• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: күміс жүлде

    Әлем кубогы: Қазақстан артистік жүзуден екі жүлде алды

    Қытайдың астанасы – Бейжің қаласында өтіп жатқан артистік жүзуден Әлем кубогының алғашқы кезеңінде Қазақстан қоржыны екі медальмен толықты, деп хабарлады Olympic.kz. Бұл сында аралас жұптық сында техникалық бағдарламада Наргиза Болатова мен Эдуард Ким күміс жүлдегер атанды. Олар 199.4450 ұпай жинады. Жарыста бірінші орынды Қытай, үшінші орынды Испания спортшылары иеленді. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы техникалық бағларламадағы топтық жарыста Қытай мен Австралияға жол ...

    Read More »

    Көркем гимнастшылар Грекияда үш алтын медаль жеңіп алды

    Грекияның Афины қаласында көркем гимнастикадан дәстүрлі «Афродита» кубогы үшін турнирде Ерік Жайлауова, Айбота Ертайқызы мен Милана Парфилова Грекияда өткен халықаралық турнирде 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Telegtam-дағы tvalmaty арнасы. Милана Парфилова ұршық жаттығуында қола, лентамен жаттығуда күміс,  Айбота Ертайқызы таспамен және  ұршықпен жаттығуда алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, Айботаның еншісінде доп жаттығуынан қола медаль бар. ...

    Read More »

    Су спортынан АЧ: Қазақстан көркем жүзуден күміс жүлде алды

    Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спортынан өтіп жатқан Азия чемпионатында Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегерлері — Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина (15-19 жас тобы) жұптық сайыстың еркін бағдарламасында күміс жүлдені иеленді. Бірінші орынды 347.4859 балл алған Өзбекстанның спортшылары Зиёдахон Тошхуджаева мен Анна Ващенко алды. Ал Қазақстаның дуэі 340.1650 ұпай жинады. Үшінші орынға Гонконгтың өкілдері Вонг Винг Ка мен Ву КуЛок ие болды. ...

    Read More »

    Көркем гимнастшы Айбота Ертайқызы екі медаль жеңіп алды

    Бүгін Эстонияның Тарту қаласында көркем гимнастикадан дәстүрлі «Мисс Валентайн» Гран-приі аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Биыл 30 мемлекеттен таңдаулы 33 спортшы қатысқан жарыста отандасымыз Айбота Ертайқызы екі медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама өкілі доппен өнер көрсетуде күміс жүлдегер атанса (32.700 балл), шығыршық жаттығуында қолаға (32.550 ұпай) ие болды. Сондай-ақ Айбота Ертайқызы ұршық және лентамен өнер ...

    Read More »

    Әбиба Абужақынова алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінде күміс жүлде иеленді

    Дзюдодан Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында өтіп жатқан «Үлкен дулыға» турнирінде ұлттық құраманың көшбасшысы Әбиба Абужақынова (-48 кг) екінші орынды иеленді. Ол финалда Сабина Гилиязовадан жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігнің Спортты дамыту дирекциясы. Осы салмақтағы қола жүлде Швецияның өкілі Тара Бабулфат пен түркиялық спортшы Тугче Бедерге бұйырды. Күндізгі сессияда Абужақынова ширек финалда Мария Селия ...

    Read More »

    Су спортынан АЧ: Диана Жұмағұлова төрт медаль жеңіп алды

    Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан суға секіруден Азия чемпионатында Диана Жұмағұлова төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Бүгін ол 7 метр тұғырдан секіруде күміс жүлдегер атанды. Бұған дейін 19 жастағы атлет жекелей сында қола, ал Анабелла Кочкинамен бірге жұптық сайыста алтын мен күміс жүлдені алған болатын. Суға 7 метр тұғырдан секіруде Диана Жұмағұлова 255.35 нәтиже көрсетті. ...

    Read More »

    Су спортынан АЧ: Қазақстан тағы екі жүлде алды

    Бүгін Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында еліміздің спортшылары тағы екі жүлдені жеңіп алды. 1 метрлік тұғырдан суға секіру жекелей сайысында ұлдар арасында Назар Қожанов 357.75 ұпай алып, күміс медальді, қыздардың бәсекесінде Диана Жұмағұлова қола жүлдені иеленді. Ұлдар жарысында Жапония өкілі Азия чемпионы атанса, үшінші орынды Кувейттің спортшысы қанағат тұтты. Қыздар сынында алтын медаль Малайзияның ...

    Read More »

    Гимнасшылар Мұсабаев пен Әлиев Әлем кубогының күміс иегері атанды

    Әзербайжанның Баку қаласында өткен батуттағы гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде Данил Мұсабаев пен Пірмаммад Әлиев күміс медаль иеленді, деп хабарлады olympic.kz. Олар финалда 50 520 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреді. Алтын медальді Қытай спортшылары (51.090), қола жүлдені АҚШ құрамасы жеңіп алды. Әлем кубогы кезеңдерінде Париж Олимпиадасына жолдама беруде есепке алынатын рейтингілік ұпайлар сарапқа салынады.  

    Read More »

    Александр Уваров – ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері!

    Ташкент қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасында Қазақстан құрамасында екі спортшы помостқа шықты. Соның бірі — 81 келіге дейінгі салмақта Александр Уваров күміс медаль иеленді. Ол биыл Қытайдың Ханчжоу қаласында Азия ойындарында жұлқа көтеруде қола жүлдені (153 кг), серпе көтеруде 190 кг зілтемірді басынан асырып, қоссайыс қорытындысында 343 кг көрсеткішпен екінші орынды иеленді. Ташкентте тағы бір ауыр ...

    Read More »

    Паралимпиада жүлдегері балалар колониясында болды

    2020 жылғы жазғы Паралимпиаданың күміс жүлдегері, дзюдошы Теміржан Дәулет Алматыдағы балалар колониясына болды, деп хабарлады polisia.kz. Ол Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде болып, жазасын өтеп жатқан адамдармен әңгімелесті. Балалар дзюдошыны тыңдап, өздерінің спорттағы жетістіктері туралы айтты. Кездесудің соныңда спортшы дзюдо техникасын көрсетіп, балалардың шығыс жекпе-жегінің ең танымал түріне деген қызығушылығын оятты.

    Read More »