• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Мәскеу Олимпиадасының чемпионы

    Жақсылықты жоқтау апталығы

    Чемпионсыз өткен 35 жыл!!!  Қазақтар өз ұлттық спорты санаған, бүкіл ата – бабасы балуан болды деп дәлелденген күрес өнерінен ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ шықпағанына бүгін тура 35 жыл бір апта болды! Сонау 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасына ең соңғы сәтте ғана ілінген кеней асықтай ғана балуан Жақсылық Үшкемпіров жасы отызға келгенде мыңнан бір мүмкіндіктің жалына жабысып, Қажымұқан атасы, Әбілсейіт ағасы жетпеген атақты тұтас ...

    Read More »

    Жақсылықты жоқтау апталығы

    Қазақстан үшін !!! 1983 жыл! Мәскеуде КСРО Халықтарының VIII Спартакиадасы өтті. Ол кезде спорт журналистикасының атына тақым тастай бекіген, жарыстан қалмаймыз, біз де бардық. Бүгінгі жастарға түсінікті болсын, ол кезде КСРО-да бұл СПАРТАКИАДАДАН асқан маңызды жарыс жоқ болатын. Ол жарыстардағы нәтижені КПСС Орталық комитетінің өзі бақылауда ұстап, жақсы нәтиже көрсетсең бастан сипап, нашар нәтиже көрсетсең құйрықтан шықпыртатын! Өйткені, бұл Спортакиададағы ...

    Read More »

    Жақсылық ағадан қапыда айырылып, қанатымыз қайырылды

    Бір жапырақ кеудесіне бүкіл қазағын сыйғызған Жақсылық ағатайым Жаратқан Иеміздің құзырына қайтыпты. Жанарымыз жасқа шыланды. Көкіректі мұнар шалды. Барша Қазақ жұртына Жақсылық Үшкемпіровтің қазасына орай көңіл айтамыз. Алла Тағала ағамыздың мәңгілік мекенін жәннат бақшаларынан қылсын! Отбасына, етжақындарына Алланың нығметі мен берекесі нәсіп болсын! Жақсылық ағатайым ұлтының тарихындағы ірі тұлғаның бірі ғой. Ол кісінің басынан өткен мына бір екі сәтті қайта ...

    Read More »

    Жақсылық. 40 жыл бұрынғы Олимпиаданың алтын жүлдесі!

    «Олимпиада жылы» деген айшығымен сексенінші жыл келді. Жиырма тоғызға иек артқан Жақсылық тас-түйін! ССРО чемпионатына не бел, не белбеу кетеді, деп атойлай кірген. Шүу дегеннен үш бірдей қарсыласын бет қаратпай жыққан Жақсылық кезекті сында ресейлік Вылежанинді 22:0 есебімен ойсырата жеңді. Одан кейін Еуропа чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері, 26 жастағы қазандық Анатолий Бозинді 11:1 есебімен тас-талқан қылды. Финалдағы қарсылас – ...

    Read More »