• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: жамбы ату

    Атырауда «Дарабоз – 2019» турнирі аяқталды

    Атыраудың Талдыкөл елдімекені аумағында өткен «Алтын тұлпар» аламан бәйгесімен қатар ұлттық спорт түрлерінен «Дарабоз-2019» турнирі  өтті, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық спорт қауымдастығы. 11-12 қазан күндері Махамбет ауданындағы Талдыкөлдің төсін дүбірлеткен «Дарабоз-2019» турнирі атыраулықтардың аса қызыға тамашалаған спорттық жарысы болды.  Жайық жағасындағы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жарыс  алаңына халық молынан жиналды. Ұлттық спорттың көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, бәйге түрлерінен және қазақы тазы ...

    Read More »

    Ұлттық спорт түрлерінен фестиваль: жамбы ату

    Бүгін Ақтөбедегі ұлттық спорт фестивалінің Жамбы ату бәсекесі аяқталды. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Фестивальға Нұр-Сұлтан қаласының, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл мен Атырау облыстарының мергендері қатысты. Ат үстінен садақ атудан бақ сынаған 13 өңірдің мергендері арасынан жүлделі орын иелері анықталды. Фестивальдың алтын жүлдесін 33 ұпай иеленген сұрмерген Ералхан Айкөз олжалады. ...

    Read More »

    Жетісуда жасөспірімдер чемпионаты аяқталды

    23 маусымда басталған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 30 маусымда аяқталды, деп хабарлады Қазақстан ұлттық спорт қауымдастығы. 18 жасқа дейінгі жасөспірім спортшыларымыз бір апта бойы Алматы қаласының іргесіндегі «Байсерке» ипподромында  елішілік чемпионаттың жүлделерін сарапқа салды. Көкпар, аударыспақ, теңге ілуден VIII рет, ал, жамбы атудан V рет ұйымдастырылған жасөспірімдер чемпионатындағы спорттық бәсекелер туралы бұған дейін жеке ақпараттар жариялаған болатынбыз. Бүгін назарларыңызға чемпионаттың толық ...

    Read More »

    Жетісуда жасөспірімдер чемпионаты жалау көтереді

    23-30 маусым күндері Алматы қаласының іргесіндегі ипподромда ұлттық спорт түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз жалауын көтереді, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Жасөспірімдер чемпионаты Мәдениет және спорт министрлігінің жылдық күнтізбелік жоспарына сәйкес  Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен, Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен өтеді. 2001-2003 жылдарда туған жасөспірімдер арасындағы елішілік чемпионаттың жалауы көтерілетін нақты мекен-жай – Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты «Байсерке» ипподромы. ...

    Read More »

    «Nur-Sultan ethno fest» фестивалінің думаны қызды

    Елордадағы «Хан-шатыр» кешені маңындағы этно-қалашық таңертеңнен қалың көрерменге лық толды. Сонда «Nur-Sultan ethno fest»  фестивалін тамашалаушылар бұл этно-қалашықтан қандай қызықтарды көре алды? «Алтын жебе» І әлем чемпионатының алғашқы күнгі қорытындысын айтпас бұрын біз осы этно-қалашыққа  қысқаша бір шолу жасағанды жөн көрдік. Атап айтып өтелік,  «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесі – бұл елордада өтіп жатқан  этно-жанрдағы бірегей жоба. Мұнда этно-спорт та, этно-мәдениет ...

    Read More »

    Таразда ұлттық спорттан Қазақстан чемпионаты аяқталды

    19 мамыр күні Тараз қаласында басталған ұлттық спорттан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Көкпар мен аударыспақтан ХІХ рет, теңге ілуден ХІІІ рет, жамбы атудан V рет ұйымдастырылған елішілік жарыстың соңғы күні көкпар бәсекесінің финалдық ойыны тамашаланып, чемпионаттың салтанатты жабылуы өтті. Екі жыл қатарынан түркістандық «Құлагер» командасына есе жіберген Жамбыл облысының «Әулие-ата» командасы көкпардың бүгінгі финалдық ...

    Read More »

    Жамбы атудан жаңа чемпион шықты

    Бүгін Жамбыл өңірінде жамбы атудан өткен V  Қазақстан чемпионаты аяқталды. Қызылорданың мергені Ғалымжан Өміртай елішілік жарыстың бас жүлдесін иеленді, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Жамбы атудан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының жүлдесін бас-аяғы 22 спортшы сарапқа салды.  «Қалқан ату» және «Жамбы ату» бәсекесі бойынша өткен елішілік жарыста Қызылорда облысы  командасының мерейі үстем болды. Бұған дейін жастар арасындағы елішілік чемпионатта екі дүркін ...

    Read More »

    Қазақ мергендерінің қатары көбейіп келеді

    Ат үстінен садақ атудан тұңғыш ұйымдастырылған «Алтын жебе» әлем чемпионатының басталуына санаулы күндер ғана қалды. Қазіргі кезде жарысқа оннан астам мемлекеттің мергендерінен тапсырыс түсті. Ал, сонда осы дүниежүзілік мергендер сайысына қатысатын қазақ мергендері қатарында кімдер болуы мүмкін? «Алтын жебе» атауы әлем мергендеріне халықаралық турнир ретінде жақсы таныс. Себебі, 2017 жылы және 2018 жылы елорда төрінде «Алтын жебе» жарысы  халықаралық турнир ...

    Read More »

    Елдос мерген Еуропаға аттанды

    Кеше жамбы атудан Қазақстан құрама командасының белді мүшесі, еліміздегі үздік сұрмергеннің бірі Елдос Бадашев  Еуропаға аттанды. Ол ат үстінен садақ атудан Мажарстанның Помаз қаласында өтетін әлем кубогына қатысады, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Бүгін Венгрияның Помаз қаласында ұйымдастырылған әлемдік жарыстың алғашқы бәсекесі басталды. Дүниежүзінің таңдаулы мергендері ғана бақ сынайтын бұл әлем кубогы үш кезеңмен өтетін ірі жарыс. Алғашқы кезеңі Мажарстанның ...

    Read More »