• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Бразилия

    «Семей» футзал клубы бразилиялық шабуылшымен келісімшарт жасасты

    «Семей» футзал клубы бразилиялық спортшы Лукас Матеус де Кампоспен келісімшарт жасады. Бразилияның азаматы клубта ойнайтын Оңтүстік Американың бесінші ойыншысы болады, деп хабарлады «Семей» футзал клубы. 21 жастағы шабуылшы бұған дейін «Чопинзиньо», «Эс Мадурейра» мен «Пинда» сияқты клубтарда ойнаған. Сондай-ақ, Лукас Матеус де Кампос 2019 жылы Кариока чемпионатында және BR кубогында доп тепкен. 2022 жылы Бразилия кубогының арнайы дивизионы атағын жеңіп ...

    Read More »

    Төрт дүркін әлем чемпионы Марио Загалло өмірден өтті

    Футболдан Бразилия құрама командасының құрамында әлем чемпионаттарын төрт рет жеңіп алған Марио Загалло қайтыс болды. Ол 92 жасқа келіп өмірден өтті. Марио Загалло әлем чемпионы атағын екі рет футболшы ретінде, бір рет ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы және бір рет бас жаттықтырушының көмекшісі ретінде жеңіп алған еді. Загалло 1931 жылы дүниеге келген. Ол Бразилияның «Америка», «Фламенго» мен «ботафаго» клубтарында ойнаған. 1958 ...

    Read More »

    «Соңғы ойыным…»: Месси жарақат алып қалды

    Футболдан Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси жарақат алып қалды. Ол 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирде Бразилия командасына қарсы мачта шатының бұлшық етін созып алғанын айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Бұл менің биылдыққа соңғы ойыным еді. Сондықтан қалпыма келуге әлі уақытым бар. 2024 жылды жақсы бастап, барымды саламын. Жарақат деген әрине, жақсы емес. Бірақ келесі маусымға дайындалу ...

    Read More »

    Атақты футболшы абақтыға қамалды

    Бразилия құрама командасы мен Испанияның «Барселона» клубы бұрынғы қорғаушысы Дани Алвесті әйел зорлады деген күдікпен ұсталды. Оны айыптаған бойжеткен полицияға оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оның айтуынша, футболшы оны түнгі клубтардың біріндегі дәретханаға апарғанда ол бірден кеткісі келетінін айтқан. Бірақ бразилиялық оны жібермеген. «Мен оның есіктің артында тұрғанын білмедім. Тағы бір VIP-бөлме болады деп ойладым. Қарсы болдым. Бірақ ол менен әлдеқайда ...

    Read More »

    Роналдо төртінші рет үйленді

    Бразилия құрама командасының бұрынғы ойыншысы, әлемнің экс-үздік футболшысы Роналдо (Роналду Луис Назариу ди Лима) осымен төртінші рет үйленді. Ол бизнесвумен әрі модель Селина Локсмен шаңырақ құрды. Роналдо кезінде Голландияның ПСВ «Эйндховен», Испанияның «Барселона», Мадрид қаласының«Реал», Италияның «Интер», «Милан», Бразилияның «Коринтианс», «Крузейро», «Сан-Кристован», «Сосиал Рамос» клубтарында өнер көрсеткен болатын. Ол футболшы ретінде карьерасын футзалдан «Валкейре» деген командада бастаған. Роналдоның зайыбы косметикалық ...

    Read More »

    Өмірден кім өткенін білесіз бе?

    29 желтоқсан. Бразилия. Сан-Паулу қаласы. Футболдан әлемнің үш дүркін чемпионы, Бразилия құрама командасының бұрынғы даңқты шабуылшысы Пеле ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды. Адамзаттың теңдессіз футболшысы Пеле он жылға жуық уақыттан бері тоқ ішектің обыр ауруымен ауырды. Бірнеше рет отаға да түсті. Ол биылғы қазан айының 23-і күні 82 жасқа толып еді. Пеле (шын аты-жөні – Эдсон Арантес ду Насименту) 1940 ...

    Read More »

    Пеленің жағдайы қиындап барады – БАҚ

    Атақты бразилиялық футболшы Пеле отбасымен және достарымен қоштаса бастады. Өйткені, оның жағдайы өте нашар. Бұл туралы британдық кәсіпкер, спорт менеджері Франк Халид хабарлады. «Пеле аурухана төсегінен отбасымен және достарымен қоштасады. Футбол аңызы Пеле қатерлі ісік ауруымен екі айдан беріп ауырып жатыр. 82 жастағы Пеле үшін қатерлі ісікпен күресу оңай болмай тұр. Отбасы оның жағдайы одан әрі нашарлап бара жатқанын айтады», ...

    Read More »

    Пеленің қызы әкесімен бірге ауруханада түскен фотосын көрсетті (ВИДЕО)

    «Футбол королі», XX ғасырдың ең үздік футболшысы Пеленің үлкен қызы әкесімен бірге ауруханада түскен фотосуретін жариялады. Қазір аты аңызға айналған футболшының үлкен қызы Кели Кристина Насименту ауыр кеселмен ауруханада жатқан әкесіне күтуші болып, жанында жүр. Ол әкесі екеуінің бірге түскен фотосын әлеуметтік желіде таратты. Біз әлі осындамыз, ауруды жеңеміз деген үмітпен күресіп келеміз. Тағы бір түніміз өтті, – деп жазды ...

    Read More »

    Әлем чемпионатының ең үздік голы анықталды

    Бразилия құрамасының шабуылшысы Ришарлисон Катарда футболдан өткен әлем чемпионатының ең үздік голының авторы атанды. Англияның «Тоттенхэм» клубының форвардының бірінші турда Сербия құрамасына (2:0) салған голы жанкүйерлердің ең көп дауысын жинады. Үздік голға таласқан ойыншылар арасында Сәлем Әл-Даусари (Сауд Арабиясы), Коди Гакпо (Нидерланды), Энцо Фернандес (Аргентина), Венсан Абубакар (Камерун), Луис Чавес (Мексика), Килиан Мбаппе (Франция), Пэк Сын Хо (Оңтүстік Корея), Неймар (Бразилия) ...

    Read More »

    ӘЧ-2022: Бразилиялық футболшы супер гол салды

    Бүгін футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында бразиялық футболшы Ришарлисон дубльдің авторы атанды. Ол Сербия құрамасының қақпасына екінші голын аяқтарын қайшылап тұрып салды. Бұл кездесуде Бразилия құрамасы G тобындағы қарсыласы Сербия командасын 2:0 есебімен жеңді. Бразилия бірінші таймда есеп аша алмады. Оған мүмкіндігі бола қойған жоқ. Ал сербтер шабуылға көп бармай, қорғаныста ойнады. Үзілістен кейін Бразилия құрамасы жиі шабуылдап, қарсыластардың ...

    Read More »