• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: коньки

    Конькишілер Жапонияда екі медаль алды

    Жапонияның Хатинохе қаласында конькимен жүгіруден жастар арасындағы Әлем кубогының кезеңі болып жатыр. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, оған қатысып жатқан екі спортшымыз жүлдені жеңіп алды. 1000 метрге жарыста нео-сеньор санатында Маргарита Артемьева мәреге екінші болып келіп, күміс жүлдегер атанса, Мария Кузнецова финишке үшінші болып жетіп, қола медальді иеленді. Тағы бір спортшымыз Алена Лифатова төртінші орынды қанағат тұтты. ...

    Read More »

    Астанада IV қысқы жастар спорт ойындары аяқталды

    Бүгін Астана қаласындағы «Алау» мұзайдынында конькимен жүгіруден IV қысқы жастар спорт ойындары мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күні 1500 метр мен масс-стартта үздіктер анықталды. Әйелдер арасында 1500 метрде астаналық Алина Дауранова қарсылас шақ келтірген жоқ. Дарья Гаврилова (Астана) күміс, Алена Лифатова (Павлодар облысы) қола медальге ие болды. Ерлер арасында Вадим Якубовский (Қостанай облысы) чемпион атанса, Роман Биназаров (Қостанай облысы) пен Михаил Глущенко ...

    Read More »

    «Азия балалары» ойындары: Варвара Глухова алтын жүлде алды

    Бүгін қысқы спорт түрлерінен Ресейдің Кемерово облысында өтіп жатқан ІІ  «Азия балалары» ойындарында конькимен жүгіруден соңғы жүле жиынтығы сарапқа салынды. Алдыңғы екі күнде медальге сынық сүйем қалғанда сүрініп келген қазақстандықтар бұл жолы 1 алтын, 1 күміс жүлде жеңіп алды. Конькиші Варвара Глухова жеңімпаз атанса, командалық спринтте Денис Мезенцев, Михаил Бровко мен Михаил Матрюхин үштігі Сібір федералды округынан кейінгі екінші нәтиже ...

    Read More »

    Конькиші Алина Дауранова екінші алтын жүлдені жеңіп алды

    Конькиші Алина Дауранова Финляндияда конькимен жүгіру спортынан өтіп жатқан Әлем кубогының жасөспірімдер кезеңінде екінші рет алтын медальді жеңіп алды. Ол 500 метр қашықтықта алдына жан салмай, мәреге бірінші болып жетті. Финляндияда Дауранова дубль жасады. Ол бұған дейін 1000 метрлік жарыста жеңіске жеткен еді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Дмитрий Морозов пен Алина Дауранова А тобына жолдама алды

    Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінің В тобындағы сын аяқталды. Әйелдер арасында 500 метрге жарыста Алина Дауранова екінші орын алды. Оның уақыт көрсеткіші – 38.75 секунд. Ерлер арасында 1500 метрге Дмитрий Морозов В тобында жеңіске жетті. Ол сөреден мәреге 1:45.95 секундта жетті. Осылайша, Дмитрий мен Алина келесі кезеңнен бастап таңдаулы конькишілер бақ сынайтын А тобында өнер көрсетеді.   ...

    Read More »