жамағаты қатысты. Ол биыл Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы мен «Ұлттық мұра» бағдарламасының мұрындық болуымен төртінші рет өтті. Осыған дейінгі жарыстарда мешітке келуші жамағат қана өзара белдессе, бұл жолы мешіт қызметкерлері арасындағы балуандар да өзара сайысқа түсті. ...

    Read More »

    Түркістанда Азияның түйе балуаны анықталды

    Түркістан қаласындағы қазақ күресінен ересектер арасында Қажымұқан Мұңайтпасовтың жүлдесіне арналған Азия кубогы аяқталды. «Түйе балуан» атанған Батыс Қазақстан облысының өкілі Темірлан Көлбай бас жүлдеге ие болып,  «Нива» автокөлігін жеңіп алды. Екі күнге созылған дүбірлі додада отандастарымыз өз мықтылықтарын көрсетіп, Азия құрлығы бойынша теңдессіз  екендігін көрсетті. Кезінде халқымыздың атақ-даңқын күрес арқылы бүкіл әлемге танытқан Қажымұқан Мұңайтпасов та талай жеңістің шыңына жетті. ...

    Read More »

    Дұрыс қанаттанған түзу ұшады

    Спорт – денсаулық кепілі десек, дене шынықтырумен белсене айналысқан жанға ешқандай дерт тұзағын сала алмайды. Заманның ағымына қарай ағыспен арпалыса еңбек етіп жатқан спорт мектептерінің игілікті істері ешқашан елеусіз қалмайтыны бір анық. Айталық, бүгінде Кәркен Ахметов атындағы Олипиадалық резервінің арнайы республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі елдегі ілгері оқу жəне спорт ордасының бірі болып саналады. Бұл мектепте тəлім алып жатқан дарынды жасөспрімдер ...

    Read More »

    Апалы-сіңлілі Бақбергеновалар АҚШ-та жеңімпаз атанды

    АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында дәстүрлі Билл Фаррелл мемориалы аяқталды. Бұл белдесулерге еліміздің еркін және әйелдер күресінің құрама командасы қатысты. Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында апалы-сіңлілі Мәдина (68 кг) мен Жәмила Бақбергеновалар (72 кг) өз салмағында топ жарса, Марина Седнева күміс медальді (57 кг), Алтын Шағаева (55 кг) қола жүлдені жеңіп алды. Бұл — Мәдина мен Жәмила екеуі бірге ...

    Read More »

    Айдос Сұлтанғали – Әлем кубогының қола жүлдегері!

    Әзербайжанның астанасы Баку қаласында грек-рим күресінен Әлем кубогы үшін турнир аяқталды. Жылдың қорытынды бәсекесіне Айдос Сұлтанғали алғаш рет жасақталған Әлем құрамасы сапында қатысты. Ол түрік балуаны Мукремин Ақтастан 7:1 есебімен басым түсіп, команданың жүлдені жеңіп алуына үлес қосты. Әлем құрамасы мен Түркия арасындағы текетірес 5:5 есебімен аяқталған. Бірақ нәтижелі ұпай бойынша 22:19 есебімен әлем құрамасы жеңіп кетті. Бозкілем шебері кыркүйекте ...

    Read More »

    Ардагер балуанға құрмет көрсетілді

    Еркін күрестен Қазақстан спорты тарихында есімдері алтын әріппен жазылып қалған балуандар аз емес. Солардың бірі әрі біргейі — Мәлік Нәдірбеков. Мәлік Нәдірбеков КСРО-ның спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Мәлік ағамыз ел біріншілігінде бес рет үздік шықса, ауыл жастары арасында Одақ чемпионы атанған. Ол өзін әйгілі балуан әрі жаттырықшы ретінде жақсы қырынан көрсете білді. Айталық, еркін күрестен Қазақстан ұлттық ...

    Read More »

    «Дала қырандары» турнирі: жүлде қоры – 80 мың доллар

    Қазақтан шыққан Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында «Qazaq kuresi» ассоциациясының ұйымдастыруымен «Дала қырандары» республикалық турнирі өтті. Жарысқа еңсегей бойлы, қаптағай денелі, рухы өр, тәні бекем 64 балуан қатысты. Олар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі салмақта белдесті. Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Мәдениет және спорт министрлігі дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы әрі ...

    Read More »

    Атыраулықтар қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш жүлдегерге пәтер сыйлады

    Атырауда дзюдошы Әбиба Әбужақынова мен оның жаттықтырушысы Мейіржан Есмағамбетовке құрмет көрсетілді. Атырау қаласында бір топ спорт жанашырлары мен спортшылар және жаттықтырушылар бас қосып, дзюдо күресінен қазақ қыздарынан шыққан әлем чемпионатының тұңғыш қола жүлдегері Әбиба Әбужақынова мен оның жаттықтырушысы Мейіржан Есмағамбетовке құрмет көрсетті. Әбиба Әбужақыноваға 48 келіде Ташкентте өткен әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алып,  ел мерейін асырған болатын. Арада 15 ...

    Read More »

    Балуандар алғаш рет Ибраһим Мұстафа турниріне қатысады

    12-13 қарашада Мысырдың Александрия қаласында грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Ибраһим Мұстафаны еске алуға арналған XXXIII халықаралық турнир өтеді. Осы турнирге Қазақстаннан тек грек-рим күресінің шеберлері аттанады. Олардың арасында тәжірибелі бозкілем шеберлерімен қатар бірқатар жас спортшы бар. Құрама тізімі: Марлан Мұқашев (55 кг), Ернұр Фидахметов, Ернар Фидахметов (60 кг), Ғалым Қабдунасаров (63 кг), Дастан Зарлыханов, Мұхамедәлі Мамырбек (63 кг), Дінмұхамед Қошқар, ...

    Read More »

    «Turan Barysy» Азия кубогын Қазақстан құрамасы жеңіп алды

    Түркістанда «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен өткен «Turan Barysy» Азия кубогы үшін турнир өтті. Жарыста Қазақстан балуандары жеңімпазы атанды. Турнирге Түркі мемлекеттері ұйымының алты елі – Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан мен Қазақстанның балуандары қатысты. Финалға Қазақстан мен Өзбекстан командасы шықты. Қазақ  балуандары Өзбекстанның өкілдерін 4:3 есебімен ұтып, турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды. Күміс жүлдені Өзбекстан, ...

    Read More »