• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: жүлде

    Таеквондошылар Испаниядан төрт жүлдемен оралды

    Таеквондодан Испанияда өткен G-1 санатындағы халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының спортшылары жалпы есепте үшінші орын иеленді. Ересектер арасында Әзірет Дүйсенбек (54 кг) пен Нұрлан Мырзабаев (87 кг) алтын медаль жеңіп алды. Абдурахмон Марипов (74 кг) күміс иеленсе, Жавовирхан Исламовтың (58 кг) еншісінде қола жүлде бар. Кадеттер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы бірінші орыннан көрінді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Олимпиада чемпионы 250 мың доллар алады

    Туризм және спорт министрлігі мемлекет тарапынан биылғы жазғы Олимпиялық ойындарда чемпион атанған және жүлде алған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына берілетін сыйақыны жариялады. Олимпиаданың чемпионы мен жүлдегеріне және олардың жаттықтырушыларына тағайындалған сыйақы былтыр Мәдениет және спорт министрінің бұйрығына сәйкес, табыс етіледі. Яғни Олимпиада чемпионы мен оның жаттықтырушысы 250 мың АҚШ долларын, күміс жүлдегер 150 мың доллар , қола медалист 75 мың ...

    Read More »

    Министр гимнастика федерациясына жұмысын қайта қарауды тапсырды

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев гимнастика федерациясының басшылығымен және жаттықтырушылар штабымен кездесу өткізді. Жиында көркем және спорттық гимнастика өкілдері биылғы жылды қорытындылап, Париж Олимпиадасына дайындық жоспарларын таныстырды, деп хабарлады ведомство. Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, сары құрлық додасы алдындағы міндеттемелерін толық орындады. Яғни отандастарымыз 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп ...

    Read More »

    XIX Азия ойындары: Қазақстан спорттың 30 түрінен 305 жүлдені сарапқа салады

    Қазақстан спортшылары XIX Азия ойындарының бағдарламасына қосылған 40 спорт түрінің 30-нан бақ сынайтын болады. Отандық спортшылар 44 дисциплина бойынша 305 медаль үшін жарысқа шығады. Жалпы биылғы Азиадада 61 дициплина бойынша 481 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Азия ойындарына 524 қазақстандық спортшы қатысады. Әрине, кейбір спорт түрлерінен басқа жарыстарға қарағанда медаль алу мүмкіндігіміз көп. Біз үшін спортшыларға барынша қолайлы жағдай туғызу маңызды. ...

    Read More »

    ФИФА The Best жүлдесіне үміткерлер тізімін жариялады

    ФИФА 2023 жылдың үздік ойыншысы, жаттықтырушысы және қақпашысына берілетін The Best жүлдесіне үміткерлер тізімін жариялады. ФИФА-ның «Жыл ойыншысы» жүлдесі 12 ойыншы үмітті болып отыр. Олар — Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»), Бернарду Силва («Манчестер Сити»), Хвича Кварацхелия («Наполи»), Эрлинг Холланд («Манчестер Сити»), Хулиан Альварес («Манчестер Сити»), Илкай Гундоган («Барселона»), Родри («Манчестер Сити»), Лионель Месси («Интер Майами»), Виктор Осимхен («Наполи»), Килиан ...

    Read More »

    «Алтын доп — 2023» жүлдесінің фавориттері белгілі болды

    «Алтын доп-2023» жүлдесін жеңіп алатын фавориттердің жаңартылған рейтингісі шықты. Бұл тізімді Goal интернет-басылымы жариялады. Биылғы жүлдеге ПСЖ клубының бұрынғы шабуылшысы, қазір «Интер Майами»команжасында ойнап жүрген Аргентина құрамасының капитаны әлемнің былтырғы үздік футболшысы Лионель Месси басты үміткер болып отыр. Месси — «Алтын доп» сыйлығын 7 рет, «Алтын бутсы» премиясын 6 рет алған тарихтағы жалғыз футболшы. Екінші орында «Манчестер Сити» мен норвегиялық ...

    Read More »

    Спортшы мен жаттықтырушыға берілетін ай сайынғы төлемнің мөлшері өзгереді

    Олимпиада медаліне үміткер спортшыға берілетін ай сайынғы төлемнің мөлшері өзгереді. Бұл туралы  Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады. Мәдениет және спорт министрлігі жоғары санатты спортшылар, жаттықтырушылар және жоғары санатты спортшыларды даярлайтын дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарт бойынша ақша төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» бұйрыққа өзгертулер әзірледі. Бұйрық жобасына сәйкес, қолданыстағы құжатқа спортшылармен және олардың жаттықтырушыларымен жасалған шарт ...

    Read More »

    Еркін күрес: Қазақстан балуандары рейтингтік жарыста үш жүлде иеленді

    Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан биылғы соңғы төртінші рейтингтік турнирінің алғашқы күні еркін күрес балуандары боз кілемге шықты. Жарыстың алғашқы күні Қазақстан балуандары 3 медаль иеленді. 74 кг салмақта күрескен Нұрқожа Қайпанов финалға жетіп сүрінді. Финалда ол алаң иесі Мурад Курамагомедовқа есе жіберіп, күміс медаль алды. 92 кг салмақтағы Ризабек Айтмұқан қола медаль иеленді. Ризабек қола медаль үшін ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: Қазақстанның тағы үш балуаны жүлде алды

    Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер күресінен еліміздің 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 3 медаль алды. 12 шілдеде күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында жалауын көтерген Азия чемпионатының екінші күні әйелдер күресінен ел құрамасы қоржынына үш жүлде түсті. Азия чемпионатында Сания Солтанғали (39 кг) мен Мейрамгүл Ахметжан (46 кг) финалда қарсыластарына есе жіберіп, ...

    Read More »

    Маңғыстаулық спортшылар пара үстел теннисінен 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль алды

    7-12 сәуір аралығында Павлодар қаласындағы «Жеңімпаз» спорт кешенінде пара үстел теннисінен тірек-қимыл аппараты зақымдаған жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Оған Астана, Алматы қаласы мен Атырау, Жетісу, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облысынан он бір команда қатысып, 100-ден астам спортшы бақ сынап, үздіктер анықталды. Ел чемпионатына маңғыстаулық үш спортшы қатысып, жүлде алды. Жекелей жүйеде: 1 орын — Динара Тынымбай; ...

    Read More »