• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: жеңімпаз

    Соня Жиенбаева Түркиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

    17 жастағы теннисші Соня Жиенбаева Түркияның Анталия қаласында өткен ITF W15 турнирінің финалында жеңіске жетіп, жеңімпаз атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Дүниежүзілік рейтингіде 1 246-орында тұрған теннисші әлемнің 525-ракеткасы, түркиялық Йорук Илаймен бас жүлдені сарапқа салды. Жиенбаева тартысты өткен ойында қарсыласын 7:6 (7:4), 6:4 есебімен жеңді. Осылайша, Соня Жиенбаева ересектер арасында ITF жарысындағы алғашқы титулын иеленді. Бүгін мен үшін осы маусымдағы ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы — көркем жүзуден Әлем кубогының иегері

    Қазақстан құрамасы көркем жүзуден Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының алғашқы кезеңінің иегері атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Акробатикалық бағдарламада Қазақстан спортшылар алаң иелері Қытай құрамасынан да көп балл алды. Еліміздің құрамасы екі күн бұрын техникалық сайыста қола жүлдеге ие болған еді. Ал кубокты 213.7801 балл жинаған  Айгерім Құрманғалиева, Этери Какутиа, Наргиза Болатова, Арина ...

    Read More »

    Қазақстан теннисшілері J500 ITF Juniors турнирін жеңіп алды

    Теннисші Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева Мысырда өткен J500 ITF Juniors турнирінің жұптық сында жеңімпазы атанды, деп хабарлады Rraketkasi. Тағы екі теннисшіміз Александр Недовесов пен Дмитрий Попко ATP 250 мен ITF турнирінің финалына шықты. Недовесов Мексиканың Лос-Кабос қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінде эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда мексикалық Мигель Анхель Рейес-Варела мен аргентиналық Гвидо Андреоццимен сынға түсті. Бірінші ...

    Read More »

    Жанерке Көшкімбаева үстел теннисінен Катарда топ жарды

    Үстел теннисінен спорт шебері Жанкерке Көшкімбаева Катардың астанасы — Дохада өткен WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.  19 жастағы спортшы Бахрейн, Катар, Литва, Пәкістан спортшыларынан басым түсті. Бұған дейін ол Қазақстан чемпионатында командалық сында топ жарып, жұптық сында жеңіске жеткен еді. WTT Youth Contender турнирінде бұған дейін Алан Құрманғалиев бірінші орын алған болатын.

    Read More »

    Қазақстан спортшысы үстел теннисі турнирінде топ жарды

    АҚШ-тың Корпус Кристиде қаласында үстел теннисінен WTT Feeder Corpus Christi 2024 халықаралық турнирі аяқталды. Осы жарысқа қатысқан Қазақстан құрамасының спортшысы Кирилл Герасименко жеңімпаз атанды. Турнирде Кирилл Герасименко Кай Чжанды (АҚШ) 3:1, Сянцзин Чжанды (АҚШ) 3:0, Хармит Десайды (Үндістан) 3:1, Штеффен Менгелді (Германия) 3:1, Жоао Монтейрды (Португалия) 3:2 жеңді. Кирилл Герасименконың айтуынша, турнирде ол мықты қарсыластармен ойнаған. Дегенмен жарысқа бәрінен бұрын ...

    Read More »

    Рыбакина WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралияның Брисбен қаласында өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды. Теннисші финалда өзінің басты қарсыластарының бірі, әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда Рыбакина қарсыласын 6:0 есебімен жеңді. Екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты.  Есеп — 6:3. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Рыбакина 7 эйс жасап, 7 ...

    Read More »

    Теннисші Ясмин Дюсембаева Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды

    Теннисші Ясмин Дүйсембаева Испанияның Санта Понса қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe сериясы бойынша өткен турнирдің жеңімпазы атанды. Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Ясмин финалда Болгарияның өкілі Майя Михованы 7:5, 6:2 есебімен жеңді. Ұлдар арасында тағы бір теннисшіміз Ахмади Маханов финалға дейін жетіп, корт иесі Томас Мартинден 1:6, 1:6 есебімен жеңілді. Ал жұптық сында Ахмади Балқан Нұрдәулетпен бірге ...

    Read More »

    Теннисші Данилина микстен АҚШ чемпионы атанды

    Теннисші Анна Данилина микстен алғаш рет АҚШ чемпионы атанды. Анна Данилина аралас жұпта финалда финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге жарыстың бірінші ракеткалары, америкалықтар Джессика Пегула мен Остин Крайчекпен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда қазақстандық-финляндиялық жұп брейк жасап, сол басымдықты 6:3 есебімен сақтап қалды. Олар екінші сетті де брейкпен бастағанымен, америкалықтар таразы басын теңестірді. Есеп – 2:2. Содан кейін Анна мен ...

    Read More »

    Жібек Құламбаева тұңғыш рет Рим турнирінің жеңімпазы атанды

    Қазақстан теннисшісі Жібек Құламбаева жұптық сында Италияның Рим қаласында өткен ITF W60 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Құламбаева Белурусь өкілі  Юлия Готовкомен бірге финалда жарыстың бірінші ракеткалары, колумбиялық Юлиана Лизаразо мен Мария Паулинамен кездесіп, екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Тағы бір қазақстандық спортшы 15 жастағы Ақтөбе теннис мектебінің түлегі Зара Дәркен Италияның Палермо қаласында өткен ...

    Read More »

    Теннисші Рахматуллаев Тегерандағы турнирдің жеңімпазы атанды

    Теннисші Даниал Рахматуллаев Иран Ислам Республиксының астанасы – Тегеран қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF Juniors J100 TEHRAN турнирінің жеңімпазы атанды. Даниал Рахматуллаев (284 ITF Juniors) финалда корт иесі Амирали Гаваманы 6:0, 6:1 есебімен ұтты. Ол турнирде барлық қарсыластарын 6:0, 6:1 есебімен жеңді. Бұл – 16 жастағы Рахматуллаевтың Ирандағы екінші титулы. Бұдан бір апта бұрын ол тағы бір жарыста ...

    Read More »