• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Академиялық ескек есу

    Темірхан Дайырбек Паралимпиада лицензиясын иеленді

    Пара спортшы Темірхан Дайырбек академиялық ескек есуден Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Парижде өтетін Паралимпиада лицензиясына ие болды. Чемпионат 18-21 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Чунджа қаласында өтті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Темірхан PR1m1X академиялық ескек есуден 2 000 метр қашықтықты 9 минут 38.81 секундта өтіп, бірінші орынға ие болды.  Екінші орынды 9:40.52 нәтижесімен жапондық спортшы Мори Такуиа иеленді. Ал ...

    Read More »

    Олимпиадаға академиялық ескек есуден алғашқы жолдама түсті

    Қазақстан қоржынына академиялық ескек есуден Париж Олимпиадасының алғашқы жолдамасы түсті. Оңтүстік Кореяның Чунджу қаласында өтіп жатқан Азия құрлығының лицензиялық жарысында Владислав Яковлев жекелей сында топ жарды. Ұлттық құраманың спортшысы 2 000 метрге жарыста негізгі қарсыласы Мемодан (Индонезия) жылдам болды. Қазір Қазақстан құрамасының лицензия саны 43-ке жетті.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    XIX Азия ойындары: Қазақстан академиялық ескек есуден финалға шықты

    Қытайдың Ханчжоу қаласында XIX жазғы Азия ойындары салтанатты түрде ашылмас бұрын кейбір спорт түрлерінен жарымстар басталып кетті. Бүгін академиялық ескек есуден (әйелдер екілігі) Қазақстан командасының финалға шыққаны туралы хабар келді. Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, кеше спорттың осы түрінен іріктеу кезеңдері өтіп, Қазақстан құрамасының сапында Светлана Германович пен Мария Чернец финалға жолдама алды. Спортшылар іріктеу кезеңдерінен сәтті өтіп, енді ...

    Read More »

    Қазақстан ескек есуден тағы екі жүлде алды

    Таиландтың Паттайя қаласында академиялық ескек есуден ересектер мен жастар арасындағы XXI Азия чемпионатының соңғы күні Қазақстан құрамасының спортшылары тағы екі медаль жеңіп алды. Жасөспірімдер арасында (JM2-) Тимур Фомичев пен Ярослав Мельников жұбы мәреге бірінші келіп, алтын жүлде алды. Ал жасөспірімдер арасында (JM4-) санатында Медина Қоңырбаева, Варвара Белоногова, Анжела Полянина, Мелани Жакупова квартетін финалда үздік үштікті түйіндеді. Ересектер арасында (LW1x) Мария ...

    Read More »

    Қазақстан Азия чемпионатының финалына шықты

    Қазақстан спортшылары Таиландта академиялық ескек есуден өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты. Бүгін Таиландтың Паттайя қаласында академиялық ескек есуден ересектер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды. Бұл сында ел намысын 13 ересек (11 еркек, 2 әйел) пен 9 жас спортшы (3 еркек, 6 әйел) қорғап жатыр. Бірнеше спортшымыз  іріктеу жарысынан сәтті өтіп, жүлде үшін таласуға мүмкіндік алды. Ересектер арасында (LW4х) ...

    Read More »