• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ұлттық спорт

    Түркияда асық атудан Еуразия кубогы басталды

    Түркияның Анталия қаласында асық ату мен тоғызқұмалақтан Еуразия кубогы басталды. Оған Қазақстан құрамасы сапында асық атудан 3 команда болса, Түркия 5 команда қатыстыруда. Бұдан басқа Қырғызстан, Чехия, Германия және Румыниядан келген асықшылар жарыс көрігін қыздыруда. Жалпы алғанда асық ату мен бес асықтан барлығы 66 спортшы сынға түсуде. Кеше жарыстың бірінші күні алдын-ала ойындар болды. Бүгін де өзара мықтылар анықталып, 2 ...

    Read More »

    Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы биылғы жылға жұмыс жоспарын бекітті

    Астанада Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының алқа отырысы өтті. Жиынға Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, қауымдастық президенті Исламбек Салжанов және ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кіретін федерациялардың басшылары қатысты. Кездесуде қауымдастықтың биылға арналған даму стратегиясы мен жұмыс жоспары таныстырылып, бекітілді. Алқа отырысында сөз сөйлеген мәдениет және спорт министрі Ұлттық спорт түрлерінің барлық қазақстандық үшін ерекше маңызы бар екенін атап өтті. ...

    Read More »

    Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшылық құрамы сайланды

    Ұлттық спорт қауымдастығының басшылық құрамында өзгерістер болды. 6 ұлттық спорт түрі бойынша республикалық федерациялардың басшылары сайланды. Республикалық «Бәйге федерациясы» РҚБ президенті болып «Kusto Group PTE Ltd.» директоралар кеңесінің мүшесі, YPO Kazakhstan мүшесі Қанат Көпбаев сайланды. Қазақстанның құрметті құрылысшысы, «BI Group» компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаев «Көкпар» федерациясының президенті болды. «Alageum Electric» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстанның электр машиналарын жасау қауымдастығы» ЗТБ басқарма басшысы, YPO ...

    Read More »

    «Turan Barysy» Азия кубогын Қазақстан құрамасы жеңіп алды

    Түркістанда «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен өткен «Turan Barysy» Азия кубогы үшін турнир өтті. Жарыста Қазақстан балуандары жеңімпазы атанды. Турнирге Түркі мемлекеттері ұйымының алты елі – Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан мен Қазақстанның балуандары қатысты. Финалға Қазақстан мен Өзбекстан командасы шықты. Қазақ  балуандары Өзбекстанның өкілдерін 4:3 есебімен ұтып, турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды. Күміс жүлдені Өзбекстан, ...

    Read More »

    Әке көрген оқ жонар

    Осы бір сөздің астында үлкен мән жатыр. Әкенің ақылы, қамқоры, мейірімі, қолдауы жетіспесе баланың толыққанды азамат болып өсуі қиындау. Иә, кейбір әкелер балаларына тіпті уақыт бөліп қарамақ тұрмақ құшағына алып әкелік парызын өтеуден жырақ жүреді. Содан барып әке мейірімін көрмеген бала өз ортасында өзгеден саяқ, жабырқау, суықтау болып өсері анық. Ал, кейбір әкелердің баласының жанында айналып, толғанып шапқылап жүргенін көргенді ...

    Read More »

    Түркістанда тұңғыш рет «Turan Barysy» турнирі өтеді

    29 қазанда Түркістан қаласында «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен «Turan Barysy» Азия кубогы өтеді. Жарысқа еліміздің балуандарымен бірге Түркі мемлекеттері ұйымына мүше Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан мен Мажарстанның өкілдері қатысады. Қазақ күресі балуандары 18 жастан асқан жеті адамнан тұратын командалар атынан сынға түседі. Спортшылар жеті салмақ (55 кг, 60 кг, 66 кг, 74 кг, 82 ...

    Read More »

    Райымбек батырдың атындағы жарысқа — 20 жыл

    Қазақ тарихының сахнасында кең байтақ жерімізді жаудан азат етуде көзсіз ерлігімен аттары қалған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Сұраншы, Саурық, төлек Жәуке батыр секілді аттары жер жарар көптеген алыптардың қатарында Райымбек Түкеұлының да шоқтығы биік тұрғанын білеміз. Райымбек есімі бүтін бір аймақтың ұраны болды. Ата- тегі Үйсіннің Албан руынан, оның ішінде Алжаннан тараған. Туған әкесі Түке болса, үлкен атасы атақты Хангелді батыр. ...

    Read More »

    Спартакиада: Жұма намазға жиналған жамағат жарысты

    Азаматтардың  дұрыс бағытта жүріп, олардың тура жолдан таймауы үшін Алматы қалалық Дін істері басқармасы дәстүрлі Исламның сан ғасырлық өнегесін насихаттап келеді. Тіпті, діндар азаматтардың спортпен үздіксіз айналысуы үшін де бар жағдайды жасауда. «Ұлттық мұра» бағдарламасы мен қалалық Дін істері жөніндегі басқармасы бірлесе өткізген кезекті Спартакиада алып шаһар Алматы қаласының бес бірдей мешітінде өтті. Жұма намазға жиналған көпшілік Конституция күніне орай ...

    Read More »

    Құрбан айт жарыстың көрігін қыздырды

    Барша мұсылманның көптен күткен Құрбан айт мерекесі де келіп жетті. Қасиетті Айт күнінде жағдайы келген әрбір мұсылман құрбан шалуға міндетті. Дегенменде хадисте: «Нағыз байлық – дүниенің ағыл-тегіл көптігі емес. Нағыз байлық – жан сарайының байлығы», – деген. Ендеше, бұл күні иманын  күшейтіп, жақындарын аралап Айт мерекесімен құттықтап, қауышу да адамның жан сарайының байлығын нығайта түседі. Таң қылаулап ата бастаған сәттен ...

    Read More »

    Қорғалжында тегіне тартқан тарландар тұрады

    13-14 мамыр күндері Ақмола облысының  Қорғалжын ауданында алғаш рет «Жігер – 2022» оқушылар спартакиадасы өтті.  Оған аудан бойынша 13 мектептен 446 бала қатысты. Спартакиадада оқушылар тоғызқұмалақ, футбол, дзюдо, асық ату, үстел теннисі, президенттік көп сайыс, қыздар және ұлдар арасындағы волейбол  секілді спорт түрлерінен бақ сынасып, мықты дегендері жеңіс тұғырына шықты. Жарыста төрешілердің шешімімен бірінші орынды Қорғалжын  мектеп-гимназиясы, екінші орынды Ақтан ...

    Read More »