• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Дэвис кубогы

    Дэвис кубогы: Қазақстан енді Даниямен ойнайды

    Теннистен Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобы матчтарының жеребесі тартылды. Елімізідң ерлер құрамасы  өз алаңында Дания командасымен ойнайтын болып шешілді. Бұған дейін командалар бір-бірімен кездеспеген. Матч 13-14 немесе 14-15 қыркүйекте болады. Қазақстан құрамасы Дания командасын жеңген жағдайда  2025 жылы ақпанда командалық іріктеу матчында сынға түседі. Биыл Юрий Щукин жаттықтыратын еліміздің бас командасы 3-4 ақпанда тартысты матчта Аргентинаға 2:3 есебімен есе жіберген ...

    Read More »

    Дэвис кубогы: Аргентина — Қазақстан матчының жеребесі тартылды

    Аргентинаның Росарио қаласында теннистен Дэвис кубогы турнирінің іріктеу кезеңі аясында осы елдің ұлттық құрамасы мен Қазақстан командасы матчының жеребесі тартылды. Бүгін жарыстың бірінші күні, Астана уақытымен кешкі сағат 20:00-де АТР рейтингінде 338-орында тұрған Дмитрий Попко мен Франсиско Серундоло (№22 АТР) ойнайды. Содан кейін кортқа Тимофей Скатов (№278 АТР) пен Томас Мартин Этчеверри (№28 АТР) шығады. Ертең сағат 20:00-де жұптық сында ...

    Read More »

    Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы Аргентинаға аттанды

    3-4 ақпанда Аргентинаның Росарио қаласында теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы мен оыс елдің командасы арасында Дэвис кубогы жолындағы іріктеу матч болады, деп хабарлады  Telegram-дағы RRaketkasi. Командалар «Жокей Клуб де Росарио» топырақ төсенішіндегі кортта ойнайды. Қазір Қазақстан құрамасы Аргентинада матчқа дайындалып жатыр. Жаттығуға кірісіп кетті. Аргентинаға команданы Юрий Щукин бастап барды. Ол — команданың капитаны.  Құрамада Денис Евсеев, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко ...

    Read More »

    Юрий Щукин: «Дэвис кубогында күтпеген нәтиже де болуы мүмкін»

    Дэвис кубогының плей-офф кезеңінде 16-17 қыркүйекте Софияда өтетін матчқа орай Қазақстан және Болгария теннис құрамаларының капитандары өз ойларын ортаға салды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Команда капитаны Юрий Щукин қарсыласты бағалау керектігін атап өтті. Біз алдағы матчқа толықтай дайынбыз. Алдын ала келіп, корт пен осындағы жағдайға бейімделдік. Болгария құрамасы өз көшбасшысы Григор Димитровсыз ойнауы мүмкін. Соған қарамастан, құрамы күшті. Дэвис ...

    Read More »

    Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогына дайындықты бастады

    Теннистен Қазақстан ұлттық құрама командасы 16-17 қыркүйекте София қаласында Болгария командасымен өтетін Дэвис кубогының плей-офф матчына дайындықты бастады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Қазір команда капитаны Юрий Щукиннің жетекшілігімен Александр Бублик, Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев пен Александр Недовесов жаттығып жатыр. Екі елдің құрама командалары Дэвис кубогының плей-офф кезеңінде алғаш рет кездесетін болады. Осыған дейін Болгария командасы Дэвис кубогының ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының іріктеу матчына дайындықты бастады

    Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы Дэвис кубогының іріктеу матчына дайындықты бастады. Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, отандастарымыз 4-5 ақпан күндері Чилидің Ла Серена қаласында «Ла Трентино» аренасының топырақ төсенішіндегі корттарында осы елдің құрамасымен кездеседі. Ла Серена қаласына Юрий Щукин бастаған Қазақстан құрамасы толықтай келді. Қазір жарысқа дайындықты Александр Бублик, Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев пен Александр Недовесов бастап кетті. Қазақстан мен ...

    Read More »

    Теннис: Қазақстанның Дэвис кубогындағы қарсыласы анықталды  

    Теннистен 2023 жылғы әлем чемпионаты – Дэвис кубогы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Командалық әлем чемпионатының финалына шығу үшін ұлттық құрама Чилимен кездеседі. Матч 4-5 ақпанда Чили елінде өтеді. Дэвис кубогының іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады. Әр матчта үздік шыққан 12 команда турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алады. Оларға 2022 жылғы Дэвис кубогының финалистері – Канада мен Австралия, сонымен ...

    Read More »

    Қазақстандық теннисшілер әлемдік топтың плей-офф кезеңіне шықты

    Бүгін, 8 сәуір күні Дэвис кубогының Азия және мұхит аймағы елдері арасындағы іріктеу сындарының екінші кезеңінің жұптық сайысы өтті. Бұл кезеңде  Андрей Голубев және Александр Недовесов  қытайлық теннисшілермен күш сынасты. Жұптық сайыс 3:6, 6:1, 5:7, 6:1, 6:3 есебімен отандастарымыздың пайдасына шешілді.

    Read More »