• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Каркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі

    Каркен Ахметов атындағы мектеп-интернат-колледжі оқушыларды қабылдайды

    Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Каркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі 2023 – 2024 оқу жылына мектеп-интернатқа оқушылар қабылдайтыны туралы хабарлайды. Мектеп-интернат 16 олимпиадалық спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларына спорттық резерв дайындайды: Баскетбол (жасөспірімдер), бокс, байдарка және каноэде ескек есу, велоспорт, волейбол, грек-рим күресі, дзюдо, еркін күрес, жүзу, ...

    Read More »

    Бүлікшілерге қарсы тұрған батыр басшы

    Алматыдағы қаңтардың қайғылы оқиғасы қазақ еліне ауыр тиді. Қаншама боздақтар алаңға шығып, оққа ұшып, қаза болды. Иә, қазіргі ресми деректерде 200-ден асатын санды жария етуде. Ал, негізінде одан екі есе көп қазақ жастары жан құшты. Қаңтардың қайғылы күндерінің себеп-салдарын Үкімет тарапынан тағайындалған арнайы комиссия әлі зерттеп жатыр. Дегенменде бейбіт шеруге ілесе шыққан жазықсыз жандар ауыр жазаға тартылып кетпесе екен деген ...

    Read More »

    Алматыда жаңа суалыбы ашылды

    Елімізде су спортынан ұлттық құрама команда мен жекелеген клубтардың әлем аренасына атойлап өзін таныту үшін спорттың осы түрінен халықаралық стандартқа сай алаңдар салынуы керек. Бүгінгі күні спорт кешендері еліміздің әр аймағында көптеп  ашылып жатыр. Ол әрине, қуанарлық жай, жоқ деуге аузымыз бармас. Дегенмен жасөспірім балаларды су спортына қызықтыра білуге келгенде не істеп жатырмыз? – деген сұрақты өзімізге қойып көрелік. Иә, ...

    Read More »

    Алматыдағы оқу ордасында Отбасы күні өтті

    Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының жариялауымен  1993 жылдан бастап 15 мамырды «Халықаралық отбасы күні» деп аталып келеді. Негізгі мүдде қалың жұртшылықты отбасы мәселесіне қаратуды көздеген. «Отан отбасынан басталады», десек отбасы құндылықтарына назар аудардың мәні зор деп білеміз. Сондықтан да «Халықаралық отбасы күні» елімізде үлкен қолдаумен мерекелік көңіл-күйде аталып өтті. Айтулы отбасылық мереке Каркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің  республикалық мамандандырылыған мектеп-интернат ...

    Read More »

    Алматыда жапондар жастарды дзюдодан жаттықтырады

    Қазіргі таңда бүкіл әлем халқы дзюдо күресін жақсы біледі. Өйткені, айтулы жекпе-жек түрінен Олимпиадалық, әлемдік, еуропалық және көптеген дүниежүзілік жарыстар үзбей өткізіліп келеді. Егер дзюдоның түпкі тарихына үңілсек, бұл күрес түрі алғашында ұрыс өнері ретінде бастау алғанын білеміз. Бұл жекпе-жек Жапонияда XIX ғасырдың аяғында дүниеге келген. Ел ішіндегі дүмпуден самурайлардың жағдайы тығырыққа тіреледі. 1871 жылы самурайлардың қынабына қылыш қыстырып жүруіне ...

    Read More »

    Алматыда спорт ордалары Жолдауды талқылады

    Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің  тапсырмасымен Каркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған жиын  өтті. Биылғы Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Жиынға Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы  «Олимпиада резервінің ...

    Read More »