• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ұлттық спорт

    Атырауда дәстүрлі садақ атудан «Алтын Орда» халықаралық турнирі аяқталды

    Атырау қаласында 27-28 сәуір күндері Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен алғаш рет өткен дәстүрлі садақ атудан «ALTYN ORDA» халықаралық турнирі қорытындыланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Турнирде садақшылар 30 метрден 70 метрге дейінгі қашықтыққа арналған Пута, Орта Азия, Жамбы нысана түрлері бойынша мергендік шеберліктерін сынасты. Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев пен Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті-Бас хатшысы Тастанбек Есентаев аталған шараға арнайы қатысып, ...

    Read More »

    Қазақ-қырғыз «Көкпар» федерацияларының басшылары кездесті

    Бүгін Астанада Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов пен «Көкпар» федерациясының президенті Бауыржан Исабаев Қырғыз Республикасы «Көк бөрү» федерациясының президенті Талас Бегалиевпен кездесті. Бұл туралы Halyq Uni хабарлады. Жиында қатысушылар қордаланған бірнеше мәселелерді көтеріп, оларды оңтайлы шешу жөнінде, сонымен қатар, көкпар спортының дамуы мен ондағы ережелерді бірлесе бекіту жайын талқылады. Одан бөлек, тараптар келесі жылы Қазақстанда өтетін V-Көшпенділер ойындарын өте жоғары ...

    Read More »

    Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті тағайындалды

    Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановтың бұйрығымен Тастанбек Есентаев ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті – бас хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы қауымдастықтың баспасөз қызметі хабарлады. Тастанбек Есентаев 1960 жылы Батыс Қазақстан облысы Жымпиды ауданында туған. Қарағанды педагогикалық институтын, Қазақстан-Ресей университетін және Украина ұлттық спорт және дене тәрбиесі университетін бітірген. Еңбек жолын 1985 жылы Қарағанды қаласындағы орыс тілі және әдебиетін арнайы ...

    Read More »

    «Кім істегенін білмеймін»: Бейбіт Ыстыбаев аяғының төрт жерден сынғанын айтты

    «Қазақстан Барысы» турнирінің бірнеше дүркін жеңімпазы, қазақ күресінен әлем және Азия чемпионы Бейбіт Ыстыбаев сол аяғын сындырып алды. Бұл туралы ол Uaqyt.info сайтына берген сұхбатында айтты.  Балуанның айтуынша, ол бес айдан бері аяғындағы сынықты емдеп келеді. Белгілі балуан көкпарда жүргенде аяғын ат қағып кеткенін жасырмады. «Осыдан бес ай бұрын Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде көкпар болды. Ойынның соңғы жағында ат соғып, ...

    Read More »

    Қазақстан көкпардан халықаралық ойында жеңіске жетті

    Өзбекстанның Сұрхандария облысының Термез ауданында көкпардан өткен халықаралық ойында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Бұл туралы uza.uz хабарлады. Өзбекстан Республикасы президентінің 2021 жылғы 5 тамыздағы «Сұрхандария облысында қарабайыр тұқымды жылқыларды өсіру және насихаттау сонымен қатар, ат спортын одан әрі дамыту шаралары туралы» шешімін іске асыру аясында көкпардан өткен халықаралық ойында Қазақстан құрамасы бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаз командаға 100 млн сум сыйақы ...

    Read More »

    Жүлде қоры – 75 миллион теңге: Шымкентте республикалық этно фестиваль өтеді (КЕСТЕ)

    20 – 22 наурыз аралығында Шымкент қаласында ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлау және жаңа ипподромның ашылуы аясында GREAT QAZAQ GAMES республикалық этнофестивалі өтеді. BIG QAZAQ GAMES – көшпенділердің ұлттық коды негізіндегі олимпиаданың аналогы. Бұл туралы halyq-uni.kz хабарлады. Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, өскелең ұрпаққа насихаттау, бабалар аманатының ғасырдан ғасырға жетуіне ықпал ету, Әділетті Қазақстанның әрбір азаматының өнерін, қабілетін бағалау, ...

    Read More »

    Екібастұзда тұңғыш рет садақ атудан жарыстың жалауы желбіреді (ФОТО)

    Екібастұз қаласындағы Мәшһүр Жүсіп атындағы ғылым мектебінің базасында қазақтың ұлттық спорт өнерінің бірі — садақ атудан ересектер мен жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өтті. Ашық біріншілікті ұйымдастырған «Зерде» мамандырылған дарынды балаларға арналған лицей-мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі  Нұрбек Мұқышевтің айтуынша, аталған мектепте оқушылар арасында садақ ату үйірмесінің ашылғанына екі жыл болды. Былтыр төрт оқушы Қарағандыда өткен республикалық турнирден олжалы оралды. Екі жыл ...

    Read More »

    Исламбек Салжанов: «Біздің мақсат — қазақ ат спортын әлемдік деңгейге көтеру»

    11 наурыз күніҰлттық спорт қауымдастығының пезиденті Исламбек Салжанов елімізге арнайы сапармен келген әлемдік танымал жокей, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Бауыржан Мырзабаевпен кездесті. Тараптар еліміздегі ұлттық спорт түрлері дамуының қазіргі жағдайы мен бұл саладағы үздік әлемдік тәжірибені енгізу сияқты мәселелерді талқылады. Сонымен бірге, қазір Германияда тұрып жатқан спортшы Еуропа елдеріндегі қазақ диаспорасы тарапынан ұлттық спорт түрлерін насихаттауға қызығушылық бар екенін ...

    Read More »

    Талғарда «Аударыспақ» федерациясының І форумы басталады

    Бүгін Алматы облысы Талғар ауданындағы Бесқайнар ауылында «Аударыспақ» федерациясының І форумы басталады. Басқосуда федерацияның жаңа сайланған президенті М. Жұман ұйымның өңірлердегі өкілдерімен, төрешілермен және спортшылармен кездеседі. Жиынға Ұлттық және ат спорты түрлері РМҚК-ның вице-президенті Б.Сәбитов пен Аударыспақ федерациясының директоры С.Хандуллаев қатысады. Іс-шара аударыспақ ұлттық спорт ойынын 2027 жылға дейін дамыту және насихаттау, еліміздің спортшыларын 2024 жылы Астанада өтетін V Дүниежүзілік ...

    Read More »

    Тоқаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын лайықты өткізуді тапсырды

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаевқа қауымдастықтың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды. Исламбек Салжановтың айтуынша, көкпар, жамбы ату, аударыспақ, теңге ілу, бәйге, құсбегілік, дәстүрлі садақ ату, тоғызқұмалақ және асық ату секілді ұлттық спорт түрлерінің федерациялары қауымдастық аясына біріктірілген. Сонымен қатар ұлттық спорттың дамуына ...

    Read More »