• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Нұрбақыт Теңізбаев

    Нұрбақыт Теңізбаев Алматы облысы Кеген ауданының әкімі болды

    Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Кеген аудандық мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша және Алматы облысы әкімінің өкімімен Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев Кеген ауданының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі хабарлады. Нұрбақыт Молдахметұлы 1983 жылы туған. Ұлты — қазақ, білімі жоғары. «Дене шынықтыру және спорт»,«кеден ісі», «дене шынықтыру мәдениетінің оқытушысы, күрес жаттықтырушысы», «көлікті пайдалану және тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру» мамандықтары бойынша Жоғары ...

    Read More »

    Алыптар ауылдан шығады

    Жуырда Жетісу өңіріне жол түсіп барып қайтқан едік. Кезінде  Ілияс Жансүгіров өз жырларына арқау болып кестелеген Жетісу өлкесінің тұмса табиғатына сүйсініп, өзіңнің де көмейіңнен жыр суырлып шығатындай күйде боласың. Алланың нұры қонған жердің бір жаннаты дерсің. Көлікпен желдей есіп бара жатып, қазағымның кең байтақ даласына көзің тоймай тамсана қарай бересің. Бұл бір ғажап әсерлі көрініс. Талдықорған қаласына келіп табан тірегеннен ...

    Read More »

    «Іле» гандбол командасының алар асулары алда

    Гандбол – олимпиадалық спорт түрі болғандықтан, жарыстың бұл түрін дамыту өңірлерде дұрыс жолға қойылып келеді. Алдымен осы қол добы спортының шығу тарихы туралы аз-кем тоқтала кетсек. Оның пайда болу уақыты 1898 жыл деп есептеледі. Бұл спортты дене шынықтыру мұғалімі Хольгер Нильсен ойлап тапты. Бұл ойында әрбір командада жеті ойыншыдан болады. Гандбол топтық ойын, мұнда допты қолмен ғана ойнайды. Ойынның басты ...

    Read More »

    Жақсы келді дегенше — жарық келді десеңші

    Ел спортының еңсесін көтеру үшін ауыл-аймақтағы спортты дамыту керек екенін кейбір облыстар ісімен дәлелдеп келеді. Айталық, жер жанаты Жетісу жерінде ауыл спортына айырықша көңіл бөлінуде. Оған себеп, қайбір мамандық болсын өз саласының маманы болған жағдайда ғана сол саланың өресі кеңейіп, ісі оңға баса бастайды. Маман болу бір төбе, егер өзінің сүйікті мамандығына сүйіспеншілкпен қарап, белсене жұмыс істесе нұр үстіне нұр ...

    Read More »