• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Жеңіл атлетика

    Жеңіл атлетикадан АЧ: Қазақстан 12 медаль жеңіп алды (ФОТО)

    Иран Ислам Республикасының астанасы – Тегеран қаласында жеңіл атлетикадан жабық кешендегі XI Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Биылғы чемпионатта Қазақстан спортшылары 4 алтын, 2 күміс пен 6 қола жүлдені жеңіп алды. Соңғы жарыс күні эстафетада (4х400 м) еліміздің ерлер (Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов, Ефим Тарасов, Вячеслав Земс) және әйелдер құрамасы (Аделина Земс, ...

    Read More »

    Жеңіл атлетикадан АЧ: Елизавета Матвеева Азия чемпионы атанды

    Иранның Тегеран қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі XI Азия чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Бүгін ұлттық құрама қоржыны тағы үш медаль түсті. Биіктікке секіруде Елизавета Матвеева 1.86 метрге секіріп, чемпион атанды. Былтырғы Астанадағы жарыста бас жүлдені Надежда Дубовицкая жеңіп алса, Елизавета Матвеева екінші орыннан көрінген еді. Биылғы Азия чемпионатында 60 метрге ...

    Read More »

    Жеңіл атлет Давид Ефремов Қазақстан рекордын жаңартты

    Астанада жеңіл атлетикадан World Indoor Tour Astana Indoor Meet турнирі аяқталды. Осы турнирде Давид Ефремов Қазақстан рекордын жаңартты. Olympic.kz-тің хабарлауынша, Ефремов 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден өз рекордын жаңартты. Ол қашықтықты 7,59 секундта жүгіріп өтті. Бұған дейін елдің ең үздік көрсеткіші 7.62 секунд болған. Финалда Ефремов мәреге төртінші болып келді. Қазақстан командасы сапынан Надежда Дубовицкая үздік нәтиже көрсетті. Ол биіктікке ...

    Read More »

    Біз үшін үлкен қуаныш әрі жауапкершілік — Даниал Ахметов

    Бүгін Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде World Athletics Indoor Tour Gold 2024 аясында Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes халықаралық жеңіл атлетика турнирі қарсаңындағы баспасөз жиыны өтті, деп хабарлады Жеңіл атлетика федерациясы. Жиынға Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов, Дүниежүзілік жеңіл атлетика өкілі Пирс Окаллахан, 2020 жылғы Олимпиада чемпионы және әлем рекордшысы Арманд Дуплантис, сондай-ақ жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының ...

    Read More »

    Астанаға жеңіл атлетикадан әлем рекордшылары келе жатыр

    Келесі жылдың 27 қаңтарында Астанада Азия құрлығында алғаш рет жеңіл атлетикадан World Athletics Indoor Tour Gold 2024 аясында Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes  халықаралық турнирі басталады, деп хабарлады olympic.kz. Бұл турнир 23 ақпанда Испанияның Мадрид қаласында аяқталады. Осы аралықта жеті турнир өткізіледі. Тур қорытындысы бойынша әрбір дисциплинадан көп ұпай жинаған спортшы жеңімпаз деп жарияланып, 10 000 АҚШ доллары ...

    Read More »

    Астанада Олимпиадаға ұпай беретін халықаралық турнир өтеді

    Келесі жылдың 27 қаңтарында Астанада жеңіл атлетикаданьWorld Indoor Tour Gold  турнирі өтеді. Olympic.kz-тің хабарлауынша, алтын деңгейлі тур әлемнің жеті қаласында болады. Ал финалдық кезеңнің жеңімпазы 23 ақпанда Испанияның астанасы – Мадрид қаласында анықталады. Астанадағы турнирде үздік атанған спортшылар Париж Олимпиадасына ұпай жинап, жеңімпаз атанған атлет Глазго қаласында өтетін жабық кешендегі әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Халықаралық турнирге сырықпен секіруден әлем ...

    Read More »

    Допинг дауы: Нора Джерутоның кінәсі жоқ

    Биыл сәуір айында допинг қолданды деп айыптылып, барлық жарыстардан шеттетілген жеңіл атлет Нора Джерутоның кінәсі жоқ екендігі дәлелденді. Сәуір айында Нора Джеруто жеңіл атлетиканың допингке қарсы ережелеріне немесе адалдық кодексіне сәйкес өтетін тыңдауда соңғы шешім қабылданғанға дейін кез келген жарыстан уақытша шеттетілген еді. Егер оның допинг қолданғаны расталса, ол әлем чемпионатының алтын жүлдесін қайтарып беретын болған. Алайда, оның допинг қолданбағаны ...

    Read More »

    Бұл қазақ жүгірмейтін болған ба?!

    Қандай ірі жарысқа барсам да оның 100 метрлік бәсекесіне бас сұқпай кеткен емеспін.  Өзім көрген Олимпиадаларымда тап солай.  Азия ойындарында тап солай.  Бірақ, …нәтиже де тап солай.  Ханчжоудағы 100 метрлік жарыстың финалында кім жүгірмеді…  Вьетнам қызы да, Таиланд қызы да, Индонезия қызы да, Бахрейн қызы да, Иран қызы да жүгірді  Тек қазақ қызы ғана жүгірген жоқ.  Тіпті, қазақстандық жеңіл атлет ...

    Read More »

    Біреуге қараған күнің құрысын…

    Азия ойындарындағы медалі ең көп спорт түрі — жеңіл атлетика.  Жалпы медальдар жиынтығы ең көп жарыс — жеңіл атлетика жарысы.  Біздің ел кешенді үлкен жарыстарда бұл мәселені үнемі есте ұстап жүретін.  Кешегі Токио Олимпиадасы мен бұл Ханчжоудағы XIX Азия ойындарында осы дәстүрден жаңылғандаймыз ба, қалай…  Біріншіден, Ханчжоуға небәрі 20-дай ғана жеңіл атлет әкелдік.  Есесіне, Е-спорт дей ме, аты-жөні белгісіз бір спорт түрінен 30-ға ...

    Read More »

    Жеңіл атлетика: Қазақстан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

    Таиландтың астанасы — Бангкокта жеңіл атлетикадан өтіп жатқан XXV Азия чемпионатында биіктікке секіруден ұлттық құрамагың спортшысы Кристина Овчинникова чемпион атанса, Елизавета Матвеева күміс жүлдеге ие болды. Екі қазақстандық атлет 1,86 метрге секірген. Кристина алғаш болып осы көрсеткішті тіркегендіктен бас жүлдені алды. Қола медаль өзбекстандық Светлана Радзивилге бұйырды (1,83 метр). Қазір Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміспен жалпы есепте 4-орында келеді. ...

    Read More »