• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: «Астана»

    Астанада Борис Керімбаевты еске алуға арналған турнир басталды (ВИДЕО)

    Астанада 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында алғаш рет Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл және қазақтың «қара майоры» атанған Борис Керімбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен турнир болып жатыр, деп хабарлады Астана қаласының әкімдігі. Биылғы жылдың алғашқы ірі додасына еліміздің 12 облысынан 250-ге жуық балуан қатысуда. Оның ашылу салтанатына Грек-рим, еркін, әйелдер күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов қатысып, спортшыларға ...

    Read More »

    Астанада Жақсылық Үшкемпіровті еске түсіруге арналған  турнир өтеді

    11 мен 13 наурыз аралығында Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе жек сарайында КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер (U20) арасында халықаралық турнир өтеді. Оған әлемнің ең үздік бозкілем шеберлері қатысып, 10 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Іс-шара Туризм және Cпорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері ...

    Read More »

    Астанада грек-рим күресінен ел чемпиондары анықталды

    Астана қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында грек-рим күресінің балуандары екі күн бойы кілемге шығып, өзара чемпиондар мен жүлдегерлерді анықтады. Бұған дейін ел чемпионатында 55, 63, 72, 82 және Олимпиада бағдарламасына кіретін 97 келі салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салып, шын мықтылар құрмет тұғырының ең биік сатысына кқтерілген еді. Енді міне, 60, 67, 77, 87 және 130 кг салмақ дәрежесіндегі ...

    Read More »

    Қазақтың намысы басқалардан ерекше тұрады — армлифтингтен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Мұрат Нұрғазин (ФОТО; ВИДЕО)

    Бүгін армлифтингтен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Мұрат Нұрғазинмен кездесіп қалдық. Ойда жоқта кездестік. Бұл жігітті мен сырттай білетінмін. Расын айтқанда, онымен бірде бір рет кездеспеген едім. Енді міне, бүгін сабақты ине сәтімен дегендей, Мұрат Мырзағалиұлымен жолығудың сәті де түсті. Бұл спортшыны көп адам біле бермейтін шығар. Олай дейтінім, Мәкеңнің өзі көпшіліктің алдына көп шыға бермейді. Бұған дейін Khabar телеарнасындағы ...

    Read More »

    Астанада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды

    Астанада Туризм және спорт министрлігі мен Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ұйымдастыруымен күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды. Чемпионат 1-5 ақпан аралығында Жақсылық Үшкемпіров атандағы Жекпе-жек сарайында болады. Ел чемпионаты Олимпиялық ойындарға енгізілген күрес түрлерін танымал ету, оның беделін арттыру мен күрес түрлерінен ұлттық құраманы іріктеу мақсатында өткізіледі. Қазақстан чемпионатының жүлдесіне таласатын балуандар арасында ұлттық құрама үздіктері де бар. Атап ...

    Read More »

    Біз үшін үлкен қуаныш әрі жауапкершілік — Даниал Ахметов

    Бүгін Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде World Athletics Indoor Tour Gold 2024 аясында Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes халықаралық жеңіл атлетика турнирі қарсаңындағы баспасөз жиыны өтті, деп хабарлады Жеңіл атлетика федерациясы. Жиынға Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов, Дүниежүзілік жеңіл атлетика өкілі Пирс Окаллахан, 2020 жылғы Олимпиада чемпионы және әлем рекордшысы Арманд Дуплантис, сондай-ақ жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының ...

    Read More »

    «Крещение» кезіндегі шомылу: Астананың құтқарушылары сақтық шараны ескертті

    18-19 қаңтарда «Крещение» православие мерекесі  шіркеулерде аталып өтеді. Биылғы жаппай шомылу кезінде Астана қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Азамат Жұмекешов айтты, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты. Биылғы «Крещениеге» орай елордада Есіл өзенінің сол жағалауында, «Астаналық» саябағының жағалауында (Орталық жағажайдың жанында) жаппай шомылуға арналған ойықтар орнатылды. Суға шомылатын орындар 18 ...

    Read More »

    Қазақстан спортшылары Олимпиадаға аттанды (ВИДЕО)

    Астанада IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына спортшыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Төрт жылдықтың басты жарысы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясының Каннын қаласында болады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Салтанатты іс-шараға туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері, спорт ардагерлері, федерация басшылары мен мемлекеттік жаттықтырушылар қатысты. Іс-шарада жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу рәсімінде ...

    Read More »

    Астанада Олимпиадаға рейтингтік ұпай берілетін турнир өтеді

    Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam  турнирі өтеді . Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 2024 жылғы спорт кестесіне сәйкес, Qazaqstan Barysy Grand Slam 2024 жарысы Алматы қаласынан Астана қаласына ауыстрылды. Турнир 10-12 мамыр күндеріне жоспарланып отыр. Бұл жарыс 2024 жылғы Париж Олимпиадасына рейтингтік ұпай беретін соңғы Grand Slam жарысы болады. Grand Slam жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бірінші орын -үшін 1000 ұпай, ...

    Read More »

    Астанадан Бурабайға қарай жаңа жылдық пойыз шықты (ВИДЕО)

    Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астанадан Бурабайға дейінгі арнайы брендтелген электр пойызы жолға шықты. Бұл –Туризм және спорт министрлігі Kazakh Tourism ұлттық компаниясы мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бірлескен жобасы, деп хабарлады ведомство. Арнайы пойыздың құрамы жолаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлау үшін іші де, сырты да жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген. Вагон жолсеріктері бір уақыт Аяз ата мен Ақшақар кейпіне еніп, жолаушыларды ...

    Read More »