• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: күрес

    Күрестен АЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы төрт қола жүлдені иеленді

    Күрес түрлерінен Қырғызстанның астанасы — Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасында барлық салмақтағы үздіктер анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Кеше спортшылар қалған бес салмақта сынға түсті. Ұлттық құраманың спортшылары соның екеуінде жүлдені жеңіп алды. Анастасия Панасович 72 кг дейінгі салмақта қола медаль үшін күресте өзбекстандық Озода Зарипбоеваны таза жеңді. Сонымен қатар Лаура Алмағанбетова үшінші ...

    Read More »

    Қарысбек Махамбетов: «Ризабек жаңа салмаққа бейімделіп жатыр»

    Еркін күрестен Қазақстан құрама командасының жаттықтырушысы Қарысбек Махамбетов Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні туралы өз ойын айтты. Жаттықтырушы Olympic.kz-ке сұхбатында  балуандардың күресіне баға беріп, олардың алдағы мүмкіндіктері туралы пікір білдірді. Ол алғаш рет Азия чемпионатында жүлде алған Мейрамбек Қартбай туралы былай деді: Мейрамбек Қартбай алғаш рет Азия чемпионатында жүлдегер болды. Ол былтырғы әлем чемпионатының жартылай финалына дейін ...

    Read More »

    Күрестен АЧ: Ризабек Айтмұхан — күміс медалист!

    Қырғызстанның Бішкек қаласында еркін күрестен өтіп жатқан Азия чемпионатында еліміз тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта күміс жүлдегері атанды. Ол финалда 97 келі салмақтағы әлем чемпионы, бахрейндік Ахмед Тажудиновпен күресіп, 2:4 есебімен есе жіберді. Бұл екеуі бозкілемде осымен екінші рет кездесті. Бұған дейін Түркияда өткен халықаралық турнирде де Тажудинов қазақ балуанын жеңген болатын. Ризабек Айтмұхан — 92 ...

    Read More »

    Бішкекте күрестен Азия чемпионатының жалауы желбірейді

    11-16 сәуірде Қырғызстанның астанасы – Бішкек қаласында күрес түрлерінен ересектер арасындағы Азия чемпионатына 30 медаль бәске тігіледі. Биыл осымен үшінші рет өтетін жарысқа Олимпиада және әлем, Азия чемпиондары мен жүлдегерлері Рисако Кинжо, Юи Сузаки, Нонаки Озаки (Жапония), Нұрсұлтан Тұрсынов, Азамат Дәулетбеков, Ризабек Айтмұхан, Эльмира Сыздықова (Қазақстан), Жоламан Шаршенбеков, Ақжол Махмудов, Айсулу Тыныбекова (Қырғызстан), Ахмед Тажудинов (Бахрейн) пен басқа да атақты ...

    Read More »

    Ақжол мен Жоламан — қырғыз халқының мақтанышы

    Жақында ер Манастың елінде күрес түрлерінен өтетін Азия чемпионатына қырғыздың бетке ұстар спортшысы Ақжол Махмудов қатысады. Ол осымен төртінші рет Азия чемпионатына қатысатын болады. Қазіргі кезде Ақжол Махмудов — күрестен Азия чемпионатында 3 алтын алған жалғыз палуан. Сөзсіз, енді тарихта қалады. Өз елінде мұндай жетістікке әлі ешкім жеткен жоқ. Жоламан Шаршенбеков, Ратбек Санатбаев, Данияр Кобонов және Жанарбек Кенжеев екі рет ...

    Read More »

    Күрестен Күншығыс елінің Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері

    2004-2020 жылдары аралығында Жапонияда әйелдер күресінен Олимпиада чемпионы мен жүлдегері атанған спортшылар туралы мәлімет. Алтын жүлде алғандар: Каори Ите – төрт дүркін Олимпиада чемпионы (Афина-2004, Бейжің-2008, Лондон-2012, Рио-де-Жанейро-2016); Саори Есидо – үш дүркін Олимпиада чемпионы (Афина-2004, Бейжің-2008, Лондон-2012); Рисако Кавай – екі дүркін Олимпиада чемпионы (Рио-де-Жанейро-2016, Токио-2020); Хитоми Обара – 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы; Эри Тосака – 2016 жылғы ...

    Read More »

    Астанада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды

    Астанада Туризм және спорт министрлігі мен Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ұйымдастыруымен күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды. Чемпионат 1-5 ақпан аралығында Жақсылық Үшкемпіров атандағы Жекпе-жек сарайында болады. Ел чемпионаты Олимпиялық ойындарға енгізілген күрес түрлерін танымал ету, оның беделін арттыру мен күрес түрлерінен ұлттық құраманы іріктеу мақсатында өткізіледі. Қазақстан чемпионатының жүлдесіне таласатын балуандар арасында ұлттық құрама үздіктері де бар. Атап ...

    Read More »

    Азамат Дәулетбеков әлемдік рейтингтік турнирдің күміс жүлдегері атанды (ФОТО)

    Еркін күрес балуаны Азамат Дәулетбеков биылғы жылдың алғашқы әлемдік рейтингтік турнирінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады Күрес түрлері федерациясы. Ол Хорватияның астанасы — Загреб қаласында күрес түрлерінен өткен Zagreb Open турнирінің алғашқы күнінде 86 келі салмақ дәрежесінде күміс медаль алды. Азамат Дәулетбеков әуеліҮндістанның балуаны Депак Пунияны 6:2 есебімен жеңсе, екінші белдесуде Украина өкілі Валентин Бабиден айласын асырды. Ширек финалда Грузияның ...

    Read More »

    Күрестен рейтингтік ұпай берілетін Zagreb Open турнирі өтеді

    Хорватияның Загреб қаласында 10-14 қаңтар аралығында күрес түрлерін Zagreb Open халықаралық турнирі өтеді. Бұл турнирде балуандарға рейтингтік ұпайлар беріледі. Турнирде балуандар грек- рим, еркін және әйелдер күресінен күш сынасады, деп хабарлады Қазақстан күрес түрлері федерациясы. Қазақ елінің атынан Загребте жалауы көтерілетін жарысқа төрт спортшы қатысады. Еркін күрестен Азамат Дәулетбеков (86 келі), әйелдер күресінен Ирина Казюлина (65 келі),  Елена Шалыгина (68 ...

    Read More »

    Қазақстан күрес федерациясы жылды қорытындылады

    Қазақстан күрес федерациясы жылды қорытындылау конференциясын өткізді. Биылғы 2023 жыл отандық күрес қауымдастығы үшін жарқын оқиғаларға, тарихи әрі сенсациялық көрсеткіштерге толы болды, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі. Бүгінде күрестің үш түрінен ресми халықаралық жарыстарда ұлттық құрама қоржынында барлығы 117 медаль бар. Оның ішінде спортшылар 26 алтын жүлде, 33 күміс медаль, 58 қола жүлде иеленді. Конференцияға Грек-рим, еркін және әйелдер күресі ...

    Read More »