• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Журналистер

    Бас жүлде қанжығамызға байланды

    Ассалямуалейкум ағайын! Бүгін бір керемет жеңісті әрі жемісті күн болды. Әз-Наурыз мерекесіне орай, Өтеген кентінде шағын футболдан дүбірлі турнир болып өтті. Бұл жарысты ұйымдастырған белгілі ардагер спорт журналисі Әлім Анапиянов еді. Ел арсында салуатты өмір салтын дәріптеп жүрген ардақты ағамыздың осындай аламан жарысты Ұлыстың ұлы мерекесіне қатысты ұйымдастыруы мерекелік көңіл-күймен жарасын тапты. Сонымен турнирге 5 команда келіп қатысқан болатын. Айналым ...

    Read More »

    Астанада бильярдтан Жолдасбек Дуанабай атындағы турнир өтеді

    Ертең, 4 наурыз күні Астанада AIQYN, «Литер» және Turkistan газеттерінің ұйымдастыруымен зиялы қауым мен БАҚ қызметкерлері арасында Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтеді. Жолдасбек Дуанабайдың есімі қалың оқырманға белгілі. Ол қазақ басылымдарына елеулі еңбек сіңірген белгілі журналист, Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, мәдениет қайраткері болған. Турнирге 50-ден аса адам қатысады. Олар екі санат бойынша бақ сынайды. Әр санатқа үш бағалы ...

    Read More »

    Спортқа бөлінген қаржы тексерілуі керек – Дәулет Тұрлыханов

    Бүгін Алматыда қазақтың әйгілі балуаны, грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті, Азия күрес федерациясының президенті, UWW бюросының мүшесі Дәулет Тұрлыханов журналистермен кездесіп,ел спортындағы өзекті мәселелер жайында пікірін білдірді. Баспасөз мәслихаты бастала салып, Дәулет Болатұлы қазіргі күндегі елдегі жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресіндегі жасалып жатқан іргелі жұмыстар мен жетістіктерді тарқата айтып, тобықтан тартып тұрған түйінді ...

    Read More »

    «Ақиқат» журналының дәстүрлі додасы

    Алматыда осымен жетінші рет шахматтан «Қазақ газеттері» ЖШС-не қарасты «Ақиқат» журналының жүлдесі үшін турнир өтті. Бұл жарыс 2012 жылы серіктестіктің бас директоры-редакторлар кеңесінің төрағасы болған қарымды қаламгер, қоғам қайраткері Жұмабек Омарұлы Кенжалиннің ұсынысымен басталып, қазір журналистер арасындағы дәстүрлі турнирлердің біріне айналып отыр. Биылғы додаға 26 журналист қатысты. Турнир жылдағы дәстүр бойынша швейцариялық жүйе бойынша 5 турдан өтіп, оған  шахмат мектебінің ...

    Read More »

    Жетісуда журналистер жарысының жалауы желбіреді

    Талдықорғанда шағын футболдан тұңғыш рет бұқаралық ақпарат құралдары арасында өткен «BAQ JETISU LEAGUE» біріншілігі өз мәресіне жетті. Оған 6 команда қатысты. Үш пента-трик Қай салада да түрен салатын қаламы жүйрік журналистер екі ай бойы өңіріміздегі №25 орта мектеп пен политехникалық колледждің спорт залына жиналып, ала допты ұршықша иірді. Жарыс он турға созылды. Яғни, алты команда бір-бірімен екі кездесу өткізді. Публицистика шеберлері ...

    Read More »

    Ұлағатты ұстаздың жүз жылдығы ұлықталды

    «Өлі риза болмай, тірі байымайды» – деген бабаларымыз. Артынан ізгілікті із қалдырып кеткен жандарға құран бағыштап, игілікті шаралармен еске алып отырудың үлкен мәні бар. Ең бастысы жастарға өткенді үлге етіп, тәрбие дәнін еге білу. Бүгін біздің  еске алып отырған ардақты азаматымыз – 45 жыл бойы ауыл мектебінде бала оқытып, ұрпақ тәрбиелеуде өлшеусіз үлес қосқан аяулы ұстаз, Казақ КСР Оқу-ағарту ісінің ...

    Read More »

    Алматыда журналистердің аламан жарысы аяқталды

    Алматыда үш ай бойы дүбірлете өткен доп додасы мәресіне келіп жетті. Әр жексенбі сайын Қазақтың Спорт және Туризм академиясының спорт кешенінде кескілескен кездесулер, жан берісіп жан алысқан ойындармен өрбіп отырды. Иә, осындай журналистердің доп додасы Алматы қаласында көптен бері өтпеген еді. Кезінде қазақ спорт журналистикасының атасы  Сейдахмет Бердіқұлов пен  белгілі спорт қаламгері Арыстан Сариннің атында журналистер арасында  дүбірлі жарыстар өтіп ...

    Read More »