• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Футбол

    Ұлттық арна Қатарда өтетін футболдан  әлем чемпионатын көрсетеді

    Бүгін «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы және «Qazsport»  телеарнасы футболдан Ресейде өткен әлем чемпионатының көрсетілімін қорытындылады. «Қазмедиа» орталығындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатына  «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы Ерлан Қарин мен  «Qazsport» телеарнасының директоры Павел Цыбулин қатысты. Ерлан Қариннің атап өткеніндей, футболдан әлем чемпионаты бұл барлық футболсүйер қауым үшін спорт әлеміндегі  маңызды да, қуанышты оқиғалардың бірінен саналады. Өздеріңізге мәлім, «Qazaqstan» және «Qazsport» ...

    Read More »

    Алматыда «Алаш» футбол клубы құрылды

    Ардақты, Алаш жұрты, қымбатты, Қазақ Елі, тəңірге мың тəуба, бүгінде жасқанбай жар салып қуанар, сүрінбей сүйіншілеп айғайлап айтар жаңалықтар күн сайын көбеюде. Соның бірі де, бірегейі — Алматы қаласында жаңа дарын, жасөспірімдерді дайындайтын қаракөз балаларымыздан жасақталған «Алаш» футбол клубы құрылды. Бұл идеяның жүзеге асуында, алға қадам басуына тікелей ұйытқы болған Республикалық Спорт колледжінің директоры, халқымыздың қайраткер ұлы, ел ағасы Амалбек ...

    Read More »

    Тимур Сегізбаев туралы толғам

    Қазақтың тұңғыш кәсіби футболшысы Тимур аға Сегізбаев өмірден озды.  Кеңес одағы чемпионатында кәсіби деңгейде мойындалған тұңғыш қазақ футболшысы, ХХ ғасырдың 60-жылдарында Алматының «Қайрат» командасының капитаны болған Тимур Сегізбаев туралы толғам. Қазақ жұртының футболға деген ықыласы өткен ғасырдың алпысыншы жылдары ерекше күшейді. Екінші жаһандық соғыстан енді-енді есін жиған қазақ ауылдары кеш түсе доп тепкен қара домалақтардың дуына бөленетін. Ол кезде қазіргідей доп ...

    Read More »

    Карпат тауы Алатаудан биік көрінді

    Румынияның Плоешти қаласында Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында осы елдің  командасымен кездесіп, 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Қазақстан құрамасында жалғыз допты матчтың соңында Бауыржан Тұрысбек соғып, есепті қысқартты. Енді еліміздің ұлттық құрамасы келесі ойынын 8 қазан күні Армения командасымен өткізеді. Аршат ОРАЗ, Плоешти (Румыния)    

    Read More »

    Қазақстан құрамасы Румынияға келді

    Кеше футболдан еліміздің ұлттық құрама командасы Румынияға келді. Құраманың ойыншылары мен жаттықтырушылары ұшақтан түскен бойда бірден Бухаресттен 54 км қашықтықтағы Плоешти қаласына келіп, қонақ үйге орналасты. Бүгін құрама команда ашық жаттығу мен баспасөз мәслихатын өткізеді. Ал Румыния мен Қазақстан құрамаларының матчы 5-нен 6 қазанға қараған түні Плоешти қаласындағы «Илие Оана» стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 00.45-те басталады. Бұл еліміздің бас командасының ...

    Read More »