• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Тұлға

    Аргентина халқы Мессидің ел президенті болғанын қалайды

    Аргентиналық атақты футболшы Лионель Месси өзін кезекті сайлау кезінде президент орынтағына ұсынар болса, оны ел тұрғындарының 43,7 пайызы қолдар еді. Бұл туралы MSN хабарлады. Бұдан бірер күн бұрын Giacobbe & Asociados ұйымы жүргізген әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы осындай нәтиже көрсеткен. Сонымен бірге француздың «Пари Сен-Жермен» клубының форвардын Аргентина президенті ретінде қабылдай алмайтын отандастарының саны 37,8 пайыз болған. Тағы 17,5 пайыздық қауым ...

    Read More »

    Пеленің жағдайы қиындап барады – БАҚ

    Атақты бразилиялық футболшы Пеле отбасымен және достарымен қоштаса бастады. Өйткені, оның жағдайы өте нашар. Бұл туралы британдық кәсіпкер, спорт менеджері Франк Халид хабарлады. «Пеле аурухана төсегінен отбасымен және достарымен қоштасады. Футбол аңызы Пеле қатерлі ісік ауруымен екі айдан беріп ауырып жатыр. 82 жастағы Пеле үшін қатерлі ісікпен күресу оңай болмай тұр. Отбасы оның жағдайы одан әрі нашарлап бара жатқанын айтады», ...

    Read More »

    Пеленің қызы әкесімен бірге ауруханада түскен фотосын көрсетті (ВИДЕО)

    «Футбол королі», XX ғасырдың ең үздік футболшысы Пеленің үлкен қызы әкесімен бірге ауруханада түскен фотосуретін жариялады. Қазір аты аңызға айналған футболшының үлкен қызы Кели Кристина Насименту ауыр кеселмен ауруханада жатқан әкесіне күтуші болып, жанында жүр. Ол әкесі екеуінің бірге түскен фотосын әлеуметтік желіде таратты. Біз әлі осындамыз, ауруды жеңеміз деген үмітпен күресіп келеміз. Тағы бір түніміз өтті, – деп жазды ...

    Read More »

    Спортты өркендету – өзге салаға өңгеріп жіберу емес

    Спорт саласын мәдениеттен бөліп, жеке-дара ведомство етіп құрылымдау мәселесі қоғамның талқысында тұр. Өйткені спорт – бейбітшілік елшісі. Мемлекет символы – Әнұранымыз шырқалып, көк туымыздың көкке көтерілуі екі жағдайда ғана орындалады. Ең алдымен, ел Президенті өзге мемлекетке ресми сапармен барғанда, екінші – спортшылар құрлықтық, әлемдік чемпионаттар мен Азия, Олимпиада ойындарында жеңіске жеткенде. Рухың алпыс екі тамырыңда тулап, ерекше күйге бөлейтін осынау ...

    Read More »

    Есімі ел есінде

    Алматыдағы Қазақтың Спорт және туризм академиясының шаңырағында қазақ күресіне өлшеусіз үлес қосқан ұлттық күресіміздің жанашыры, Қазақстан Республиксына еңбегі сіңген жаттықтырушы марқұм Нұржан Өтеновты еске алуға арналған төл күресімізден ересектер арасында республикалық жарыс болып өтті. Негізі бұл қазақ күресінің қазанында қайнасып, өмірінің соңғы сәтіне дейін бар күш жігерін салған ардақты жанды еске алуға арналған сауапты шара еді. Қазақ күресі бірде құлдилап, ...

    Read More »

    Қаламгерге құрмет

    Бүгін Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің ұжымы қоғам қайраткері, спорт тарихшысы Қыдырбек Рысбекпен кездесу өткізді. Кездесуде белгілі жазушы, журналист жиналған қауымға өз кітаптарын таныстырып, өмірбаяны мен спортқа қатысты оқиғаларды айтып берді. Ал мектеп оқушылары қазақ спортының шежіресін түгендеп жүрген тарихшыға сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауап алды. Осыдан кейін қарашаңырақтың спортшылары биыл 90 жылдығы тойланған ақиық ақын Мұқағали ...

    Read More »

    Бүлікшілерге қарсы тұрған батыр басшы

    Алматыдағы қаңтардың қайғылы оқиғасы қазақ еліне ауыр тиді. Қаншама боздақтар алаңға шығып, оққа ұшып, қаза болды. Иә, қазіргі ресми деректерде 200-ден асатын санды жария етуде. Ал, негізінде одан екі есе көп қазақ жастары жан құшты. Қаңтардың қайғылы күндерінің себеп-салдарын Үкімет тарапынан тағайындалған арнайы комиссия әлі зерттеп жатыр. Дегенменде бейбіт шеруге ілесе шыққан жазықсыз жандар ауыр жазаға тартылып кетпесе екен деген ...

    Read More »

    Дария су аққан сайын тазарады

    Желтоқсан батырлары ешқашан ұмытылмайды Алматыдағы  Орталық саябақтағы Мұхтар Әуезов атындағы стадионның жанында орналасқан күрес залында тамаша бір игілікті де сауапты спорттық шара өтті. Қазақ күресінен студенттер арасында өткен бұл дүбірлі қалалық жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына және Желтоқсан көтерілісінің қаhарманы Ербол Сыпатаевты еске алуға арналды. Оған қаладағы 10-ға тарта Желтоқсан ұйымының басшылары құрметті қонақ ...

    Read More »

    Назымбек қасымда қазір де жүргендей сезінемін…

    Осы сөздерді бірнеше рет қайталады да, дәулескер күйші, талантты өнерпаз Назымбек Молдахметовпен бір ауылда тай-құлындай тебісіп өскен ағайыны, жан досы Фараби Кенжалин ауыр күрсінді. Артынша әңгімеміз жалғаса берді. – Балалық шақта бір ауылда туып, тай-құлындай тебісіп қатар өскен өткен шақты еске түсірсеңіз? – Біздер 1970 жылы Торғай облыс болып дүркіреп тұрған кезде сол өлкенің Арқалық ауданы Қайыңды совхозында дүниеге келгенбіз. ...

    Read More »

    Қазақтан шыққан алғашқы киномеханик ана өмірден өтті

    Қазақ киноматогафиясы мен Орталық Азия аймағы бойынша алғашқы киномеханик қазақ әйелі, КСРО киноматография саласының үздік қызметкері, Құрмет және Октябрь Революциясы ордендерінің иегері, Жамбыл және Қордай аудандарының құрметті азаматы Рәпия Халыққызы Халықова анамыз бақилық дүниеге жол тартты. Халықтың, туған елінің ыстық ықыласымен кино қою саласында өлшеусіз еңбек еткен ұлы ананың ұлы жүрегі 2021 жылғы 25 мамыр күні тоқтап, мәңгілік сапарға аттанды. Рәпия ...

    Read More »