• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Португалия

    Қазақ азаматы «Брагалона» футбол клубының құрылтайшысы болды

    Португалиядан қазақ футболына қатысты қуанышты хабар келіп жетті. «Арландар» клубының президенті, футбол функционері Фазылбек Әбсаттарұлы Португалияның кәсіпқой футбол лигасында ойнап жүрген «Брагалона» футбол клубының құрылтайшысы болды. Бұдан кейін Португалияда футбол клубтарыңыз бар. Бұл да бір Қазақстан үшін үлкен жетістік деп ойлаймын, — деп ол сүйінші хабарды жеткізді. Футбол функционерінің айтуынша, енді Қазақстан балаларына қарт құрлықтың футболына есік ашылады. Себебі осы ...

    Read More »

    EURO-2024: Португалия құрамасы Роналдусыз рекорд жаңартты (ВИДЕО)

    Португалия құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында J тобында Люксембург командасын 9:0 есебімен жеңіп, рекорд жаңартты. Бұл матч Португалияның Фару қаласында болды.  Ойында Португалия құрамасында Гонсалу Инасиу (12 және 45-минут), Гонсалу Рамуш (18, 34) мен Диогу Жота (57, 77) дубль жасаса, Рикарду Орта (67), Бруну Фернандеш (83) пен Жоау Феликс (88) бір-бір голдан салды. Бұл матчта португалиялықтар Криштиану ...

    Read More »

    Криштиану Роналду Еуропаға оралуы мүмкін  

    Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Еуропаға қайтып оралуы мүмкін. Ол келесі футбол маусымында Германияның Бундеслигасында ойнауы мұмкін деген хабар шықты. Бұл туралы Португалияның А Bola спорт басылымына сілтеме жасаған Sport.novyny.live хабарлады. Басылымның хабарлауынша, 38 жастағы форвардқа Дортмундтың «Боррусия» клубы көз тігіп отыр. Бұл команда Чемпиондар лигасына жиі шығып жүрген клуб. Қазір Германия клубы оған ұсыныс дайындап отыр. Клубтың ...

    Read More »

    Криштиану Роналду Гиннестің рекордтар кітабына енді

    Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Исландия командасымен ойында ұлттық құрама сапындағы 200-матчын өткізді. Осылайша, ол  Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ол Кувейт футболшысы Бадер әл-Мутавадан (196) төрт матч көп ойнаған.  Роналдуға кездесу басталар алдында  200-матч өткізген әлемдегі алғашқы футболшы деген сертификат табыс етілді.  Осы ойында ол жалғыз голды салып та көзге түсті. Роналду Португалия ...

    Read More »

    Роналду жаңа рекорд жасады

    Португалия құрама командасының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық құраманың ресми матчтарында 100 гол соққан алғашқы ойыншы атанды. Ол келесі жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Португалия мен Лихтенштейн командаларының ойынында екі гол салып, дубльдің авторы атанды. Бұл кездесу 4:0 есебімен Португалияның пайдасына шешілді. Ал 38 жастағы шабуылшы айып соққысынан екінші голын салып, рекордты жаңартты. Жалпы, Роналду ұлттық құрама сапында жалпы 120 голдың авторы ...

    Read More »

    Криштиану Роналду «Әл-Наср» клубымен келісімшарт жасасты

    Португалиялық футболшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубымен келісімшарт жасасты. Қолда бар мәліметке қарағанда, келісім екі жылға жасалған. Осы келісімшартқа сәйкес, енді Роналду жарнамалық келісімдерді қоса есептегенде жылына 200 млн еуро жалақы алатын болады. Келісімшарт жаслаған соң, футболшының өзі араб клубына қатысты жақсы пікір білдірді. «Әл-Наср» клубында ойнайтыныма қуаныштымын.  Жаңа жетістіктерге жету үшін командалас достарымның қатарына қосылуға асықпын», — деді ...

    Read More »

    Криштиану Роналду күтпеген мәлімдеме жасады

    Португалия ұлттық құрама командасының шабуылшысы Криштиану Роналду келесі әлем чемпионатына қатысқысы келеді. Marca мәліметіне қарағанда, 37 жастағы футболшы 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін дүниежүзілік додаға баруға ниетті. Роналду рождество мерекесін Дубайда өткізіп, демалып, тынығып алуды ойлап отыр. Катарда өткен әлем чемпионатында Португалия құрамасы сәтсіз өнер көрсеткені белгілі. Криштиану, әсіресе, Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасының чемпион атанғанына қапалы. Сол ...

    Read More »

    Роналду Португалияның жеңілісіне қатысты ойын айтты

    Португалияның шабуылшысы Криштиану Роналду Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құраманың Марокко командасынан жеңілісіне қатысты пікір білдірді. Португалия командасы әлем чемпионатының ширек финалында Марокко құрамасынан 0:1 есебімен ұтылғаннан кейін Роналду Instagram әлеуметтік желісінде командасының жеңілісіне қатысты ойын айтты. Португалия құрамасы сапында әлем чемпионатын жеңіс алу менің карьерамдағы ең үлкен арман еді. Мен көптеген атақ алдым. Ұлттық құрама сапында талай ...

    Read More »

    Әлемдегі ең егде футболшы Еуропада ойнағысы келеді

    55 жастағы жапониялық футболшы Кадзуеси Миура Португалияның екінші дивизионындағы «Оливейренсе» клубымен қысқа мерзімді келесімшартқа отырды. Бұл туралы Nikkan Sport хабарлады. Мируа клубтың инфрақұрылымын көруге Португалияға барып та үлгеріпті. Ал келісім келесі жылдың қаңтарына дейін жасалған. Содан кейін Кадзуеси қайтадан Жапонияға оралып, «Йокогама» командасына қосылады. Миура — әлемдегі жасы ең үлкен футболшы. Ол 1990-2000 жылдары Жапония құрамасында ойнаған. Сонымен бірге футзал ...

    Read More »

    Португалияда Алан Құрманғалиев құрмет тұғырынан көрінді

    Португалияның Вила-Нова-ди-Гая қаласында үстел теннисінен WTT Youth Star Contender Vila Nova de Gaia халықаралық турнирі өтті.  Бұл сында Алан Құрманғалиев (жаттықтырушысы — Эльмира Алиева) алтын медаль жеңіп алды. Ол Натанель Абрамовты (Израиль) 3:0, Натан Артур Пилардты (Франция) 3:0, Вассим Ессидті (Тунис) 3:2, Рарес Куэсдинді (Румыния) 3:2, Адитья Саринді (Австралия) 3:2 жеңді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »