• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Бибісара Асаубаева

    Бибісара Асаубаев жаңа атақ алды

    Шахматтың блиц түрінен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева  «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері» атағын алды. Бибісара — әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер, ерлер арасындағы халықаралық шебер атағын алған шахматшы. Ол 2004 жылы Тараз қаласында туған. 2021 және 2022 жылдары қатарынан екі рет әлем чемпионы атанып, әлемнің ең үздік жас шахматшысы атағын да алған.  Сонымен бірге ол 2021 жылы шахматтың ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаева гран-при турнирінде 6-орынға көтерілді

    Шахматшы Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы ФИДЕ-нің Uран-при турнирінің үшінші кезеңінен кейін жалпы есепте 6-орынға көтерілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Шахматшы Гран-при турнирінің Астана (30 ұпай) мен Нью-Делидегі (163 ұпай) кезеңдеріне қатысты. Ал жылдың басында Германияның астанасы — Берлин қаласында өткізілген кезеңінде ойнаған жоқ. Енді ол мамырда Кипр астанасы Никосия қаласында өтетін шешуші кезеңге барады. Бұл турнирде 3-4 шахматшының жалпы есепте жеңімпаз атануға ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаева Гран-приде күміс жүлде алды

    Бибісара Асаубаева Үндістанның астанасы — Делиде өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің үшінші кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлады Мәдениет және спорт минимстрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Отандасымыз шешуші 11-турда Катерина Лагномен тең түсіп, 6 ұпай жинады. Бүгін қытайлық Чжу Цзинер мен ресейлік Александра Горячкина да тең ойнап, 6 ұпай алды. Үш шахматшының еншісінде бірдей балл. Бибісара жекелеген көрсеткіш ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаева Гран-приде бірінші орында келеді

    Шахматтан әлемнің екі дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Гран-придің сегізінші турынан кейін 1-орнын сақтап қалды. Жарыстың келесі күні Бибісара Асаубаева турнирдің басты фавориттерінің бірі – қытайлық Чжу Цзиньэрмен тең ойнады.   Осы тең ойын Асаубаеваға Гран-придің үшінші кезеңінен кейін бірінші орнын сақтап қалуға мүмкіндік берді. Қазір шахматшыда 5 ұпай бар: Ол 4 рет жеңіп, екі рет тең ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаева Гран-при турнирін жеңіспен бастады

    Шахматтан әлемнің екі дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева Үндістанның астанасы – Дели қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде алғашқы жеңісіне жетті. Ол бірінші турда алаң иесі Рамешбабу Вайшалиді ұтып, қалтасына бір ұпай салды. Бұл турнир лайықты деңгейде ұйымдастырылмағандықтан бір күнге кешігіп басталған болатын. Соның кесірінен Жансая Әбдімәлік пен Германияның өкілі Элизабет Петц жарысқа қатысудан бас тартты. Қазір турнирге қатысатын 12 шахматшының орнына ...

    Read More »

    «50 пайызын жаттықтырушыма беремін». Асаубаева шахматтан қанша табыс тапқанын айтты

    18 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында өзінің жүлделері мен қомақты сыйақылары туралы айтты. Биыл ол Алматыда өткен блицтен әлем чемпионатында екінші мәрте жеңімпаз атанған болатын. Чемпион атанып, кубок пен медальдан бөлек, ақшалай сыйақы алдым. Жасалған келісім бойынша, төлемақының 50 пайызын жаттықтырушыма беремін. Бірінші орынға 40 мың доллар берді. Оның көп бөлігін анаммен бөлістім, – деді ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаева гроссмейстер Сергей Карякинді қалай жеңгенін айтты

    Шахматшы, блицтен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева ресейлік гроссмейстер Сергей Карякинмен ойыны туралы айтып берді. «Бұл өзі мықты турнир болды. Мені ойынға соңғы сәтте шақырды. Өкінішке қарай, дайындыққа уақыт аз болды. Турнирде әйелдер арасындағы үздік шахматшылар ғана емес, Сергей Карякин, Теймур Раджабов, Александр Грищук секілді әлемнің ең мықты шахматшылары да ойнады. Осы турнирде мен рапидте 4 ұпаймен Сергей Карякинді, ...

    Read More »

    Мәскеуде Бибісара Асаубаева атақты гроссмейстерлерді жеңді

    Ресей астанасы Мәскеу қаласында әлемнің атақты гроссмейстерлері, сонымен бірге блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева қатысқан «Шахмат жұлдыздары» халықаралық турнирі аяқталды. Бұл турнирге Бибісара Асаубаевадан басқа тағы 9 атақты шахматшы қатысты. Осы додада Бибісара Асаубаевадан ұтылған ресейлік гроссмейстер Сергей Карякин екі жарыстың қорытындысы, яғни рапид және блиц бойынша үздік нәтиже көрсетіп, жеңіске жетті. Александр Грищук екінші, Владислав Артемьев ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаева гроссмейстер Сергей Карякинді жеңді

    Мәскеуде өтіп жатқан «Шахмат жұлдыздары» атты халықаралық турнирде сенсация болды. Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева рапидте жарыстың басты фавориті саналып отырған Сергей Карякинді жеңді. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, ресейлік шахматшы әлемдегі ең мықты гроссмейстердің бірі. Қазіргі уақытта оның 2 739 ұпайы бар. Турнир комментаторларының айтуынша, Бибісараның блицте әлем чемпионы болғаны бекер емес. Ол ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаева: «Биыл мен үшін маңызды жарыс көп»

    Астанаға блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева мен анасы әрі жеке жаттықтырушысы Лиана Таңжарықова келді. Оларды әуежайдан БАҚ өкілдері, шахматтан ұлттық құраманың бас бапкері Павел Коцур мен Спортты дамыту дирекциясының ресми өкілдері күтіп алды. Осы жерде шахматшы журналистерге биылғы жоспары туралы аз-кем айта кетті. Биыл бірқатар маңызды жарыста ойнаймын. Әлемдік гран-прилер сериясы, әлем кубогы мен әлем чемпионатында жақсы ...

    Read More »