• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Еуропа кубогы

    Жанбота Алдабергенова Еуропа кубогының иегері атанды

    Финляндияның Рука қаласында фристайл-акробатикадан өткен Еуропа кубогы үшін жарыста Жанбота Алдабергенова жеңіске жетті. Ол 83,47 ұпай алып, алтын жүлдегер атанды. Күміс медальді канадалық Александра Монтмини, қола жүлдені америкалық Амелиа Глоговски иеленді. Жарыста тағы екі Қазақстан спортшысы Ардана Маханова 10, Аделина Өмірзақова 13-орынды алды. Бұған дейін Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында өткен фристайл-акробатика мен могулдан Әлем кубогының алғашқы кезеңінде қола жүлдегер ...

    Read More »

    Қазақстан командасы дзюдодан Еуропа кубогының иегері атанды

    Латвияның астанасы – Рига қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогы мәресіне жетті, деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі. Федерация мәлім еткендей, 18 – 19 наурызда өткен жарыс қорытындысында ел құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде көш бастады. Финляндия құрамасы екінші, Украина дзюдошылары үшінші орыннан көрінді. Қазақстандықтардан Бақытжан Абдурахманов (73 кг), Айбол Нысанәлі ...

    Read More »

    Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогында екі медаль алды

    Болгарияның София қаласында дзюдодан өткен Еуропа кубогында Қазақстан командасы екі медаль иеленді. 66 килоға дейінгі салмақта күрескен Ғұмар Қырғызбаев финалда қарсыласынан ұтылып, күміс жүлдеге ие болды. 81 килоға дейінгі балуандар арасында Руслан Мұсаев қола жүлдегер атанды. Халықаралық турнирге 43 мемлекеттен 400-ге жуық татами шеберлері қатысып жатыр.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Аян Жолдас Еуропа кубогында қола жүлде алды

    Фристайл-акробатика бойынша Қазақстан командасының өкілі Аяна Жолдас Финляндияның Рука елдімекенінде өтіп жатқан Еуропа кубогы кезеңінде қола жүлдені жеңіп алды. Оның өнерін судьялар 78.12 ұпаймен бағалады. Бірінші орынды Флави Умонд (Канада) иеленді. Ол 86.62 ұпай алды. Екінші орында Эмма Вайсс (Германия) қалды. Германияның өкіліне 81.49 ұпай берілді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Академияның шәкірті Афинадан күміс жүлде әкелді

    Грекияның Афина қаласында дзюдодан жастар арасында өткен Еуропа кубогында Семей спорт академиясының шәкірті Қуандық Стамполов 90 кило салмақ дәрежесінде күміс медаль алды, деп хабарлады Семей спорт академиясының баспасөз қызметі. Шетелге жастар құрамасын аға жаттықтырушылар Азамат Мұқанов пен Айбек Имашев бастап апарып келді. Наурыз айында Атырау қаласында дзюдодан 1999 – 2001 жылдары туған жастар арасында өткен Қазақстанның жекелей чемпионатында да Қуандық ...

    Read More »

    Қазақ палуандары Польшадан жүлдемен оралды

    Польшаның Олесница қаласында дзюдо күресінен  өткен Еуропа кубогы үшін жарыста Қазақстанның намысын қорғаған  11 палуанның арасынан К.Ахметов атындағы мектеп-интернаттың төрт бірдей өрені жеңіс биігіне шығып, Қазақстанның командалық бірінші орынды жеңіп алуына зор үлестерін қосты. Енді жеңіс тұғырына көтерілген саңлақтарымыздың есімдерімен таныстырсақ. Қос бірдей алтын жүлдені ел қоржынына салып берген  60 кг салмақта Біләл Болат мен 90 кг ауыр салмақта күрескен ...

    Read More »