• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Елена Рыбакина

    Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама шықты

    Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина теннистен Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты. Жарыстың екінші айналымында Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметованы (19 WTA) үш сетте 7:6, 1:6, 6:4 есебімен жеңіп, ширек финалға шыққан болатын. ¼ финалда теннисшіміз 2 сағат 10 минутқа соқылған аса тартысты ойында италиялық Ясмина Паолиниді 2:1 (6:3, 5:7, 6:3) есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама ...

    Read More »

    Рыбакина ресейліктерге Қазақстанды ғана таңдайтынын айтты

    Теннистен 2022 жылғы Уимблдон турнирінің жеңімпазы, әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы «Спорт-Эксперсс» газетіне сұхбатында не себепті Қазақстанды таңдағанын айтты. Оның сұхбаты «Енді мені жоғалтқан адамдар туралы әңгіменің бәрі де бос әңгіме» (Рыбакина — о переходе из России в Казахстан: «Кто меня потерял и как это случилось, сейчас нет смысла об этом разговаривать») деген тақырыппын шыққан. Интервьюде теннисші журналистің: «Ресейде сізді жоғалтқан үшін кім кінәлі?» деген сұрағына ...

    Read More »

    Рыбакина әлемде ең көп эйс жасаған теннисші атанды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина осы маусымдағы эйс саны бойынша көш бастады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Теннисші 26 матчта 181 эйс жасады. Рыбакинадан кейін чехиялық Каролина Плишкова (91 эйс) екінші, жапониялық Наоми Осака (70) үшінші орында келеді. Майами WTA 1000 турнирінде Рыбакина 53 эйс жасады. Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде Беларусь өкілі Арина Соболенконы ығыстырып, екінші орынға ...

    Read More »

    Рыбакина Miami Open финалында жеңілді

    Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина теннситен АҚШ-тың Майами штатында өтіп жатқан Miami Open WTA турнирінің финалында америкалық Даниэль Коллинзден жеңілді. Ол WTA рейтингінде 53-орында тұрған теннисшіден 5:7, 3:6 есебімен есе жіберді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Матч екі сағаттан сәл астам уақытқа созылды. Осы уақытта Рыбакина бес рет эйс жасап, 11 брейк-пойнттың тек біреуін пайдалана алды. Рыбакина Miami ...

    Read More »

    Рыбакина екінші рет қатарынан Майами турнирінің финалына шықты

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Miami Open WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол жартылай финалда аса тәжірибелі, кезінде дүниежүзілік рейтингіде көш бастаған, қазір 32-орында тұрған Беларусьтің өкілі Виктория Азаренкомен ойнады. Азаренко спорттық жолында талай рет табысқа жеткен. Соның ішінде Аустралия ашық чемпионатының екі рет, Miami Open WTA 1000 турнирінің үш дүркін жеңімпазы атанған.  Дегенмен ...

    Read More »

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Майамиде өтетін «Мастерс» финалында жеңіске жетеді деп күтілуде

    Рыбакина мен Алькарастың беделді «мыңдықтағы» шайқасы. Olimpbet коэффициенттері. Елена Рыбакина (Қазақстан) – Виктория Азаренко (Беларусь). 29 наурыз 00:00 (Астана уақыты бойынша). Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакинаның өткен жылғы Майамидегі нәтижесін қайталауына бір-ақ қадам қалды. Енді ол финалға жеткізер ұпайларын қорғауда, ол үшін 28 позициядағы Беларусь өкілінен өтуі керек. Қазақстандықтың бұл «Мастерстегі» аяқалысы ширек финалдық кездесуге дейін алаңдатып келді. Елена барлық ...

    Read More »

    Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты (ВИДЕО)

    Еліміздің бірінші және әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами штатында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Қазақстанның көшбасшы теннисшісі ширек финалда әлемнің 9-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен сынға түсті. Қарсыластар осыған дейін өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде Рыбакина жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда Елена Рыбакина 4:2 есебімен алға шыққанымен, Мария Саккари ...

    Read More »

    Рыбакина мен Путинцева Miami Open турнирінің жартылай финалы үшін ойнайды

    Хард төсенішінде өтетін WTA 1000 турнирінде қос бірдей қазақстандық теннисші өнер көрсетеді. Толық ақпарат — Olimpbet сараптамасында. Мария Саккари (Грекия) – Елена Рыбакина (Қазақстан). 27 наурыз, 04:00 (Астана уақыты бойынша). 24 жастағы Елена Рыбакина америкалық турнирдің басты фавориті және рейтингі жоғары ойыншысы атанды. Өйткені, планетаның ең мықты теннисшісі Ига Свиатек күтпеген жерден әлемнің 16-шы ракеткасы ресейлік Екатерина Александровадан (4:6, 2:6) ...

    Read More »

    Рыбакина мен Путинцева ширек финалға шықты

    Қазақстан теннисшілері Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева АҚШ-тың Майами штатында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан  теннис федерациясы. Рыбакина төртінші айналымда әлемнің 18-ракеткасы, 2017 жылғы АҚШ чемпионатының финалисі, америкалық Мэдисон Кизбен ойнады. Киз Рыбакина үшін қолайсыз қарсылас деуге болады. Олар осыған дейін үш рет кездессе, соның екеуінде америкалық спортшы жеңіске жеткен еді. Бұл жолы бірінші ...

    Read More »

    Рыбакина қайта кортқа шықты

    Еліміздің бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жарақатын емдеп алған соң, қайта кортқа шықты. Қазір ол АҚШ-тың Майами штатында ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан WTA 1000 турниріне қатысып жатыр. Бүгін ертемен Атлант мұхитының ар жағынан келген хабарға қарағанда, ол турнирдің  төртінші айналымына шықты. Бұл жарыста ол төртінші ракетка болып тіркеліп, америкалық Тейлор Таунсендпен ойнады. Бұл спортшылардың алғашқы кездесуі еді. ...

    Read More »