• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Нұрбек Оралбай

    «Ол мені алдап кетті»: ресейлік боксшы Нұрбек Оралбайдан жеңілгенін мойындамады (ВИДЕО)

    Ресейлік боксшы Имам Хатаев Russian today ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Ташкентте бокстан ересектер арасында өткен әлем чемпионатында Нұрбек Оралбайдан жеңілгенін мойныдамайтынын айтты. Еске сала кетсек, қазақ боксшысы 80 келі салмақта ресейлік спортшыны жартылай финалда жеңіп, финалға шыққан болатын. – Қола медаль да үлкен жетістік қой. Алайда сіз бір сөзіңізде әлем чемпиоантына алтын жүлде алу үшін барғаныңызды айтып қалдыңыз. Әлемдік додадағы нәтижеге көңіліңіз тола ...

    Read More »

    «Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы»: Тоқаев бокстан әлем чемпиондарын құттықтады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының бас жүлдесін жеңіп алған былғары қолғап шеберлерін құттықтады. Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын! Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы!,  – деп жазылған президенттің Twitter-дегі құттықтауында. Қазақстан құрамасы ...

    Read More »

     Бокстан әлем чемпионаты: Нұрбек Оралбай финалға жолдама алды (ВИДЕО)

    Өзбекстанның астанасы — Ташкентте бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Нұрбек Оралбай финалға шықты. Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, ресейлік Имам Хатаевпен бокстасты. Екі раундта басымдық түгелдей Нұрбекте болды. Қорытынды есеп — 4:1. Енді ол 80 келіге дейінгі салмақта Қытай атынан жарысқа қатысып жатқан қандасымыз Тоқтарбек Таңатханмен алтын жүлдені сарапқа салады.   Дастан КЕНЖАЛИН, ...

    Read More »

    Бокс: бесінші күнгі көрсеткіш – екі жеңіс, бір жеңіліс

    Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының бесінші күні біздің екі атлет жеңіске жетіп, бір спортшымыз жеңіліске ұшырады. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Бүгін 57, 80 және 92 келілерге дейінгі салмақтардағы былғары қолғап шеберлері шаршы алаңды шайқады. Күндізгі сессияда 57 келіге дейінгі салмақтағы Серік Теміржанов 1/16 финалда малилік Абдул Карим Батхилимен жұдырық түйістірді. Нәтижесінде біздің жігіт ұпай санымен жеңіске жетті. Малилік боксшы осы чемпионаттың ...

    Read More »