• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Мәдениет және спорт министрлігі

    Нысана көздеуден ӘЧ: Қазақстан құрамасы қола медаль алды (ФОТО)

    Бүгін Әзербайжанның астанасы – Баку қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті. Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, стенд атудың трап бағдарламадасында Мария Дмитриенко мен Даниил Почивалов жұбы аралас командалық сында қола жүлдегер атанды. Олар 150 нысананың 141-ін дәл көздеді. Бас жүлдені Португалия мен АҚШ құрамасы сарапқа ...

    Read More »

    Асхат Оралов: «Лудоманиямен күрес — күн тәртібіндегі басты мәселе»

    Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат кеңесінде ойын бизнесі мәселелері талқыланды. Вице-министрлер, комитет төрағалары мен министрліктің аппарат басшысы қатысқан кеңесте министр Асхат Оралов күн тәртібіндегі басты тақырып — лудоманиямен күрестің маңыздылығын атап өтті. Мәдениет және спорт министрлігі жанынан заңға өзгерістер енгізу үшін жұмыс тобы құрылып, белсенді жұмыс атқарып жатыр. Бүгінгі таңда қала көшелеріне қарайтын болсақ, елордадан бастап шалғайдағы ауылға дейін әрбір ...

    Read More »

    Арман Жүдебаев Мәдениет және спорт вице- министрі болды

    Арман Жүдебаев Мәдениет және спорт вице- министрі қызметіне тағайындалды. Мәдениет және спорт минимтрі Асхат Оралов осыған дейін ведомство басшысының орынбасары болған Нұрғиса Дәуешовке атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді. Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында туған. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің артисі болып бастаған. 2009-2013 жылдары — Құрманғазы ...

    Read More »

    Мәдениет және спорт министрлігіне бірнеше қосымша құзырет беріледі

      Ашық НҚА порталында «Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысы талқыға шығарылды. Құжатта атап көрсетілгендей, Мәдениет және спорт министрлігіне қосымша мына қызметтер беріледі: — мәдениет мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрып, ережені бекітіп береді; — мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия беру қағидаларын бекітеді; — архив және кітапхана ісі, геральдика салаларындағы ұлттық және халықаралық конкурстар мен фестивальдарды, сыйлықтар мен ...

    Read More »

    Қажымұқан спорт мектебі – министрлік кубогының екі дүркін иегері (ФОТО)

    Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 2007 — 2008 жылдары туған  спортшылары дзюдо, таеквондо, еркін күрес, бокс, грек-рим күресінен өткен Мәдениет және спорт министрлігінің кубогын жеңіп алды. 16-22 сәуір аралығында Талдықорған қаласында еліміздің 17 спорт-интернаттар арасында спорттың бес түрінен ұйымдастырылған дүбірлі додада спорт ордасының оқушылары осымен екінші рет Мәдениет және спорт министрлігінің кубогының иегері атанды. Бұл жарыстың өзі ...

    Read More »

    Спортшылар мен жаттықтырушыларға берілетін төлем мөлшері белгіленді

    Мәдениет және спорт министрлігі «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекіту, олардың мөлшерін белгілеу туралы» бұйрығының жобасын әзірледі. Құжат «Ашық» НҚА порталында жарияланды. Бұйрық-жобасында жазылғандай, өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыру дене шынықтыру және спорт саласында кемінде 20 жыл еңбек өтілі бар мына спортшылар мен жаттықтырушыларға тағайындалады: — Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері немесе спорттың ...

    Read More »

    Биылдан бастап спорт төрешілерінің бір күндік еңбекақысы 62,5% өсті

    2023 жылдан бастап спорт төрешілерінің еңбекақысы 62,5%-ға ұлғайды. Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, бір күндік еңбекақы мөлшері 8 мың теңгеден 13 мың теңгеге дейін өскен. Сапалы және адал төрешілік мәселесі спортшыларды даярлау мен спорттық инфрақұрылымнан кем емес. Әрине, лайықты еңбекақысыз білікті төрешілер саны өте аз болады. Сондықтан төрешілер мен спорт саласындағы басқа да мамандардың еңбекақысын көтеру жұмыстары жүріп жатыр, — ...

    Read More »

    Халықаралық жарыстардың жеңімпаздарына қанша мөлшерде сыйақы төленеді?

    Мәдениет және спорт министрлігі «Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан құрама командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшерін бекіту туралы» бұйрық әзірледі. Жазғы, қысқы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында бірінші орын алғандар 250 мың доллар, екінші орын алғандар 150 мың доллар, үшінші орын алғандар 75 мың доллар алады деп белгіленді. Бұл ретте сыйлықақылар 4,5 және 6 орын үшін ...

    Read More »

    Шавкат Рахмоновты енді спортты қолдау қоры қаржыландырады

    Қазақстандық жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов енді келесі кездесулеріне дайындалу үшін спортты қолдау қорынан қаржыландырылады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов өзінің Facebook-тегі парақшасына жазды. Бұл ретте министр кезекті жеңісінен оралған спортшымен жеке кездескеніне тоқталған. Мен Шавкатты жақында американдық Джефф Нилмен болған жекпе-жекте жеңісімен тағы да құттықтадым және оған алғыс хат табыстадым. Сондай-ақ ол келесі жекпе-жектерге дайындалу үшін спортты қолдау ...

    Read More »

    Мәдениет және спорт министрлігі Денис Улановқа 45 мың доллар төлейді

    Ауыр атлет Денис Улановтың Мәдениет және спорт министрлігіне қарсы ісі бойынша сот шешімі шықты. 2016 жылы Бразилияда өткен XXXI Жазғы Олимпиялық ойындарда Денис Уланов 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде төртінші орын алғанда оған 30 мың доллар сыйақы төленген еді. Алайда, допинг дауына байланысты Олимпиаданың қола жүлдесін иеленген Г.Синкраянның спортшы шеттетілген соң, үшінші орын ресми түрде Денис Улановқа берілген болатын. Қазір ...

    Read More »