• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Күрес

    Еркін күрес: Қазақстан балуандары рейтингтік жарыста үш жүлде иеленді

    Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан биылғы соңғы төртінші рейтингтік турнирінің алғашқы күні еркін күрес балуандары боз кілемге шықты. Жарыстың алғашқы күні Қазақстан балуандары 3 медаль иеленді. 74 кг салмақта күрескен Нұрқожа Қайпанов финалға жетіп сүрінді. Финалда ол алаң иесі Мурад Курамагомедовқа есе жіберіп, күміс медаль алды. 92 кг салмақтағы Ризабек Айтмұқан қола медаль иеленді. Ризабек қола медаль үшін ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: Қазақстанның тағы үш балуаны жүлде алды

    Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер күресінен еліміздің 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 3 медаль алды. 12 шілдеде күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында жалауын көтерген Азия чемпионатының екінші күні әйелдер күресінен ел құрамасы қоржынына үш жүлде түсті. Азия чемпионатында Сания Солтанғали (39 кг) мен Мейрамгүл Ахметжан (46 кг) финалда қарсыластарына есе жіберіп, ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: Қазақстан балуандары 8 медаль алды (ФОТО)

    Иорданияның астанасы — Амман қаласында күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күні Қазақстан құрамасының U15 грек-рим күресінің жас балуандары 3 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдеге ие болып, жалпыкомандалық есепте екінші орыннан көрінді. Атап айтар болсақ Диас Маратов (48 кг), Досбол Шәміл (57 кг) және Әбілмансұр Ахалбек (68 кг) Азия чемпиондары ...

    Read More »

    Астанада белбеу күресінен әлем чемпионаты өтеді

    15-16 шілдеде Астанадағы Beeline Arena спорт кешенінде белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасында әлем чемпионаты өтеді. Оған 30 елден келген 250-ге жуық спортшы қатысады. Әлемдік додада ерлер 16, ал әйелдер 5 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Ерлер арасындағы медаль жиынтығы еркін және классикалық стильде сарапқа салынса, әйелдер тек еркін тәсіл бойынша күреседі. Чемпионаттың қорытындысы бойынша қараша айында Ресейдің Екатеринбург қаласында ...

    Read More »

    Еркін күрес: Қазақстан құрамасы турнирде 9 медаль алды

     Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының балуандары Испанияның Мадрид қаласында еркін күрестен өткен халықаралық Гран-при турнирінде 9 жүлдені жеңіп алды. Ұлттық құраманың балуандары 4 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль алып, жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді. Атап айтқанда, Бекарыс Мейрамбек (55 кг), Бақытжан Қабыл (60 кг), Аманбек Алматбек (67 кг), Дамир Тұрсынов (82 кг) турнирдің жеңімпазы атанса, 55 келіде күрескен ...

    Read More »

    «Қазақстан барысы-2023» турнирінің жеңімпазы анықталды (ВИДЕО)

    Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өткен «Қазақстан барысы-2023» республикалық турнирінде балуан Ғалымжан Қырықбай жеңімпазы атанды. Ол финалда «Маңғыстау барысы» Нұрдәулет Жарылғаповты ұтты. Осылайша Жамбыл облысының балуаны, «Әскер барысы» Ғалымжан Қырықбай «Қазақстан барысы» атанды. Финалда балуандар бір-бірін аңдысып, негізгі уақыт тең аяқталған еді. Бірақ белдесудің соңында Ғалымжан Қырықбайдың бағы басым болды. Биылғы балуандар бәсекесінде 41 үміткер бақ сынады. Ғалымжан Қырықбай бұған ...

    Read More »

    Еркін күрес шеберлері турнирде 1 күміс, 4 қола медаль алды

    Қырғызстанның Бішкек қаласында Қожамқұл Қабаұлы мен Ратбек Санатбаев атындағы күрестен рейтингтік турнир аяқталды. Турнирдің соңғы күні еркін күрестен ұлттық құрама 1 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды. Сырбаз Талғат (70 кг) аса тартысты финалда қырғыз балуаны Орозобек Токтомамбетовке есе жіберді. Есеп: 3-2. Ал Мейрамбек Қартбай (57 кг), Жігер Закиров (79 кг), Азамат Дəулетбеков (86 кг) қола жүлдеге ие болды. Осының ...

    Read More »

    Грек-рим күресі: Марлан Мұқашев рейтингтік турнирде топ жарды

    Бүгін Қырғыз Республикасының астанасы — Бішкекте Қожамқұл Қабаұлы мен Ратбек Санатбаев атындағы күрестен рейтингтік турнир басталды, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ұлттық құрама спортшылары доданың алғашқы күні 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды. Грек-рим күресінен 55 кг дейінгі салмақта VI жазғы Спартакиаданың жеңімпазы Марлан Мұқашев финалда өзбекстандық Ихтиор Ботировты ұтып (4:2), ...

    Read More »

    Жақсылық Үшкемпіров турнирінде алты балуан жеңімпаз атанды

    Бүгін Астана қаласында даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Еліміздің әр өңірінен келген балуандармен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан Республикасы мен Израильдің үздік 164 спортшысы 3 күн бойы өзара сынға түсті. Қазақ балуандары арасынан Айбек Айтбеков (55 кг), Олжас Ерғали ...

    Read More »

    Сегіз қырлы, бір сырлы жан

    «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», — деген екен хакім Абай. Қай бір саланы алып қарасақ та ұстаздың орны ерек. Ұстазсыз биік бір мақсатқа жету мүмкін емес. Ұстаз шәкіртінің арманына арман, қиялына қанат бітіріп мақсатына жету жолында жанын аямайтын аяулы жан. Ұстаздық мінез — құлық нормасы мынадай болуға тиіс ол тым қатал да болмауға тиіс,тым ырыққа да жығыла бермеу керекү Өйткені, ...

    Read More »