• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақ күресі

    Қазақ күресінен ел чемпиондары анықталды

    Ақтау қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бүгін ерлер – 55, 60 кг және түйе балуан салмағында, ал әйелдер – 48, 52 келі салмақта күресіп, чемпионды анықтады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігігің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті. Ерлер: 55 кг 1: Бекжан Төлепов (Қызылорда облысы) 2.Дәулет Ниетбай (Алматы қаласы) 3.Рузимон Тұқышев (Түркістан облысы) Асылхан Дүйсенбек (Жамбыл ...

    Read More »

    Qazaq kuresi ассоциациясының жаңа президенті сайланды

    Qazaq kuresi ассоциациясының президенті қызметіне МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов сайланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Qazaq kuresi ассоциациясының президенті болып Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов сайланды. Ассоциацияны басқаруға алғаш рет қазақ күресінің маманы келіп отыр. Ербол Мырзабосынов – қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, еңбек сіңірген жаттықтырушы, — ...

    Read More »

    Қазақ күресі: Қазақстан тағы бес алтын жүлде алды

    Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатының екінші күні ұлттық құраманың балуандары бес алтын және бір күміс медаль жеңіп алды. «Qazaq kuresi» қауымдастығының хабарлауынша, чемпиондар алты салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Олардың арасында жеңіс тұғырынан көрінгендердің төртеуі – ерлер болса, екі медальді қоржынға әйелдер құрамасының өкілдері салды. Чемпионаттың екінші күні Бекхан Төлепов (55 кг), Нұр Аманшұқыров (66 кг), Жұмажан Қожамбеков (74 кг), ...

    Read More »

    Қазақ күресінен үш балуан әлем чемпионы атанды

    Астанада қазақ күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші жарыс күнінде үшш отандасымыз алтын жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы Қазақ күресі қауымдастығы хабарлады. Чемпионаттың бірінші күні ерлер 82, 90, 100 және +100 келі салмақта белдесті. Ал әйелдер 75 және +75 келі салмақта мықтыны анықтады. Алтын медальді  82 кг салмақта Айдын Дартаев, 100 кг салмақта Айдын Байқамыров, Нұрдәулет Жарылқапов жеңіп алды. Ал ерлер ...

    Read More »

    Қазақ күресінен әлем чемпионаты: балуандардың тізімі анықталды

    2-14 желтоқсан аралығында Астанадағы Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді. Әлем чемпионатына 40 елдің 350 балуаны қатысады. Бұл сында ел намысын Қазақстан ұлттық құрама командасының өкілдері мен «Дала Қыраны» титулының иегерлері қорғайды. Олар – Бекжан Төлепов (55 кг), Марат Нигматуллаев (60 кг), Нұр Аманшүкіров (66 кг), Жұмажан Қожамбеков (74 кг), Айдын Дартаев (82 кг), Тоқтарбек Айдарбек ...

    Read More »

    Бозкілемде мешіт жамағаты мен қызметкерлері күш сынасты

    Ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай жеткен дәстүрлі өнеріміз қазақ күресінен кезекті турнир мәресіне жетті. Бұл жолы ұлттық күресімізді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған турнирде мешіт қызметкерлері мен жамағаты қатысты. Ол биыл Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы мен «Ұлттық мұра» бағдарламасының мұрындық болуымен төртінші рет өтті. Осыған дейінгі жарыстарда мешітке келуші жамағат қана өзара белдессе, бұл жолы мешіт қызметкерлері арасындағы балуандар да өзара сайысқа түсті. ...

    Read More »

    Түркістанда Азияның түйе балуаны анықталды

    Түркістан қаласындағы қазақ күресінен ересектер арасында Қажымұқан Мұңайтпасовтың жүлдесіне арналған Азия кубогы аяқталды. «Түйе балуан» атанған Батыс Қазақстан облысының өкілі Темірлан Көлбай бас жүлдеге ие болып,  «Нива» автокөлігін жеңіп алды. Екі күнге созылған дүбірлі додада отандастарымыз өз мықтылықтарын көрсетіп, Азия құрлығы бойынша теңдессіз  екендігін көрсетті. Кезінде халқымыздың атақ-даңқын күрес арқылы бүкіл әлемге танытқан Қажымұқан Мұңайтпасов та талай жеңістің шыңына жетті. ...

    Read More »

    Түркістанда қазақ күресінен Азия кубогы басталды

    Түркістанда қазақ күресінен ересектер арасында Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған Азия кубогы үшін халықаралық турнирі басталды. Дәстүрлі жарыста Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай мемлекеттері мен еліміздің барлық өңірлерінен келген 300-ге жуық спортшы күш сынасады. Азия кубогында сайдың тасындай іріктелеген білекті де жүректі балуандарға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сабитов сәттілік тілеп, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының құттықтау хатын оқып берді. Қазақ күресі – ...

    Read More »

    «Дала қырандары» турнирі: жүлде қоры – 80 мың доллар

    Қазақтан шыққан Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында «Qazaq kuresi» ассоциациясының ұйымдастыруымен «Дала қырандары» республикалық турнирі өтті. Жарысқа еңсегей бойлы, қаптағай денелі, рухы өр, тәні бекем 64 балуан қатысты. Олар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі салмақта белдесті. Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Мәдениет және спорт министрлігі дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы әрі ...

    Read More »

    «Turan Barysy» Азия кубогын Қазақстан құрамасы жеңіп алды

    Түркістанда «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен өткен «Turan Barysy» Азия кубогы үшін турнир өтті. Жарыста Қазақстан балуандары жеңімпазы атанды. Турнирге Түркі мемлекеттері ұйымының алты елі – Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан мен Қазақстанның балуандары қатысты. Финалға Қазақстан мен Өзбекстан командасы шықты. Қазақ  балуандары Өзбекстанның өкілдерін 4:3 есебімен ұтып, турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды. Күміс жүлдені Өзбекстан, ...

    Read More »