• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ұлттық спорт

    Қырғызстанда президенттің көзінше ұлттық ойын төбелеске ұласты (ВИДЕО)

    Қырғызстанның Ош қаласындағы атшабарда көкбөріден президенттің кубогы үшін өткен жарыс төбелеске ұласты. Финалда Ош облысының «Достық» пен Талас ауданының «Ынтымақ» командалары кездесіп, төрешілердің шешіміне қарсы шықты. Төрешілер жеңісті таластық командаға берген. Бұған Оштың жанкүйерлері ашуланып, көкбөрінің соңы шапқыншылық шайқасына ұласып кетті. Осының бәрі трибунада көкбөріні тамашалауға келген президент Садыр Жапаровтың көзінше болған. Мемлекет басшысы трибунада отырып, басын шайқап, ештеңе істей ...

    Read More »

    Көкпардан Қазақстан чемпионаты аяқталды (ФОТО)

    Қостанай қаласында Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Қостанай облысының әкімдігі ұйымдастыруымен көкпардан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Еліміздің 15 өңірінен келген 2006-2008 жылы туған жасөспірімдер командалары өзара ең мықтыны анықтады. Алты күн бойы Қостанай атшабарын додаға айналдырға дүбірлі жарыста ұлттық ойынның жаңа да жас буыны қалыптасқаны анық көрінді. Чемпионатта ...

    Read More »

    Ұлттық спорт түрлерімен айналысатын азаматтардың саны 35 пайызға артты – Сәрсен Құранбек

    Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек елімізде соңғы 3 жылда ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың саны 35 пайызға артқанын айтты. Бұл туралы ведомствоның ресми сайты хабаралды. Оның айтуынша, егер 2020 жылы 432 мың адам ұлттық спорт түрлерімен айналысса, 2022 жылдың соңында бұл сан 584 мың адамға жетті. Ең үлкен көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді. Бұл жерде  110 мыңнан астам ...

    Read More »

    Астана күні мерекесіне 50-ге жуық спорттық іс-шара жоспарланып отыр

    Астананың 25 жылдығына орай қалада 50-ге жуық спорттық-бұқаралық іс-шара өткізіледі. Бұл туралы қаланың Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Карбозов айтты. Елорданың 25 жылдығына арналған іс-шаралар шілде айында басталды. 2 шілдеде сағат 12:00-де «Барыс Арена» спорт сарайында өтетін он жылдық тарихы бар «Қазақстан барысы» турнирі маңызды оқиғалардың бірі болады. Турнир елімізде ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы саламатты өмір салтын ...

    Read More »

    «Жамбы ату» федерациясы ресми түрде халықаралық альянс мүшесі атанды

    Елімізде ат үстінде садақ ату спорты ресми түрдегі даму жолын 2014 жылы бастады. Ал, бүгінде жамбы атудан жасөспірімдер, жастар, ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты тұрақты түрде өтіп тұрады, деп хабарлады halyq-uni.kz. Жуырда ҚР «Жамбы ату» федерациясының президенті Еркебұлан Ильясов аталған спорт түрін халықаралық деңгейде дамыту мақсатында 2023-2027 жылдарға арналған даму бағдарламасын қабылдады. Осы даму бағдарламасы аясында Венгрия елінде өтіп жатқан Әлем ...

    Read More »

    Қазақ шабандозы Францияда қатарынан екі бас жүлдені жеңіп алды

    Қазақ шабандозы Бауыржан Мұрзабаев беделді «Катар При» ат жарысына қатысып, екі рет бас жүлде иеленді. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы хабарлады. Сайыс Францияның солтүстігіндегі Шантийи қаласында өтті. Бауыржанды Францияға атақты жаттықтырушы Андре Фабре шақырған. Отандасымыздың шеберлігі Еуропаға таныс болғанмен, Францияның атсүйер қауымы арасында аса танымал емес. Бірақ соған қарамастан Фабре Бауыржанды өзінің басты шабандозы етіп тағайындаған. Қандасымыз бапкердің артқан үмітін ...

    Read More »

    Дүниежүзілік халықаралық аударыспақ федерациясы құрылды

    Алматыда Қазақстанның Аудыраспақ Федерациясы өкілдері мен Моңғолиядан келген делегациямен кездесуі өтті, деп хабарлады Halyq Uni. Кездесудің негізгі мақсаты Моңғолияда «Аударыспақ» спортын дамыту, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ат спорты түрлері қауымдастығы мен Аударыспақ Федерациясының қолдауымен IV Азия чемпионатын өткізу және федерациялар арасындағы жұмыс жоспарын талқылау болды. Кездесу аясында екі федерация ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бұл қадам Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ұлттық ат ...

    Read More »

    Шымкентте бәйгеден Қазақстан чемпионатының екінші кезеңі өтті

    Бүгін Шымкент қаласындағы ипподром алаңында бәйгеден Қазақстан чемпионатының екінші кезеңі өтті, деп хабарлады Halyq Uni. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы баспасөз қызметінің мәліметінше, жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев, ҚР «Бәйге» федерациясының президенті Қанат Көпбаев арнайы қатысқан. Бәйге — халқымыздың қанына сіңген спорт түрі. Бұл қазақ халқының ұлттық мәдениетінің өзіне тән ерекшелігі. ...

    Read More »

    Алматы облысында ұшқыр бәйгеден QAZAQ WORLD CUP турнирі басталады

    1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай, Алматы облысының Талғар ауданындағы Қобланды батыр атындағы ипподромда Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұшқыр бәйгеден Qazaq World Cup турнирі өтеді. Жүлде қоры – 17 700 000 теңге болатын жарысты Ұлттық спорт қауымдастығы, Алматы облысының әкімдігі, республикалық «Бәйге» Федерациясы, «Қазақ Жокей Клубы» қоғамдық ұйымы мен «Bayserke Agro» ...

    Read More »

    Атырау облысында ұлттық спорт түрлерінің дамыту бойынша жиын өтті

    Бүгін Атырау университетінде Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаевтың қатысуымен «Атырау облысындағы ұлттық спорт түрлерінің дамуы» тақырыбында жиын өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Іс-шараға ұлттық спорт түрлерінен Атырау облыстық федерация басшылары, аға жаттықтырушылар мен мамандар қатысты. Атырау облыстық спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуова облыстағы ұлттық спорт түрлерінің дамуы жөнінде баяндама жасап, статистикалық мәліметтерді жариялады. Оның айтуынша, ...

    Read More »