• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақ күресі

    Түркістанда тұңғыш рет «Turan Barysy» турнирі өтеді

    29 қазанда Түркістан қаласында «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен «Turan Barysy» Азия кубогы өтеді. Жарысқа еліміздің балуандарымен бірге Түркі мемлекеттері ұйымына мүше Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан мен Мажарстанның өкілдері қатысады. Қазақ күресі балуандары 18 жастан асқан жеті адамнан тұратын командалар атынан сынға түседі. Спортшылар жеті салмақ (55 кг, 60 кг, 66 кг, 74 кг, 82 ...

    Read More »

    Райымбек батырдың атындағы жарысқа — 20 жыл

    Қазақ тарихының сахнасында кең байтақ жерімізді жаудан азат етуде көзсіз ерлігімен аттары қалған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Сұраншы, Саурық, төлек Жәуке батыр секілді аттары жер жарар көптеген алыптардың қатарында Райымбек Түкеұлының да шоқтығы биік тұрғанын білеміз. Райымбек есімі бүтін бір аймақтың ұраны болды. Ата- тегі Үйсіннің Албан руынан, оның ішінде Алжаннан тараған. Туған әкесі Түке болса, үлкен атасы атақты Хангелді батыр. ...

    Read More »

    Есімі ел есінде

    Алматыдағы Қазақтың Спорт және туризм академиясының шаңырағында қазақ күресіне өлшеусіз үлес қосқан ұлттық күресіміздің жанашыры, Қазақстан Республиксына еңбегі сіңген жаттықтырушы марқұм Нұржан Өтеновты еске алуға арналған төл күресімізден ересектер арасында республикалық жарыс болып өтті. Негізі бұл қазақ күресінің қазанында қайнасып, өмірінің соңғы сәтіне дейін бар күш жігерін салған ардақты жанды еске алуға арналған сауапты шара еді. Қазақ күресі бірде құлдилап, ...

    Read More »

    Жетісуда жеткіншек балуандар белдесуі тартыспен өтті

    Құлжа тас жолымен шығысқа қарай бет алсаңыз, Бәйсейіттен өткен соң алдыңыздан Сөгеті ауылы шығады. Қазіргі атауы – Нұра ауылы. Осы елді мекеннің алғашқы қазығын қағып,  іргетасын қалаған жандардың  бірі – Сағыныш Есбергенов. Өнегелі ғұмыр кешкен Есбергеннің ұлының есімін ауылдастары  ықыласпен еске алып, құрмет, ізетін аяған емес.  Халыққа қызмет етуде төккен тердің  қайырымы осы болса  керек. Алматы облысының құрметті азаматы, «Сөгеті» ...

    Read More »

    Дария су аққан сайын тазарады

    Желтоқсан батырлары ешқашан ұмытылмайды Алматыдағы  Орталық саябақтағы Мұхтар Әуезов атындағы стадионның жанында орналасқан күрес залында тамаша бір игілікті де сауапты спорттық шара өтті. Қазақ күресінен студенттер арасында өткен бұл дүбірлі қалалық жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына және Желтоқсан көтерілісінің қаhарманы Ербол Сыпатаевты еске алуға арналды. Оған қаладағы 10-ға тарта Желтоқсан ұйымының басшылары құрметті қонақ ...

    Read More »

    Сегіз қырлы бір сырлы

    «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, орыстың әлемге әйгілі балуаны Федор Шаляпин, тамаша  әнші ретінде де жер-жүзіне танылған жан. Атақты Балуан Шолақ, Алла берген балуандық қасиетімен қатар, әншілік, саяткерлік, атбегілік, шабандоздық өнерлерін төрт аяғын тең басқан жорғадай бірге алып жүрген біртуар талант иесі болғаны тарихтан белгілі.  Оның «Ғалия» әні күні бүгінге дейін әрбір ортада шырқалып келе жатқан өміршең әннің бірі. ...

    Read More »

    Жанымда сол жекпе-жек

    Айтжан Шаңғараев Әлем кубогының иегері, Еуропа және КСРО чемпионы, КСРО кубогының иегері Ауыл шетіндегі шағын төбешікке бір топ бала жарыса жүгіріп барады. Мақсат — түйенің өркешіндей шоқиып тұрған төбенің басына бірінші болып жүгіріп шығу. Бұтында шолақ қара шалбар, үстіне ақ көйлек киген шымыр келген қара бала қатарластарын артқа тастап, төбенің басына бірінші болып жүгіріп шықты. Бейне бір тұғырына қонған қыран ...

    Read More »

    Төрт құрлықта Түкиевтің тулары тұр

    Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясын табаны күректей 13 жыл басқарып, қазақтың өзі жөндеп қадіріне жете қоймаған ұлттық күресті төрт құрлыққа мәлім қылып, 30-ға жуық елде федерация құруға қол жеткізген Серік Адамболсынұлы, міне, алты айға жуық жаламен қамауда отыр. Тамыздың 13-і күні Қазақ елінің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына бір топ спорт қайраткерлері мен атақты спортшылар ашық хат жолдаған едік. Қазір сол хатқа ...

    Read More »

    Асыл азамат алпыстан асты

    Қазақтың асыл азаматы, қазақ күресін әлем аренасына шығарған алаштың аяулы ұлы Серік Түкеев 62 жасқа толған туған күнін негізсіз тағылған жалған айыптан қара түнек тар қапаста қарсы алып отыр. Қазақ қашанда батырын әспеттеп, жауын жерге тізерлеткен ұлы халық деп жарқын-жарқын айтып жазамыз. Олай болса еш кінәсіз қамақта отырған батыр бауырымызды қалайша ел болып, үн қосып шығарып ала алмаймыз? Осыған таңғаламын. ...

    Read More »

    Қазақ күресінің қара нары

    Жалпы өмірде жүрген жерінде жан-жағына жылу шашып, адамдарға жақсылық жасап жүретін адамдар болады. Сондай асыл азаматтың бірі ғана емес, бірегейі Серік Адамболсынұлы Түкеев ағам асқаралы 62 жасқа толып жатыр. Алайда, ел үшін туылған есіл ер туған күнің отбасы, ағайын-тума, достарының ортасында емес тар қапаста қарсы алуда. Нақты айтар болсақ, жазықсыз жабылған жаланың құрбаны болып отыр. Қазақ күресін өрге сүйреп жүрген ...

    Read More »