• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Моңғолия

    Әлем чемпионатына өзге ел атынан қазақ боксшылар қатысып жатыр

    Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатына өзге мемлекеттердің атынан тегі қазақ боксшылары да күш сынасып жатыр. Олар Қытай, Бахрейн, Өзбекстан мен Моңғолия ұлттық құрамаларының сапында жарысқа қатысуда. Қытай Халық Республикасының құрамында тегі екі қазақ былғары қолғап иесі бар. Олар 80 келі салмақтағы Таңатхан Тоқтарбек (Tanglatihan Tuohetaerbieke) мен аса ауыр салмақтағы Данабек Байғазы (Danabieke Bayikewuzi). ...

    Read More »

    Қазақ қызы бокстан Моңғолияның чемпионы атанды

    Моңғолияның астанасы — Ұланбатыр қаласында бокстан жастар арасындағы ел чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Зейнеп Әзімбайқызы бас жүлдені жеңіп алды. Ол қыздар арасында өткен жекпе-жектерде қарсыластарын қиналмай ұтып, осымен екінші рет ел чемпионы атанды. Бұған дейін Зейнеп Әзімбайқызы 2022 жылы ересектер және жастар арасында ел чемпионы атанған еді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Моңғолияда Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ қызы марапатталды

    Моңғолияда қазақ қыздарының арасынан тұңғыш рет Олимпиада ойындарына қатысқан Алданыш Рамазанқызы «Еңбек сіңірген спортшы» атағымен марапатталды. Алданыш Рамазанқызы — 1964 жылғы Токио қаласында өткен жазғы Олимпиадаға Моңғолияның атынан қатысқан тұңғыш қазақ қызы. Сонымен бірге ол Моңғолия спорт тарихында тұңғыш рет Олимпиадаға қатысқан әйел, Моңғолиядағы қазақтардың арасынан  шыққан тұңғыш спорт шебері. Ол жеғір атлетикадан моңғол елінің рекордын бірнеше рет жаңартқан. Он ...

    Read More »

    Азия чемпионатына үш күн қалды

    Азия чемпионатының жүлдесін сарапқа салатын шетелдік аударыспақшылар қатарында кімдер бар? Теңге ілушілер сайысына кімдер қатысады? Дүбірлі дода басталар уақыт таяу қалған сайын жанкүйер көкейін осындай сауалдардың мазалайтыны анық. Әрине, бірер күн бұрын барлық спортшылардың тізімі жарияланды. Қазақ елінің намысын қорғайтын аударыспақшылар мен теңге ілу шеберлері жан-жақты таныстырылды. Біз бүгін қолымызда бар деректер бойынша шетелдік спортшылардың бірқатарын оқырман назарына ұсынуды жөн ...

    Read More »