• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Мәдениет және спорт министрі

    Елімізде спорт инфрақұрылымы жетіспейді — министр

    Мемлекеттің дене шынықтыру мен спорт саласына қатысты қоғам алдында екі негізгі міндеті бар. Ол ел тұрғындарының дене шынықтырумен айналысуына жағдай жасау және жоғарғы жетістіктер спортын дамыту. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлімдеді. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі мәселеге қатысты Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды баяндама жасады. Оның айтуынша, бұқаралық спорттың негізгі төрт ерекшелігі ...

    Read More »

    Алдағы 6 жылға жоспарланған спорт тұжырымдамасы бекітілді – Асхат Оралов

    Қазақстанда алдағы 6 жылға жоспарланған спорт тұжырымдамасы бекітілді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Ол 2023-2029 жылдарға арналған Дене шынықтыру мен спортты дамытудың тұжырымдамасы бекітілгенін атап өтті. Онда елімізде осы салаларды дамытудың жаңа бағытын айқындадық, бұқаралық спортқа, оның ішінде балалар мен жастар арасында, азаматтардың барлық санаты үшін дене шынықтыру және спортпен шұғылданудың жалпыға қолжетімділігіне, ...

    Read More »

    Асхат Оралов министрлікпен соттасқан спортшымен кездесті

    Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов былтыр Бразилияда өткен Сурдлимпиадада есту қабілеті нашар спортшылар арасында чемпионы атанған дзюдошы Еркебұлан Қанафинмен кездесті. Бразилиядағы Сурдлимпиаданың алтын медалін жеңіп алған дзюдошы Еркебұлан Қанафинмен кездестім. Кейбір түсініспеушілікке байланысты чемпионымыздың жеңісі оның кейінгі ісімен байланысты көлеңкеде қалып қойғаны өкінішті. Спортшымен және Сурдлимпиада комитетінің өкілдерімен кездесіп, бәрін көзбе-көз талқылағанымыз пайдалы болды. Кездесу қорытындысы бойынша мұндай жағдайлардың ...

    Read More »

    Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы биылғы жылға жұмыс жоспарын бекітті

    Астанада Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының алқа отырысы өтті. Жиынға Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, қауымдастық президенті Исламбек Салжанов және ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кіретін федерациялардың басшылары қатысты. Кездесуде қауымдастықтың биылға арналған даму стратегиясы мен жұмыс жоспары таныстырылып, бекітілді. Алқа отырысында сөз сөйлеген мәдениет және спорт министрі Ұлттық спорт түрлерінің барлық қазақстандық үшін ерекше маңызы бар екенін атап өтті. ...

    Read More »

    Биыл 560 мың бала спорттық секциямен қамтылады

    Биыл 560 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер тегін спорт секциясымен немесе шығармашылық үйірмемен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты. «Балалардың спортпен, дене шынықтырумен тұрақты айналысуына баса назар аударылады. Бұқаралық спортты, оның ішінде спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді дамыту аса маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, былтыр мемлекеттік тапсырыс аясында 4 жастан 17 жасқа дейінгі 400 мыңнан ...

    Read More »