• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: палуан

    Дзюдо: қазақ палуандары жүлде алып жатыр

    Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Оған  83 елден 500-ден астам палуан қатысып жатыр. Бүгін, дүбірлі доданың алғашқы күні қазақстандық спортшылар да татамиге шықты. Солардың арасында 44 кило салмақта Әбиба Әбужақынова деген қызымыз күресіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Тағы бір Еуропаға ел үмітін арқалап барған палуанымыз Бауыржан Нарбаев 55 кг салмақта қола медальді жеңіп алды. Бұл ...

    Read More »

    Палуан Демеу Жадыраевқа жаңа атақ берілді

    Бүгін Талдықорғанда Конфедерация Кубогы іріктеу кезеңінің ашылу салтанатында биылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, ал оның жаттықтырушылары Жұмақан Тұғанбеков пен Берік Жапсарбаевқа Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағы берілді. Сондай-ақ, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталды.    

    Read More »

    Азия ойындары қазақ күресін құшағына алды

    Осыдан 10-20  жыл бұрын қазақ күресінің Азия ойындарына кіргелі жатыр десе ешкім сенбеген болар еді. Міне, Аллаға шүкір қазағымның ұлттық күресі Азиада бағдарламасынан ойып тұрып орын алып, Алаш жұртының сан жылдар бойы арман еткен тілеуі орындалып отыр. «Қазақ күресінің Азия ойындарында не бар? Одан не ұтады?», – дейтұғын жандар да ел ішінен табылып жатты. Жалпы айтқанда, қазақ күресі өз тарихында ...

    Read More »