• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ұлттық спорт

    «Алтын тұлпар» Жайықтың жағасында жалғасады

    12 қазан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында «Нұр-Отан» партиясының қолдауымен, Ұлттық спорт қауымдастығы мен Атырау облыстық әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен Атырау облысы, Махамбет ауданы Алмалы елдімекенінде «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі тамашаланады. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. «Алтын тұлпар» бәйгесінің 2014 жылдан бастап төрт мәрте Нұр-Сұлтан қаласы аумағында өткізілгені баршаға белгілі. Қазақы қолтума жүйрік жылқылар ...

    Read More »

    Ұлттық спорт түрлерінен фестиваль: жамбы ату

    Бүгін Ақтөбедегі ұлттық спорт фестивалінің Жамбы ату бәсекесі аяқталды. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Фестивальға Нұр-Сұлтан қаласының, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл мен Атырау облыстарының мергендері қатысты. Ат үстінен садақ атудан бақ сынаған 13 өңірдің мергендері арасынан жүлделі орын иелері анықталды. Фестивальдың алтын жүлдесін 33 ұпай иеленген сұрмерген Ералхан Айкөз олжалады. ...

    Read More »

    Ұлттық спорт түрлерінен фестиваль: көкпар

    Ақтөбедегі ұлттық спорт фестивалында 18 қыркүйек күні басталған командалық көкпар бәсекесі де мәреге жетуге таяп қалды. Кеше еліміздің көкпар командаларының  соңғы кездесулері аяқталды. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Нәтижесі төмендегідей. 5 орын – Нұр-Сұлтан қаласының командасы.  6 орын – Қостанай облысы. 7 орын – Маңғыстау облысы. 8 орын – Ақмола облысы. 9 орын – Қызылорда облысы. 10 орын – ...

    Read More »

    Ұлттық спорт түрлерінен фестиваль: тоғызқұмалақ

    Ақтөбе қаласында ұлттық спорт түрлерінен басталған V фестиваль көрігін тоғызқұмалақ шеберлері қыздыруда. Жарысқа Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және еліміздің 12 облысынан барлығы 56 спортшы қатысуда. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Тоғызқұмалақ бәсекесі Ақтөбе қаласындағы шахмат клубында ту көтерді.  Фестивальға қатысушылар қатарында 2 республикалық еңбек сіңірген спорт шебері, 15 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 15 спорт шебері атағын иеленген тәжірибелі ойыншылар бар. ...

    Read More »

    Ақтөбеде ұлттық ойындар салтанат құрды

    Бүгін Ұлттық спорттан V фестивальдің салтанатты ашылуы өтті. Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында өткен салтанатты жиынға Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Салтанатты жиын соңынан осы спорт кешенінде Қазақ күресінің алғашқы белдесулері басталып кетті. Бүгін боз кілемге 55 және 60 кило салмақтағы балуандар шықты. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Сондай-ақ, бүгінгі күні ...

    Read More »

    Ақтөбеде Ұлттық спорт фестивалі басталды

    Ақтөбе қаласында кеше басталған Ұлттық спорт фестивалінің алғашқы күндері жанкүйерлер көкпар додасын тамашалауда. Еліміздің 12 көкпар командасы  V фестиваль жүлдесін сарапқа салуды бастап кетті. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. V фестивальға Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының командалары қатысуда. Бұл он екі команда төрт топқа бөлінген. ...

    Read More »

    Ұлан-Батыр қаласында садақ атудан жарыстың жалауы желбіреді

    Моңғолия мемлекеті дәстүрлі садақ атудан І халықаралық турнирді Ұлан-батыр қаласында ұйымдастырды. Қыркүйектің 5-9 күндері аралығында өткен бұл жарыста 27 мемлекеттің алпысқа жуық мергендері бақ сынады. Бұл туралы Қазақстан ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Мергендік сайысынан Моңғолияда ұйымдастырылған І халықаралық турнир «Азия стилі», «Корей стилі», «Еуропа стилі» және Моңғолия дәстүрлі садақ ату стилі бойынша өтті. Қаршадай баласынан, қажырлы қариясына дейін ұлттық садақ ...

    Read More »

    Төрт құрлықта Түкиевтің тулары тұр

    Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясын табаны күректей 13 жыл басқарып, қазақтың өзі жөндеп қадіріне жете қоймаған ұлттық күресті төрт құрлыққа мәлім қылып, 30-ға жуық елде федерация құруға қол жеткізген Серік Адамболсынұлы, міне, алты айға жуық жаламен қамауда отыр. Тамыздың 13-і күні Қазақ елінің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына бір топ спорт қайраткерлері мен атақты спортшылар ашық хат жолдаған едік. Қазір сол хатқа ...

    Read More »

    Мергендер XV әлем чемпионатында 17 жүлде жеңіп алды

    Біздің сұрмергендер Оңтүстік Кореяда өткен XV әлем чемпионатынан қанжығаларын медальға толтырып оралуда.  Қазақ ұлттық құрама командасының спортшылары  әлемдік айқаста жиыны 3 алтын, 2 күміс, 12 қола медаль   ұтып алды деген сүйінші хабар алдық. Жеңімпаз спортшыларымыз арқылы Оңтүстік Кореядағы Дүниежүзілік ат үстінен садақ ату федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығына арнайы сыйлық жолдапты. Оңтүстік Кореяның Сокхчо қаласында ат үстінен садақ атудан өткен XV ...

    Read More »

    Әлем чемпионатында қазақ мергендері жүлде алды

    Бүгін Оңтүстік Кореядан сүйінші хабар алдық. Ат үстінен садақ атудан ұйымдастырылған әлем чемпионатының  командалық жарысында біздің үш мергеніміз қола жүлдегер атанды. Оңтүстік Кореяның Сокхчо қаласында ат үстінен садақ атудан XV әлем чемпионатының 27 тамызда басталғанын, біздің Абзал Тулыбеков, Ералхан Айкөз, Бақдәулет Бабажан, Айтбек Сарыбай  есімді мергендеріміздің осы жарыстың бел ортасында жүргенін бірер күн бұрын хабарлаған болатынбыз. Биылғы әлем чемпионатында 27 ...

    Read More »