• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ұлттық спорт

    Оңласын атбегі өмірден озды

    Жетісу өңіріне атбегілік өнерімен танымал болған Оңласын қария   фәниден бақиға аттанды, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Саналы ғұмырын асыл тұқымды жылқы бағумен өткізген тәжірибелі атбегі, кәнігі шабандоз туралы кеңінен сөз қозғауды алдағы күндердің еншісіне қалдырдық. Ал,  Жетісу өңіріне есімі мәшһүр Əбіқай Жапаров, Нəркен Қалыбеков сынды атақты атбегілерден тәлім алған Оңласын ақсақалдың өнегелі өмірі ықшамдай айтқанда төмендегідей өріледі. Оңласын  САТЫБАЛДЫҰЛЫ – ...

    Read More »

    Атырауда «Дарабоз – 2019» турнирі аяқталды

    Атыраудың Талдыкөл елдімекені аумағында өткен «Алтын тұлпар» аламан бәйгесімен қатар ұлттық спорт түрлерінен «Дарабоз-2019» турнирі  өтті, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық спорт қауымдастығы. 11-12 қазан күндері Махамбет ауданындағы Талдыкөлдің төсін дүбірлеткен «Дарабоз-2019» турнирі атыраулықтардың аса қызыға тамашалаған спорттық жарысы болды.  Жайық жағасындағы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жарыс  алаңына халық молынан жиналды. Ұлттық спорттың көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, бәйге түрлерінен және қазақы тазы ...

    Read More »

    «Алтын тұлпар – Жайық жағасындағы» аламан бәйге аяқталды

    «Алтын тұлпар»  алғаш рет  Атыраудың төсін бір дүбірлетті. Бесінші мәрте ұйымдастырылған 51 шақырымдық ат жарысын тамашалау атыраулықтарға бұйырды.  Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығы мен Атырау облысы әкімдігі және Ұлттық спорт қауымдастығының Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен аламанда он екі өңірдің қырыққа жуық жүйрігі бақ сынады. «Nur Otan» партиясы мен Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен бәйгенің бас жүлдесі 10 млн ...

    Read More »

    Астанада садақ атудан турнир өтті

    Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы «Алатау» спорт кешенінде республикалық «Садақ ату» федерациясының ұйымдастыруымен ерлер мен қыздар арасындағы ашық турнир ұйымдастырылды, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық спорт қауымдастығы. Бұл жуырда ғана құрылған республикалық «Садақ ату» федерациясының ұйымдастыруымен дәстүрлі садақты тұрып  атудан  өткен екінші жарыс. Мергендік сайысқа елордалықтардан басқа Қарағанды қаласындағы Шаризат Қазтаев басқаратын «Қайрат» ұлттық спорт мектебінің оннан астам талапты жастары және мажарстандық әуесқой ...

    Read More »

    Атырауда «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі басталады

    Бүгін Атырау қаласындағы «Атырау-ақпарат» ғимаратында 12 қазанда өтетін «Алтын тұлпар – Жайық жағасында» аламан бәйгесі мен «Дарабоз-2019» турниріне байланысты баспасөз мәслихаты өтті. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Жиынға қатысқан БАҚ өкілдеріне Ұлттық спорт қауымдастығының бас хатшысы Нұрсұлтан Ибрагимов «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің ұйымдастырылуы мен Атырау өңірінде өткізілуі себептерінен бастап, алдағы аламан бәйгеге қатысатын атақты жүйріктер туралы айтты. –12 қазан ...

    Read More »

    Көрші елде көкпардан әлем чемпионаты өтеді

    20-27 қараша аралығында Өзбекстанда көкпардан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Осы әлемдік бәсекеге Қазақстанның көкпардан ұлттық құрама командасы даярлықты қазірден бастады. Жамбыл облысы, Меркі ауданында Мәдениет және спорт министрлігінің жылдық күнтізбелік жоспар бойынша өтетін 18 күндік жалпы дене дайындығына арналған оқу-жаттығуға Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласынан   барлығы 24 спортшы қатысады. Атап айтқанда, ...

    Read More »

    «Алтын тұлпарда» жүлде алған жүйріктер

    «Алтын тұлпарда» – 2014 жы­лы 75 жүйрік, 2015 жылы 96 жүйрік, 2016 жылы 78 жүй­рік, 2017 жылы 37 жүйрік  бақ сынады. «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің Қазақстанның ең үздік сәйгүліктері қатысатын, айтулы атбегілердің асыға күтетін қызықты мерекесіне айнала бастағанына бірнеше жыл. Нақты айтқанда, бұл ат жарысы ең алғаш 2014 жылы «Нұр-Отан» партиясының қолдауымен, партияның 15 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған болатын. Сондай-ақ,  ...

    Read More »

    Ақтөбеде тоғызқұмалақ бәсекесі мәреге жетті

    Ақтөбе қаласындағы шахмат клубында ту көтерген, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және  еліміздің 12 облысынан 56 спортшы қатысқан тоғызқұмалақ бәсекесі де аяқталды.  Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Фестивальға қатысушылар қатарында 2 республикалық еңбек сіңірген спорт шебері, 15 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 15 спорт шебері атағын иеленген тәжірибелі ойыншылар болды. Ойыншылар тоғызқұмалақтың классикалық түрінен бақ сынады. Жарыстың бас төрешісі – халықаралық дәрежедегі ...

    Read More »

    Ақтөбеде көкпар жарысы аяқталды

    Ақтөбе қаласында 18 қыркүйекте басталған көкпар додасы бүгін мәреге жетті. Фестивальға қатысқан еліміздің 12 көкпар командасы арасынан үздік шыққан төрт команда таңертеңнен бастап жүлделі орындарды сарапқа салды. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Солтүстік Қазақстан облысы мен Ақтөбе облысы командалары арасындағы бәсеке 3:2 есебімен аяқталып, ақтөбелік көкпаршылар қола жүлдеге қол жеткізді. Ал, финалдық ойында ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрдәулет Момыновтың ...

    Read More »

    Ұлттық спорт түрлерінен фестиваль: құсбегілік бәсекесі 

    Ақтөбе қаласының іргесіндегі Ақжар ауылы аумағында өткен құсбегілер бәсекесі кеше аяқталды. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады.  Жарысқа еліміздің 11 өңірінің құсбегі-спортшылары қатысты. Жанкүйерлер саят құстарының еркін ұшыру, қолға шақыру  бәсекелерін, бүркіттің шырғаға, қоянға, түлкіге түскенін, қаршығалардың қоян, кептер ұстағанын, ителгілердің қоянға түсіп, далбайда ойнағанын бірнеше күн бойы тамашалады. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын ұлттық спорт фестиваліндегі құсбегілер  жарысының нәтижесі ...

    Read More »