• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Әлем кубогы

    Конькишілер Әлем кубогында тарихи нәтиже көрсетті

    Осы демалыс күндері конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы Канада мен Жапонияда өткен Әлем кубогы кезеңдерінде тарихи нәтиже көрсетті. Еліміздің қоржынына екі алтын, үш күміс, алты қола медаль түсіп, спортшыларымыз әлемдік рейтингте көш бастады. 2-4 ақпанда Канаданың Квебек қаласында ересектер арасында өткен Әлем кубогында Қазақстан әйелдер құрамасы командалық спринтте бақ сынап, еліміздің тарихында тұңғыш рет қола жүлдеге ие болды. Команда құрамында тәжірибелі ...

    Read More »

    Аустралияда велоспорттан Ұлттар кубогы басталды

    Бүгін Аустралияның Аделаида қаласында тректегі велоспорттан Ұлттар кубогы басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Қазақстан сапынан үш спортшы сынға түседі. Олар — Рамис Дінмұхаметов, Сергей Пономарев, Андрей Чугай. Әлемдік додаға 49 елден 291 спортшы қатысады. Жарыс екі күн болады. Оған ұлттық құраманы ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы Иван Сиваш бастап барды.

    Read More »

    Конькишілер Жапонияда екі медаль алды

    Жапонияның Хатинохе қаласында конькимен жүгіруден жастар арасындағы Әлем кубогының кезеңі болып жатыр. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, оған қатысып жатқан екі спортшымыз жүлдені жеңіп алды. 1000 метрге жарыста нео-сеньор санатында Маргарита Артемьева мәреге екінші болып келіп, күміс жүлдегер атанса, Мария Кузнецова финишке үшінші болып жетіп, қола медальді иеленді. Тағы бір спортшымыз Алена Лифатова төртінші орынды қанағат тұтты. ...

    Read More »

    Әлем кубогы: Никита Чирюкин — тапаншамен атудан күміс жүлдегер!

    Мысырдың астанасы – Каир қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы жолындағы турнирде 25 метрге жылдам атылатын тапаншамен ату сайысында Никита Чирюкин күміс жүлдеге ие болды. Ол 31 ұпай жинады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Бұл жарыста бас жүлдені Жапонияның өкілі Жонг-Хо Сонг 37 ұпай жинап, жеңіп алды. Үшінші орынды 27 ұпай алған франциялық Флориан Петер иеленді. 21 ...

    Read More »

    Нысана көздеуден Әлем кубогына елімізден 15 мерген барады

    Нысана көздеуден еліміздің ұлттық құрамасы 24 қаңтар 1 ақпан аралығында Мысырдың астанасы — Каирде өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Онда әлемнің 66 елінен 625 спортшы бақ сынайды. Бұл жарыста Қазақстан намысын 15 спортшы қорғайды. Олар винтовкамен нысананы көздеушілер — Константин Малиновский, Никита Шахторин, Юрий Юрков, Елизавета Безрукова, Арина Алтухова, Александра Ле. ...

    Read More »

    Жанбота Алдабергенова Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдені иеленді

    Ұлттық құрама спортшысы Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында өткен фристайл-акробатика мен могулдан Әлем кубогының алғашқы кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметі. Жанбота Алдабергенова фристайлдың акробатика түрінде өнер көрсетіп, 77.43 балл жинады. Қазақстан спортшысы тура бір жыл бұрын осында өткен 2022-2023 жылғы маусымдағы Әлем кубогының алғашқы кезеңінде қола жүлде алған. Ол кезде Алдабергеноваға ...

    Read More »

    Әсем Орынбай стенд атудан Әлем кубогын жеңіп алды

    Алматыда стенд атудан ұлттық құраманың мүшесі Әсем Орынбай Әлем кубогының иегері атанды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Әсем Орынбай скит бағдарламасында қарсылас шақ келтірген жоқ. Ол финалда негізгі кезеңде 60 рет нысана көздеген соң үндістандық Ганемат Секхонмен 50 ұпайдан тең түсті. Қосымша мүмкіндікте қазақстандық спортшы екі мәрте мүлт кеткен жоқ. Ал қарсыластың жүйкесі сыр беріп, бір рет ...

    Read More »

    Ескек есуші Мария Бровкова — Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы

    Байдарка мен каноэде ескек есуші Мария Бровкова Венгрияда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Венгрияның Сегед қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден Әлем кубогының алғашқы кезеңінде Мария Бровкова алтын медаль жеңіп алды. Ол C-1 санатындағы 1000 метрге жарыста мәре сызығын бірінші болып кесті (4:49.91 секунд). Одан кейінгі сатыға әлем ...

    Read More »

    Нысана көздеуші Александра Ле Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

    Бүгін Үндістанның Бхопал қаласында винтовка және тапаншамен нысана көздеуден өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Александра Ле қола медальге ие болды. Ол әйелдер арасында10 метрден пневматикалық винтовкамен оқ атудан 261.2 ұпай жинады. Бұл жарысқа әлемнің 31 елінен 208 таңдаулы спортшы жиналды. Оған елімізден 18 спортшы қатысуда. Әлем кубогының кезеңі 27 наурызда аяқталады. Жарыс Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында болып жатыр.   Шамкен БАЙЫРБЕК, ...

    Read More »

    Елжаңа Таниева Әлем кубогында қола жүлдегер атанды

    Қазақстандық гимнастшы Елжаңа Таниева Грекияның астанасы – Афина қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды. Ол төрешілер тарапынан 31.550 ұпай алып, үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар, Елжаңа Таниева таспа финалында өнер көрсетіп, жүлделі орынға бір қадам жетпей, төрітнші орынды қанағат тұтты. Елжаңа Таниева жақында ғана Испанияда өткен Әлем кубогы кезеңінде ұршықпен жаттығудың шешуші сынында жетінші орынды иеленген еді. ...

    Read More »